Жаңалықтар -
Іс – шаралар
|
Авторлар: specbib
|
25.05.2022 11:34 |
«Ертегілер еліне саяхат»
«Достық мектебі»
Авторы: М. Байғұт
Балаларға ертегіні көңілді қабылдауға үйрету, сахналап беруге талпындыру, кейіпкердің мінез-құлқын сезіндіру, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру, ауызекі әдебиетін сөйлеу арқылы тіл байлығын дамыту. Адам бойына жат қасиет тілазарлықтан аулақ болып, кешірімді болуға тәрбиелеу. 24 ақпан күні Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының «Ертегілер еліне саяхат» айдары аясында М. Байғұттың «Достық мектебі» атты балаларға арналған спектаклі болып өтті. Ертегі – фольклорының негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры – халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза. Ертегінің атқаратын қызметі кең: ол әрі тәрбиелік, әрі көркем эстетик. Әдеби қазына. Ертегінің бүкіл жанрлық ерекшелігі осы екі сипатынан көрінеді. Сондықтан ертегілік прозаның басты міндеті – сюжетті барынша тартымды етіп, көркемдеп, әрлеп баяндау. Демек ертегі шындыққа бағытталмайды, ал ертекші әңгімесін өмірде болған деп дәлелдеуге тырыспайды. Қазақ ертегілерінде хандық заманның шындығы сол шақтағы әдеттер мен нанымдар, салт-дәстүрлер, тұрмыс кейіпі көбірек көрініс тапқан.
|
Жаңартылған 25.05.2022 14:35 |
|
Жаңалықтар -
Іс – шаралар
|
Авторлар: specbib
|
04.05.2022 17:38 |
«Ел үмітін ақтаған, ер үмітін сақтаған – Сабыр батыр» (Сабыр Рахымовтың туғанына 120 жыл)
Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада 2022 жылы 4 ақпан қазақтың қайсар батыры Сабыр Рахимовтың 120 жылдығына арналған «Ел үмітін ақтаған ер атағын сақтаған - Сабыр батыр» атты іс-шара өтті. Шара барысында кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен «Майдан даласындағы Сабыр» атты театрландырылған қойылым көрсетілді. Сондай-ақ шараға сәйкес кітап көрмесі жасақталды. Кеште Мұхтар Ауезов атындағы мемлекеттік университеттің талантты студенттері өнер көрсетті. Шара соңында қатысқан өнерпаздарға алғыс хат табысталып, оқырмандармен бірлесіп естелік суретке түсті.
|
Жаңартылған 04.05.2022 18:14 |
|
Жаңалықтар -
Іс – шаралар
|
Авторлар: specbib
|
15.02.2022 16:27 |
Халықаралық зағиптар күніне орай Шымкент қаласы Мәдениет және Тілдерді дамыту басқармасының және Шымкент қаласы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының ұйымдастыруымен «ШамShyraq» қалалық фестивалі өз мәресіне жетті.
Екі күнге ұласқан мереке жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өмірге құштар жандарды бір марқайтып тастады.
3 номинация бойынша өнерпаздар сайысқа түсіп жеңімпаздар анықталып, ақшалай сыйлықтар табыс етілді.
Бұдан бөлек, «Тәуелсіздікке тағзым!» зағип оқырмандармен атқарылған жұмыстар, көрмесі;
—«Рухты жаңғырту, парызымыз» ҚР-ның 30 жылдығына арналып шығарылған тактильді кітаптар тұсаукесері;
— «Саусақ ұшындағы әлем» зағиптарға арналған арнайы шахмат және шашкі бойынша спорт сайысы;
—«Атадан өсиет...» көрмесіне шолу (сазды балшықтан жасалынған түрлі бұйымдар, көне музыкалық аспаптар). Этномұражай директоры Қарабдалов Кендебай Әбжаппарұлымен жүздесу;
—«Әдебиет пен өнердің шұғыласы» жергілікті ақындар-жазушылар, айтыскерлер, әншілер, композиторлармен кездесу;
—«Ізгілік мекеніндегі ашық алаң» жас тілшілер, блогерлермен сұхбат және Алматы қаласынан келген SATR.kz компаниясының зағип жандарға арналған автоматтандырылған құрылғыларымен таныстыру болды.
|
Жаңартылған 15.02.2022 17:07 |
|
|
|
<< Бірінші < Алдыңғы 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 Келесі > Соңы >>
|
Страница 13 из 32 |