Негізгі
Библиографқа сұрақ қойыныз
Мы в социальных сетях
| 08.09.2026 |
|
|
|
| Жаңалықтар - Іс – шаралар | |||
| Авторлар: specbib | |||
| 10.09.2026 15:43 | |||
|
«ҒАСЫР ӘЖЕЛЕР» ТОБЫ ҚОНАҚТА Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы Стационардан тыс қызмет көрсету секторының және «Ғибрат» мәдени-демалыс клубының ұйымдастыруымен тағылымы мол, тәрбиелік мәні зор кездесу өтті.Кітапханамызға Қаратау аудандық ардагерлер жанынан құрылған алты әжеден құралған «Ғасыр әжелер» тобы арнайы қонаққа келді. Әжелеріміз өздерінің өнегелі өмір жолдарынан сыр шертіп, ақыл-кеңестерімен бөлісіп, жүрекжарды тілектерін жеткізді. Кездесу барысында әсем әндер шырқалып, жылы әңгіме өрбіді.Кездесу соңында ардақты қонақтарға арнайы кітапхана директоры атынан Алғыс хат табысталып, сондай-ақ «Ғибрат» мәдени-демалыс клубының атынан арнайы сыйлықтар тарту етіліп, ақ жаулықты әжелерге құрмет көрсетілді.
|
|||
| Жаңартылған 10.09.2026 15:57 |

































