Іс – шаралар
150522 PDF Print E-mail
Жаңалықтар - Іс – шаралар
Авторлар: specbib   
23.06.2022 17:33

«Отбасы – тәрбие бастауы»

(15 мамыр - Халықаралық отбасы күні)

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында 15 мамыр - Халықаралық отбасы күніне орай   «Отбасы –  тәрбие бастауы» атты іс-шара болып өтті.  Отбасы - өмірдің тұтқасы, оттың маңайына таратар жылуы жан балқытар болғандықтан қазақтың ошағы дөңгелек үйдің ішінде болады демекші бүгінгі іс-шараға кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен отбасы жайлы ертегі қойылды. Сонымен қатар «Үміт» мектеп интернатының талантты оқушылары Сұлтан, Сымбаттың орындауында «Алтын бесік» әні орындалды. «Отбасы – тәрбие бастауы» деп бүгін Арнайы кітапхана қызметкері Абдиевтер отбасы мен  кітапхана оқырманы  Тұрламбековтер отбасы арасында «Үлгілі отбасы» сайысы қызықты, әрі тартысты өтті. Сайыста отбасы мүшелері ән айтып, би билеп, сұрақтарға жауап беріп, екі отбасыда «Үлгілі отбасы» номинациясымен марапатталды. Сонымен қатар іс-шарада кітапханамыздың өнерлі оқырманы Гүлнұр Қуатқызы І.Жансүгіровтың «Жайлау» өлеңін көпшілікке тарту етті. Іс-шара барысында біздің жас оқырманымыз Бегалы Ақбота «Асыл ана» әнін орындап отбасының  берекесі, жүрегі – ана екенін оқырман қауымға тағыда дәлелдеді. Шара соңында кітапхана директор орынбасары Бөрібекова Әдемі апайымыз қатысушыларға ақ тілегін, алғысын айтып, мадақтама грамотасын ұсынды.

Жаңартылған 23.06.2022 17:47
 
27042022 PDF Print E-mail
Жаңалықтар - Іс – шаралар
Авторлар: specbib   
16.06.2022 15:42

«Береке басы - бірлікте»

(1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні)

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында 27 сәуір күні 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Береке басы - бірлікте » атты іс-шара өтті.

Іс-шараға Шымкент қалалық «Корей этномәдени» бірлестігі мүшесі Ким Елена Александровна және «Өзбек этномәдени» бірлестігі жастар қанатының мүшесі қонаққа келді. Елена Александровна мен Хурматой Абдухамидова өз ұлттарының салт–дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын, ұлттық құндылықтарын тереңірек таныстырып берді. «Славян этномәдени» бірлестігінен келген «Светоч» хор ұжымы да өз өнерлерін жоғары дәрежеде көрсетіп шықты. Кітапхана қызметкері М. Ермаханова қырғыз тілінде «Жылқышы» әнін шырқап, зағип жандардың ойын сергітіп, өнерімен көрермен көңілін көкке көтерді. Кітапханамыздың белсенді оқырманы ұлы жүздің келіні интернационалды отбасын құрып отырған тәжік ұлтының қызы Дадаева Зебо өз тәжік ұлтының салт-дәстүрін айтып, ортада тәжік биін мың бұрала билеп берді.

Кеште «Береке басы - бірлікте» атты арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылып. көрмеге БНШ және «сөйлейтін» кітаптары, басылым беттерінде жарияланған материалдары қойылды. Кеш соңында кітапхана директорының орынбасары А. Бөрібекова келген қонақтарға үлкен алғыс айтып, өз ризашылығын білдірді. Оқырмандар арасынан аға буын өкілдері «Екі елдің ауызбіршілігі сақталып, татулық шынайы тұрақтылықтың кепіліне айнала берсін!» - деген тәтті тілекпен тарасты.

Жаңартылған 16.06.2022 15:50
 
15042022 PDF Print E-mail
Жаңалықтар - Іс – шаралар
Авторлар: specbib   
16.06.2022 15:22

«Жаралдым махаббаттан адам болып»   «Тағдырластар» клубы ғашықтар күніне арналады

15 сәуір Шымкент қалалық Арнайы кітапханада «Тағдырластар» клубының кезекті басқосуы «Махаббаттан жаралдым адам болып» атты тақырыпта өтті. Аталған жиында Жетісай ауданынан арнайы келген Лаура Жұмабай, Ирода Насирова Рустем Кенжеұлы махаббат туралы жырларды көпшілікке тарту етті. Кеш жүргізушісі Ербек Бакиев жиналған жұртшылыққа түрлі сауалдар жолдады. Көрермен арасынан белсенділік танытқан жастар қойылған сауалдарға жауап беріп, аталмыш тақырыпқа сай пікірлерін ортаға салды. Әртүрлі ойындар ұйымдастырылды. Ибрашев Мансур, Кәттабекова Гүлсара, Ажмуханова Жазира, Балнұр Сарсибекова, Арайлым Омарханова тағы басқада жастар ойындарға қатысып, бағалы сый-сиапаттарға ие болды. Бердалиев Ернар, Пернебай Жандос, тағдырлас ерлі-зайыпты Алладин Талиев пен батырхан Әсел өзге де өнерпаздар әнмен әрлеп кештің сәнін кіргізді. Аудио залда өткен аталмыш шара тақырыпқа сай безендіріліп көптің көңіліне қуаныш ұялатты. Жазушы Мырзахан Шерім, жастарды махаббат күнімен құттықтап ақ тілегін арнады. Шара соңында қатысушылар арасында жасырылған ашықхаттарды жариялап өз иелеріне табысталды. Сонымен қатар жүрекшарларды қолға алып қатысушылар естелік фотаға түсті. Келушілердің барлығына Қазақ зағиптар қоғамы қоғамдық бірлестігінің шымкент қалалық филиалының атынан бағалы сыйлықтар таратылды.

Жаңартылған 16.06.2022 15:27
 
18032022 PDF Print E-mail
Жаңалықтар - Іс – шаралар
Авторлар: specbib   
25.05.2022 15:15

«Өнерлі өкілдер» (Бастауыш ұйым өкілдерінің

облыстық байқауы)

Өмірдің ақ қарасы бар демекші біздің ортамызда қараңғылыққа мойымай, дүниенің жарқын сәттеріне құлаш ұрып жүрген азаматтар аз емес. 18-наурыз күні Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында Түркістан облыстық «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Наурыз мерекесі қарсаңында «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 85 жыл толуына орай өнерлі зағип жандардың «Өнерлі өкілдер» атты байқауы өтті. Байқау 5-турдан тұратын іс-шараға  Түркістан облысының аудандарынан зағип жандардан құралған  бастауыш ұйым өкілдерінен «Серілер» мен «Арулар» командасының 10 өкілі қатысты. Байқауға қатысушылар салт-дәстүрімізді дәріптеп өздерінің бар өнерлерін ортаға салды. Байқаудың І-орын иегері «Арулар» командасы ақшалай (50 000тг),  ІІ-орынды «Серілер» командасы ақшалай (30 000тг) иемденді.  Іс-шара қонақтары кітапханамыздың жұмысымен танысуға келген депутаттар Н.К.Бекназаров пен А.Ж.Қапбаровалар кеш барысында зағип жандармен тілдесіп олардың мұң-мұқтажын тыңдап, өз ойларын ортаға бөлісті.

Жаңартылған 25.05.2022 15:20
 
11032022 PDF Print E-mail
Жаңалықтар - Іс – шаралар
Авторлар: specbib   
25.05.2022 14:56

«Наурыз думан» келіндер байқауы

«Тағдырластар» клубының наурыз айындағы басқосуы

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада 2022 жылдың 11 наурыз күні  Л. Брайль залында көзі нашар көретін келіндер арасында «Наурыз думан» келіндер байқауы «Тағдырластар» клубының кезекті басқосуы болып өтті. Байқауға іріктелген 4 келін қатысты. Дадаева Зебо, Сыдықова Гүлзира, Мергенбаева Үміт, Бабаханова Нилуфар атты келіндер бақ сынаған байқауда 8 бөлімнен өнер көрсетті. Барлық қатысушылар «Өнегелі келін», «Білімді келін», «Шебер келін», «Супер келін» номинацияларымен диплом және қаржылай сыйлықтар мен марапатталды. Байқауға кітапхана маманы, қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Л. Абжаппарова, Қазақ зағиптар қоғамы қоғамдық бірлестігінің қалалық филиал төрағасы Е. Әділбеков, кітапхана қызметкері әдістемелік бөлім меңгерушісі Г. Ақшораева төрелік жасап қазылық етті. Байқаудың өтудегі негізгі мақсаты: Зағип және әлсіз көретін келіндердің отбасылық өмірдегі іскерлік қабілетін көпшілікке паш ету, жаңа өмірге қадам басатын өзге қыздарға өнеге етіп көрсету арқылы тұрмыстық тіршілікке бейімдеу. Тәрбиелік бағытта ұлттық салт-сананы жаңғырту аясында дәстүрді дәріптеу. Жиналған жұртшылық көрермен сайыскерлердің өнеріне тәнті болып, дайындап әкелген дәмді бауырсақтар мен түрлі салаттардан дәм ауыз тиіп естелікке суретке түсті.

Жаңартылған 25.05.2022 15:06
 
<< Бірінші < Алдыңғы 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 Келесі > Соңы >>

Страница 12 из 32