Іс – шаралар
22.01.2026

“Халқы сыйлаған қаламгер”

(Балалар жазушысы педагог, ақын Әдібай Табылдының туғанына 100 жыл)

Бүгін Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының балалар залында , балалар жазушысы, ақын, педагог Әдібай Табылдының туғанына 100 жыл толуына орай “Халқы сыйлаған қаламгер” атты іс-шара болып өтті. Шараға Шымкент қалалық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған “Үміт” мектеп - интернатының 7-сынып оқушылары жетекшілерімен келіп қатысты.

Қазақтың көрнекті жазушысы, педагог-ғалым, балалар әдебиетінің қайраткері Ә.Табылды өмірін бала тәрбиесіне, ұстаздыққа және әдебиетке арнаған ұлт зиялысы. Оның шығармашылығы қазақ балалар әдебиетінің дамуына зор үлес қосты. Жазушының “Бөбекке сөз”, «Мен кіммін білесің бе “, «Жырлайды жүрек» т.б туындылары жас ұрпақты адамгершілікке, еңбекке, отаншылдыққа баулуды мақсат еткен. Сонымен қатар ол-педагогика ғылымдарының докторы, профессор ретінде ұлттық тәрбие мен білім беру саласында да мол мұра қалдырды. Балалар жазушының өмір тарихымен, шығармаларымен танысып, өлеңдерін оқып, әңгімелерін тыңдап көп ақпараттар алды. Кеш барысында сергіту ойындарын ойнап, сұрақ-жауап арқылы балалар ойларын ортаға салып, белсене атсалысты. Кеш соңында балаларға тәттілер үлестіріліп, суретке түсіп, көңілді тарады.

 
09.01.2026

Шымкент қалалық арнайы кітапханасында «Цифрлық кітапхана “Алматы кітап” планшеті және жасанды интеллект мүмкіндіктері» тақырыбында танымдық шара өтті.

Шара барысында қатысушылар «Алматы кітап» цифрлық кітапханасының планшет арқылы қолжетімді ресурстарымен танысып,  жасанды интеллекттің оқу үдерісін жеңілдетудегі және кітапхана қызметін дамытудағы мүмкіндіктері туралы мағлұмат алды.

Цифрлық технологияларды тиімді пайдалану, оқырмандарға жаңа форматта қызмет көрсету және заманауи білімге қадам жасау – шараның басты мақсаты болды.

Мұндай кездесулер оқырмандардың цифрлық сауаттылығын арттырып, жаңа технологияларға деген қызығушылығын күшейтеді. Арнайы кітапхана ұжымы жасанды интеллекттің жаңаша мүмкіндіктерін ашып, көрсететін тамаша Планшет сыйға тарту еткен "Алматы кітап" баспасына Алғысымызды білдіреміз

 
26.12.2025

Жаңа жылға жаңа қадам

«Тағдырластар» клубының жаңа жылдық кездесуі

Шымкент қалалық Арнайы кітапханада «Тағдырластар» клубының «Жаңа жылға жаңа қадам» атты мерекелік кеші өтті

Кешті клуб жетекшісі Ербек Бакиев ұйымдастырып, жүргізді

Алдымен кітапхана директоры Нысанбеков Ахат Қанатұлы сөз сөйлеп, барлық келген қонақтарды жаңа жылдық мерекемен құттықтап, ақ тілегін арнады

Шара барысында түрлі ойындар ұйымдастырылып, кеш қызықты сәттерге толы болды

Жыл көлемінде белсенділік танытып, клуб жұмысына тұтастай атсалысқан жандарға арнайы марапаттар мен түрлі номинациялар табысталып, бағалы сый-сияпаттар тарту етілді

2025 жыл несімен ерекше болды, қандай ұмытылмас сәттер өтті? деген сұрақтарға жауаптар айтылды

Кешке Аяз ата мен Ақшақар келіп, мерекенің шырайын кіргізіп , өнер көрсеткен оқырмандарға өз сыйлықтарын үлестірді

Шараға жиналған оқырман қауым бір-біріне жүрекжарды тілектерін арнап, қатарластарына жылы лебіздерін жолдады

Әуезді әндерді өз нақышында орындап, тәтті жырлар оқыған жастар көрерменнің мол ықыласына бөленді

Желтоқсан айында туған туған күн иелері де арнайы құттықтаулар қабыл алып, зор құрметке кенелді

Кеш соңында естелік суретке түсіп , қатысушылар мерекелік көңіл күймен тарқасты

Екі сағатқа жуық жалғасқан бұл шара жұрт есінде көпке дейін сақталары анық

Жаңа жылды жақсы көңіл күймен қарсы алуға тілектес болған кітапхана ұжымы әрбір келушіге келе жатқан 2026 жыл құтты, берекелі болсын деп ізгі лебізін арнады.

 
25.12.2025

«Қош келдің Жаңа жыл» .

Жаңа жылдық мерекелік шырша .

Жаңа жыл, ең алдымен, балалар мен бүлдіршіндерге қуаныш сыйлайтын мереке. Осы орайда, қаламыздағы көру қабілеті бұзылған балаларға арналған «Үміт» мектеп интернатының 1-5 сынып оқушыларынан құралған ерекше балаларға арналған жаңа жылдық мерекелік кешіміз болып өтті .

Іс-шараға қаламыздағы ерекше балалар ата-аналарымен бірге қатысты . Салтанатты шарада Шымкент қалалық арнайы кітапхана мен Қазақ зағиптар қоғамы демеушілік жасап, балаларды мерекемен құттықтап, Жаңа жылдық сыйлықтарын табыстады .

Кеш барысында балақайлар ертегі кейіпкерлерінің ерекше қойылымын тамашалады . Сондай-ақ, олар Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алды . Арнайы дайындалған концерттік бағдарлама барысында түрлі жаңа жылдық кейіпкерлер өнер көрсетіп, кештің сәнін келтірді .

Балалардың өнеріне тәнті болған Аяз ата мен Ақшақар оларға тәттілер ұсынды.

 
16.12.2025

Шымкент қалалық арнайы кітапханасында 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған “ Ар намысым , мақтанышым - Желтоқсан “ тақырыбында тарихи-патриоттық кездесу кеші өтті .

Іс - шара барысында “Ар намысым , мақтанышым - Желтоқсан” атты кітап көрмесі таныстырылып, қонақ ретінде шақырылған “ Желтоқсан ақиқаты “ қоғамдық бірлестігі өкілдері ПҚ “ Желтоқсан ақиқаты” РҚБ Шымкент филиалының экс-төрағасы, “Шапағат” төсбелгі иегері Ермаханов Балабек Нысанбекұлы, ПҚ “Желтоқсан ақиқаты” РҚБ Шымкент филиалы мүшесі, ҚР Құрметті сәулетшісі, “Ұлт патриоты” төсбелгі иегері Наханов Ниязбек Нұрмахамбетұлы, ПҚ “Желтоқсан ақиқаты” РҚБ Шымкент филиалы мүшесі, “Қазақстан патриоты” төсбелгі иегері Рахимов Берік Шегірбайұлы тың тарихи деректермен бөлісті.

Сондай - ақ Қаратау дәстүрлі өнер мектебінің ұстазы Бекзат Сәкенұлы әсерлі патриоттық әндерімен және Шымкент университетінің белсенді білім алушы жастары музыкалық өнерлерімен кездесу кештің мазмұнын байыта түсті.

Шара соңында мекеме басшысының атынан “Желтоқсан ақиқаты” қоғамдық бірлестігі өкілдеріне және қонақтарға белсенділік танытып өнер көрсеткендері үшін алғыс хаттар табысталды

 
13.11.2025

АРМАН ШЫҢЫ – РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНКЛЮЗИВТІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ

13 қараша 2025, Шымкент, «Көрме» орталығы

Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы мен арнайы кітапхана ұйымдастыруымен алғаш рет ерекше жандардың шығармашылық әлеуетін паш ететін «Арман Шыңы» фестивалі өтті.

Мақсаты: зағип және әлсіз көретін жандардың өнерін дәріптеу, қоғамда инклюзивті мәдениет қалыптастыру және тең мүмкіндіктерді кеңейту.

Номинациялар мен жеңімпаздар:

1. Хореография: 1 орын – Дадаева Зебо (Шымкент)

2.Әдеби шығармашылық: 1 орын – Жайынбаева Мақпал (Шардара)

3. Музыкалық өнер: 1 орын – Нұрғожаев Тоқтамыс (Түлкібас)

Қалған номинациялар мен жеңімпаздар:

4. Театр әлемі: 1 орын – Әлмұратов Мереке (Семей)

5. Тактильді өнер: 1 орын – Куатбекова Насихат (Қарағанды)

Фестиваль қатысушылары өз өнерлері арқылы сүйіспеншілік пен адалдықтарын көрсетті, ал жеңімпаздар мен қатысушылар алғыс хаттар мен естелік сыйлықтарға ие болды.

«Арман Шыңы» – инклюзивті қоғамға арналған маңызды мәдени бастама, ерекше жандарға өз қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік беретін жоба.

 
05.11.2025

«ЖҮРЕГІМ»

(Ақын, жазушы, журналист Фатима Жүнісованың шығармашылық кеші)

5 қараша күні  Шымкент қалалық арнайы кітапханада «Көңілдерде шаттық күйі шалқысын» атты сауықтыру айлығы аясында ақын, жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі Фатима Забурақызы Жүнісованың «ЖҮРЕГІМ» атты шығармашылық кеші өтті.

Кеш жүргізушісі – «Тифлология» бөлімінің меңгерушісі Ербек Бакиев.

Кеш шымылдығы Күнсұлу Тұрғынбекқызының оқуындағы «Адамдар болады» атты бейнедауыспен ашылды.

Кеш барысында Камал Тоғжан, Каринтаева Гүлбахар, Эльмира Әбжаппар ақынның жырларын оқып, көрерменге рухани сый тартты.

Ал Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, әнші Айжан Тәженова ақынның өлеңіне жазылған әндерді орындап, жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленді.

Шонтикова Тәнімгүл апай ақынға «Ана махаббаты» атты кітабын сыйлап, камзол жауып аналық құрмет көрсетті.

Кеш соңында кітапхана директоры Ахат Қанатұлы Нысанбеков ақынға алғыс хат пен дыбысталған кітаптарды табыс етті.

Мазмұнды кеш «Жүрегім» атты әнмен түйінделіп, қонақтар естелік суретке түсіп, көңілді күйде тарқасты

 
04.11.2025

«КОМПЬЮТЕРДІ МЕҢГЕРІП, КӨКЖИЕГІҢДІ КЕҢЕЙТЕ ТҮС!»

Шымкент қалалық арнайы кітапханада

«Көңілдерде шаттық күйі шалқысын»  атты сауықтыру айлығы аясында

зағип жандар арасында компьютерлік сауаттылықты дамыту  мақсатында қызықты жарыс өтті.

Компьютердің қыр-сырын меңгерген қатысушылар өзара білімдерін ортаға салып, тапсырмаларды жылдам әрі нақты орындап шықты.

Жарысты тифлопедагог Ахатаев Ғабит Жақсыбайұлы  ұйымдастырып,

қатысушылардың компьютер қолданудағы шеберлігін түрлі практикалық тапсырмалар арқылы сынады.

Белсенділік танытқан қатысушылар:

Көпжасар Ұлбике

Жасұзақ Перизат

Ташметова Анора

Олар өз білімдері мен ептіліктерін көрсетіп, үздік нәтижелерге қол жеткізді.

Жеңімпаздар сауықтыру айлығының қорытынды кешінде арнайы сыйлықтармен марапатталатын болады!

 
17.10.2025

КІТАП КЕРУЕНІ

Бүгін Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхананың балалар бөлімі «Үміт» мектеп-интернатына барып, ерекше «Кітап керуенін» ұйымдастырды.

Арнайы автокөлік арқылы балаларға тактильді, дыбысталған және Брайль қарпіндегі кітаптар таныстырылды.

Кітапханашылар оқудың маңызын айтып, кітаптың – рухани байлық пен білім көзі екенін жеткізді.

Балалар ерекше әсер алып, суретке түсіп, қуанышқа бөленді!

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Страница 2 из 23