Іс – шаралар
«Таланттар мен табынушылар»

20 ақпан күні Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада оқырмандар арасында актер, режиссер, Қазақ ССР-нің халық артисі Ш. Аймановтың 105 жылдығына орай  «Таланттар мен табынушылар» атты іс-шара болып өтті.

Шарада Ш.Аймановтың айшықты рольдері мен жарқын бейнесі, ерекше даусы мен көрнекті көрінісі жиналған оқырманға экран арқылы екі тілде деректі фильмдер көрсетілді. Бүгінде Шәкен Айманов атында қазақ киностудиясы жұмыс жасап киномотография саласы дамып келеді. Әлем таныған Аймановтың айқын да асқаралы туындылары талай жүректерден орын алып бүгінге дейін өз көрермендерін жоғалтқан емес.

 
«Ұлы суретші дарыны»

2019 жылдың 9 қаңтарда Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада оқырмандар арасында өнер қайраткері   Ә. Қастеевтің 115 жылдығына орай «Ұлы суретші дарыны» атты іс-шара өтті. Суретшінің алғашқы «Тігін үстінде», «Мектепке» еңбектерінен бастап «Түрксиб», «Колхоз тойы» туындыларын оқырмандарға кеңінен таныстырылды. Іс-шараға «Ұлы суретші дарыны» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрме сөрелеріне ЖБШ, БНШ, «сөйлейтін»  кітаптар  қойылды. Оқырмандар  кітап  көрмесімен  танысып, суретке түсті

.

 
22.11.18

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада 22 қараша күні сағат 11-00-де Астана қаласының «Қазақ Соқырлар қоғамының» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Наурызбаев Алмат Сабитжанұлы қонақта болып кітапхана оқырмандарымен танысып бірқатар сұрақтарына жауап берді. Зағип жандардың мұң-мұқтаждарымен танысып, олардың ұсыныстарын жоғары билік дәрежесінде қарастырамыз деді. Қазақ Соқырлар қоғамдық бірлестіктеріне бөлініп жатқан көптеген құрал жабдықтарды іс жүзінде көріп, оларда жұмыс жасап жатқан зағип жандардың жұмыстарына іске сәт тіледі.

 
«Асқақтай бер алтын ордам - Астана»

04.07.2018 ж. облыстық арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханада елордамыз Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Асқақтай бер алтын ордам - Астана» атты мерекелік кеш болып өтті. Кешті кітапхана қызметкері Е.Бакиев және «Ерекше жандар» бағдарламасының жүргізушісі Мадина Ермаханова жүргізді. Шығармашылық кеште өмірге құштар жандардың өнері көпшілікке тарту етіліп және астанамыздың жиырма жылдығына арнайы дайындалған зағип жандардың қолынан шыққан қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырылды.

 
« Бір ел үш кітап» 2018

ОҚО арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханаға « Бір ел үш кітап» акциясы аясында Н.Келімбетовтің  «Үміт үзгім келмейді» атты хикаят - монологы  бойынша дауыстап оқулары өтті. Ауыр науқасқа шалдығып, көп жылдар бойы төсек тартып жатқан мүгедек жанның өмірге деген шексіз құштарлығы, қайсарлығы, адамгершілігі, мөлдір махаббаты сөз болды. Іс-шараға көз мүгедектер оқырмандары қатысты.

 
«Көктем аруы»

Кітапханада «Тағдырластар» клубының кезекті басқосуында «Көктем аруы» атты қыздар сайысы өтті. Мақсаты, облысымыздағы талантты зағип жанды арулардың талабын ұштап, таланттарын шыңдау. Зағип және көзі нашар көретін азаматтарға дарынды өнер иелерінің шығармашылығын тарту етіп, біліммен өнерге, шеберлік пен сұлулыққа баулып, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлау арқылы көктемдей құлпырған қыздардың шығармашылық жұмыстарын дәріптеу. Бес тапсырмадан тұратын сайысқа 5 ару қатысып таланттарын ортаға салды. Сайыс барысында Ордабасы ауданынан арнайы шақырылған қонақ жігіт Б.Жүрсінбек «Ақ бұлақ», «Үш меркі», «Сәби болғым келеді», «Дай-ди-дау», «Сегіз аяқ» атты бірнеше әндерін тарту етіп, оқырмандардың ықыласына бөленді. Сайысқа Жұмабай Лаура, Раджапова Тойгүл, Батырхан Әсел, Айнұр Смандияр, Бисен Бағжан сынды арулар қатысты. Сайыс соңында арулар «Көктем аруы», «Білімді ару», «Шебер ару», «Өнерлі ару», «Сәнді сұлу» номинацияларымен марапатталып, кітапхана әкімшілігі атынан арнайы дайындаған ақшалай сый-сияпаттарға ие болды. Өнерпаздар өзін-өзі таныстырып, өнерлерін ортаға салып, сән үлгісі мен сұрақ жауаптардан сүрінбей, үй тапсырмасын дайындап, түрлі бұйымдар мен қолөнерлер дайындап, қазыларға табыстап, жан-жақтылығын көрсете білді. Сайысты тамашалауға Кентау, Түркістан, Сарыағаш, Мақтарал, Төлеби аудандарымен қатар, №8 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының демалушылары мен кітапхананың тұрақты оқырмандары келді. Оқырмандар мен сайыскер аруларымыз кітапханашылар мен кітапханаға дән ризашылығын білдіріп, ыстық ықыластарын жүрек тебірентер лебіздерін жолдады.

 

 
"Өркениетті елдің кітабы көп болады"

Ұлыстың ұлы күні мерекесімен бірге 23 наурызда облыстық кітапханалар бірлескен "Өркениетті елдің кітабы көп болады" атты руханият фестиваліне арнайы кітапхана белсене атсалысты. Кітапхана өзі шығарған бедерлі,тактилді және үндендірілген кітаптардан кең көлемді кітап көрмесін, зағип оқырмандардың қолөнерлерінен жасақталған көрме ұйымдастырды. Оқырман мен кітаптың алтын көпірлері кітапханашылар еңбектеріңіз жансын, мерекелеріңіз құтты болсын!

 
«Тарихы - терең Оңтүстік»

(«Рухани жаңғыру» аясындағы кіші жоба)

Наурыз айының 14-күні облыстық арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханада Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы негізінде «Тарихы - терең Оңтүстік» атты кіші жоба аясында «Кітапханадағы жүздесу» өтті. Жүздесуге Қазақстан Дизайнерлер және Суретшілер одағының мүшесі, өнерлі тұлға Кендебай Қарабдалов арнайы қатысты. Таланттың өнегелі өмірі мен атқарған ерен еңбектерін қолынан шыққан құнды дүниелерін, рухани жаңғыру жолында зағип жандарға кеңінен дәріптеу арқылы, туған өлкенің біртуар перзентін ұлықтауға арналған шараға зағип және көзі нашар көретін азаматтар қатысты. Рухани жаңғыру ұлттық мүдденің өркендеуінің басты қағидасы болса оны жүзеге асыруға, зағип жандарды мол мұрамен нәрлендіруге кітапхана барынша еңбек етуде.  «Тарихы - терең Оңтүстік» атты кіші жоба аясында өткен шарадан ерекше әсер алған оқырман қауым келесі шараларға да асыға келетінін жасырмады.

Жүздесуге «Даралар мен даналар мекені - Отырар» атты ЖБШ, БНШ, «сөйлейтін» кітаптармен кіші қалыпты мүсіндерден жасалынған көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылып, насихатталды.

 
«Брайль шрифтінің қазақ алфавитінен латын қарпіне өткізу»

Оңтүстік Қазақстан облыстық зағиптар кітапханасында, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Республикалық зағиптар кітапханасының мұрындық болуымен «Брайль шрифтінің қазақ алфавитінен латын қарпіне өткізу» тақырыбында онлайн семинар өтті. Республика көлемінде бүкіл облыстық зағиптар кітапханалары ат салысты. Басты мәселе: алты нүктеден тұратын брайль шрифтін латын қарпіне ауыстыру жұмыстарын арнайы, білікті мамандар қолға алып Республика көлемінде бірыңғай етіп даярлау жайы болды.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 11 12 13 14 15 16 17 18 Келесі > Соңы >>

Страница 14 из 18

ҚР Президентінің Жолдауы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы     ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Респуб...

ҚР рәміздері

ҚР Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiр...

Против коррупции
Против коррупции

Открытый бюджет