Негізгі
Библиографқа сұрақ қойыныз
Мы в социальных сетях
«Дуэттер шеруі» (Кітапханашы мен оқырманның өнер бірлестігі) |
«Дуэттер шеруі» (Кітапханашы мен оқырманның өнер бірлестігі)
Өтетін уақыты: 5 қараша, сағ 11-00. Іс-шараның мақсаты: оқырман мен кітапханашының байланысын нығайту, күшейту. Кітапханамызда 13-ші қараша дүниежүзілік зағиптар күніне арналған бір қатар іс-шараларды өткізу, бүгінгі күнде дәстүрге айналды. Мұндай іс-шаралар жан-жақты тартымды және қызықты өтуге тиіс. Осындай іс-шаралардың бірі «Дуэттер шеруі». Іс-шараның басты мақсаты оқырман мен кітапханашының байланысын нығайту, күшейту болып келеді. Бұл бастама барша жұртшылықты қызықтырып, өзара кімнің бірінші жүлдеге ие болатындығынан гүбір-гүбір әңгімелер жүріп жатты. Әр бір жұп кітапханашы және оқырманнан құралады. Оқырман қауымына қатысушылардың барлығы таныс болғандықтан, әр жұптың өз жанкүйерлері де табылып жатты. Бұл жоба алғашқы болғандықтан, дұрыс жерлері де, бұрыс жерлері де көп болған шығар. Жобаның бас шарты бойынша, әр бір жұп кітапханашы және оқырманнан тұру керек болатын. Әр жұптың өзіндік тартымдылығы, ерекшеліктерімен ән айту қасиеті және тағы басқа көп қасиеттерімен көзге түсті. Жүргізуші бұл сайыс емес, бұл кітапханашы мен оқырманның музыка тіліндегі сұхбаты деп біліңіз деп ескертті. Олай болса, кімнің аламан бәйге аларын, кімнің алар төрелігін әділ-қазылар құзырына берілді. Әділ-қазылар құрамына келесі кісілер шақырылды: «Үміт» мектеп-интернатының музыкалық жетекшісі - Шілтерханова Т., кітапхана дыбыс режиссері - Рустембеков Р., кітапхана бөлім меңгерушісі - Туранбаева У. Бір қуантарлық жағдай қатысушылардың біразы облысымыздың, Қазығұрт, Ордабасы, Бәйдібек аудандарынан Шымкент, Сарыағаш қаласынан келді. Сахнаға шыққан өнерпаздардан өздерінің шын ынтасымен және табандылықпен дайындалғаны көрініп тұрды. Қоңыр күздің тұмырайған ауа райына қарамастан айтылған әндердің барлығы дерлік лирика тақырыбына ұштасып жатты. Бір жұп өткен кездер жайлы ән айтса, екінші жұп бір-бірін қимайтындығын айтып қоштасып жатты. Әр жұптың айтылған әнінен соң, сол жұптың жанкүйерлері шапалақ ұрып өздерінің симпатиясын жарайсың деген ұрандарымен білдіріп жатты. Әдеттегідей уақыт шіркін осылай сырғып жатты. Әп сәтте сегізінші жұптың кезегі келіп, сайыс өз мәресіне жетті. Әділ-қазылар қатысушыларға үкім шығарғанша Сарыағаш қаласынан келген 1-топтағы көз мүгедегі Сейдазимова Д. өзінің әуелеген әнімен жиналған ағайынды қазақтың жусан иісі бұрқыраған кең даласына әкеткендей етіп, әр-бір көрерменнің бойын шымырлата түсті. Облысқа белгілі әнші Тайыров Р. өзінің көңілді әндерімен көрермендердің көңілін бір серпілтіп тастады. Соңында әділ-қазылар өз төрелігімен ынталандыру сыйлықтарынан басқа, 3-ші орынды 1-ші топ көз мүгедегі Төребай Нұржанға берсе, 2-ші орынды 1-ші топ көз мүгедегі Тайтелеева Ақжүніске берді. Ал бас жүлдені қанжығасына байлаған 1-ші топ көз мүгедегі жас әнші Смандияр Айнұрға бұйырыпты. Менімше алға қойылған басты мақсат орындалған сияқты, өйткені әр-бір оқырман мен кітапханашының жұптары бір-бірінен озып өзара тамаша рухани байланыс орнаған іспетті.
|