«Көнені ұрпақтарға көрік еткен» (Оңтүстік тумасы, қобызшы-фарабист К.Қарабдаловтың туғанына 55 жыл) |
«Көнені ұрпақтарға көрік еткен»
(Оңтүстік тумасы, қобызшы-фарабист
К.Қарабдаловтың туғанына 55 жыл)
ОҚО арнайы кітапхана рухани және мәдени ошақ болғандықтан біз жылдық іс-жоспарда оқырмандарға өлкемізге белгілі мемлекет және мәдениет қайраткерлерімен кездесу ұйымдастырып, олардың шығармашылығымен ұдайы таныстырып келеміз. Бұрынғыны білмегеннің болашағы жоқ дегендей, халқымыздың салт-дәстүріне әдет-ғұрыптарына біздің оқырмандарымыз көп көңіл бөледі. Осындай кездесулердің бірін Қазақстан және облысымыздың белгілі мәдениет қайраткері, Суретшілер Одағының мүшесі этнограф, қобызшы-фарабист, «Алтын қыран» белгісінің иегері музыкант Қарабдалов Кендебай Әбжаппарұлын кездесуге шақырдық. Кездесу жайдан-жай ұйымдастырылған жоқ. Өйткені 1- мамыр 2014 жылында ол кісі 55 жасқа толып отыр.
Залда негізінен аға буынды оқырмандар жиналса да, оларды бұл кездесуді көптен күткендігі байқалды. Жүргізуші С. Катишев жиналған қауымға қонақты таныстырып өткен соң, орыс және қазақ тілінде К. Қарабдаловтың өмірбаянымен және оның бүгінгі таңда жеткен жетістіктері оқылды. Қонағымыз әбсатта өзінің көпшілдігімен көңілді жұмсақ әңгімесімен залды өзіне баурап алды. Кендебай ағаның өмірлік ұстанымы ол үлкен махаббат. Адам баласының жаны мен тәнінің арасында рухани үндестік болу қажет. Сонда ғана адам баласы өмірінде гармония пайда болып, ол айналасындағы барлығына игі жақсы істер істейді» - деді ғалым. Балалық шағын еске ала отырып, қонағымыз әжесінің әрдайым адам баласының көкірегі соқыр болмау керектігін айтады дейді Кендекең. Сондықтан да сіздердің көздеріңіз көрмесе де, жүректеріңіздің нұр сәулесінің сөнбегеніне сенем, дей отырып музыкант өзімен бірге ала келген аспаптарымен таныстыруды бастады. Ол кісі өз әңгімесін ұлтымыздың белді аспабы қос ішекті домбырадан бастап, оның керемет үнін және бұл аспаптың әмбебап екендігін дәлелдеп, көне әуендермен қатар орыс, украин халықтарының әндерін де тартып берді. Одан әрі музыкант бізді бірқатар әртүрлі сырнайлармен таныстыра бастады. Әуелі көне Отырар қаласының шеберлері сазбалшықтан жасаған сырнайдың өзі жасаған нұсқасын сазсырнайды ұсынды. Бір айта кететін жайт К. Қарабдалов әкелген аспаптардың барлығын көрсетіп қана қоймай олардың барлығында өзі әртүрлі әуендерді ойнап беріп жатты. Әр сырнайдың дыбысы мен даусы да сыртқы көрінісі де ерекше екен. Сазсырнайдың шыққан дауысы тыңдаушыны сонау көне заманға жетелесе, Украин халқының дудкасы тыңдаушының көңіл-күйін көтеріп, оны биге шақырғандай болады. Қамыстан және шие ағашынан жасалған сырнайлардың дауысы саңқылдаған аққу-қаздардың дауысына ұқсайды екен. Сонымен қатар оқырмандардың назарларына бамбуктан жасалған қытайдың сырнайын және үнді халқының сырнайын және немістің ауыз сырнайы көрсетілді. Қазақтың киелі қобызы да, музыканттың өмірінде үлкен орын алады екен. Ол кісі қобызды қарағаштан өзі жасайды екен және бізге сол қобызбен тамаша күй орындап берді. Әрі қарай қонағымыз зағип оқырмандарға қазақтың даңғарасын, өзбектің кепшігінің дауысын есіттірді. Бәрімізге музыканттың көрсеткен тибет монахтарының тостаған атты аспабының әсері ерекше болды. Бұл аспаптың кәдімгі тостағаннан ешқандай айырмашылығы жоқ екен. Бірақ тостаған бірнеше металдардан тұрады екен. Қонақтың айтысына қарағанда осы аспаптан шыққан үн адамның бойындағы керексіз қуаттың бәрін шығарып, космостан пайдалы қуаттарды әкелетін көрінеді. Тостағанның жақтауына кәдімгі таяқты айналдыра тигізгенде бірте-бірте күшейетін ерекше дыбыс адамды шынымен де бір сезімге бөлеп, өзіңді жеңіл сезініп қалады екенсің. Музыкантпен бірге бізде музыка әлеміне саяхат жасап әр халықтың аспаптарымен таныстық. Музыкада ешқандай шекарамен тіл жоқ дейді ғой, міне сол қағиданы бізге бүгінгі кездесу дәлелдеп бергендей болды. Сөз соңында қонағымыз өзінің мұражайы, қылует жер асты мешіті және Отырар қаласындағы пайдаланған тұрмыстық бұйымдарын жасайтындығын әңгіме етті. К. Қарабдалов оқырмандармен өзінің болашақ жоспарларымен бөлісіп, Қазақстан ЭКСПО-2017 көрмесіне үлкен дайындық үстінде екенін жеткізді. Баршамыз осы кездесуден үлкен рухани әсер алып, сонау көне заманына саяхат жасағандай болып қайттық. «Көнені ұрпақтарға көрік еткен» атты көрме ұйымдастырылып, көрме сөрелеріне көне отырардан шыққан К. Қарабдаловтың қолынан шыққан саздан жасалған бұйымдар қойылды.
(ОҚО арнайы кітапханасының тифлобөлімінің меңгерушісі С.Катишев)
|
«Алтын бесік арқалаған арқалы ақын» (Ақын Ә.Аймақтың туғанына 60 жыл) |
«Алтын бесік арқалаған арқалы ақын»
(Ақын Ә.Аймақтың туғанына 60 жыл)
Біздің негізгі жұмысымыз зағип оқырмандарға әдебиетті дәріптеу болғандықтан, әдеби тақырыптармен жергілікті жазушыларға көп көңіл бөліп оларға байланысты атаулы күндерді жұмыс жоспарына міндетті түрде енгіземіз. Осындай тақырыптың бірін ОҚО жазушылар одағының төрағасы ақын Әбілдә Аймақтың 60 жылдық мерей тойына орай әдеби-сазды «Арқалы ақын» кеш өткіздік. Әрине, бұл кешке жазушының өзі сондай-ақ жергілікті газет тілшілерімен әдебиет десе ішкен асын жерге қоятын оқырмандар келді. Біз осындай іс-шараларды оқырмандардың өздерінің жүргізуін үрдіске айналдырып жатырмыз. Бұл тәсіл өзінің көптеген жақсы жақтарын береді екен. Бұл жолы да осы кештің жүргізушілері етіп жас ақын Е.Бакиев және прозаға енді қалам тартып келе жатқан жазушы М. Ермаханова.
Мұндай шығармашылық кештерге біздің оқырмандарымыз аса құмар. Оның дәлелі әрбір зағип оқырмандарымыздың серігі дыбысталған кітап. Жазушы орнына отырғаннан бастап оқу залы бірденнен тыныштала қалды. Жүргізуші жиналған жұртқа ақынның 60 жылдық мерейтойы екенін айтып, әдемі тілектермен өрнектеп құттықтады. Ал жүргізуші М.Ермаханова ақынның балалық шағын оның әдебиетке қалай келгендігін және шабыттың қай кездерде келетінін айтып беруін өтінді. Әбекең залды өзінің қарапайымдылығымен тарта отырып «Менің балалық шағым кәдімгі ауылдағы көп қазақ балаларының өміріне ұқсас» деп бастады қонақ. «Мені анам ошақтың басында отырып босана салған екен, әкем кәдімгі қарапайым жұмысшы». Ауылда сегіз кластық мектепті бітіріп, еңбек жолымды он алты жасымнан бастадым. Мен тракторшы да, мақташы да, тас қалаушы да болып жұмыс істедім. Бірақ өлеңге деген құмарлық пен құштарлық ешқашан кеткен емес. Әкем қатал кісі болатын. Ол маған үнемі ойнап жүрген жерімнен үйге әкеліп кітап оқытып қоятын. Сол кітапқа деген махаббат күні бүгінге дейін өшкен емес». Оқырмандар кезекпен әртүрлі сұрақтар қойып жатты. Біреулері тегіңізді айтып беріңіз десе, біреулері алдағы шығармашылық жоспарын сұрап жатты. Сондай-ақ жеке сұрақтармен қатар ақынның жүргізіп отырған қоғамдық жұмыстары жайлы сөз қозғалды. Мәселен С. Катишев: «Сізді біздің қоғамымызда не алаңдатады және қазақ әдебиеті туралы ойыңызды көпшілікпен бөліссеңіз?» оған Ә. Аймақ: «Біздің еліміз Тәуелсіздік алғанымен меніңше біз әлдеде болса рухани Тәуелсіздік ала алмай жүрміз. Шекпенді шенеуніктер көбінесе орыс тілінде жауап береді. Тіліміз әлдеде шұбар деп қынжылды ақын. Ал қазақ әдебиетіне келетін болсақ, біздің әдебиетіміздің болашағы зор. Себебі, жас ақындармен жас прозаиктар жетерлік. Өкінішке орай, бізді яғни жазушыларды мемлекет қаржыландырмайды, сондықтан да жазушылардың өз қаржысына шығарылған кітаптары облыстың көлемінен аса алмауда».
Одан әрі жүргізушілер сұрақ-жауаптың арасындаақынның жырларын оқып және Ә. Аймақ туралы Ф. Оңғарсынова, Т. Молдағалиев сынды белгілі қаламгерлердің пікірлерін беріп отырды. Аталмыш ақын жүзден астам әндерге сөз жазған. Сондықтан келген қонақтың құрметіне Р. Тайров Ә. Аймақтың сөзіне жазылған «Қайтер едім» әнін орындап берді. Қонақ құрметіне күйлер орындалып, ақсақалдармен үлкен апаларымыздың тілектері айтылып жатты. Кездесу соңында ақын зағиптарды бұрыннан білетінін оларға талай жеңгесінің орнына кітап оқып бергендігін әлде де байланысымыздың тығыз болатындығын айтып өтті. Кітапхана әдіскері Ұ. Тұранбаева өз сөзінде жазушыға кітапхана ұжымының атынан рахметін айтып, оған дайындалған сый-сияпаттармен кітапхана күшімен шығарылған «Жүрегімде өнген сөздің дәні бұл...» атты кітаптың аудио және жазық басылымдарын тарту етті. Әдеби кеш қызықты да тартымды өтті.
(ОҚО арнайы кітапханасының қызмет көрсету бөлімі )
|
|
«Мен ғарышкер боламын» (12 сәуір ғарышкерлер күніне орай) |
«Мен ғарышкер боламын»
(12 сәуір ғарышкерлер күніне орай)
Оңтүстік Қазақстан облыстық арнайы кітапханада 12 сәуір ғарышкерлер күніне арнап бірқатар іс-шаралар өткізілді. Солардың бірі «Үміт» мектеп-интернатының оқушыларымен «Мен ғарышкер боламын» өткізілген. Іс-шараның басында тифлобөлім қызметкері Л. Абжаппарова іс-шара көрнекі құралдармен, көрмелермен кеңінен таныстырып, әңгімелеп берді.
12 сәуір - Ғарышкерлер күні турасында, алғаш ғарышқа ұшқан адам Ю.А. Гагарин, В. Терешкова және Қазақ ғарышкерлері Т. Әубәкіров пен Т. Мұсабаев жайында ғұмырнамалық деректер айтылды. Әлемдегі теңдесі жоқ «Байқоңыр» ғарыш айлағы, Халықаралық ғарыш станциясы, ғарыш зондтары, обсерваториялар, телескоптар, ғарыш станциялары жөнінде сөз қозғалды.
Күн жүйесі, ғаламшарлар, аспан денелері жайында сұрақ-жауап түрінде мәлімет алмасу ретінде өтті. Астронафтика және Ғарыш тақырыптарында викториналық сұрақтар қойылды.
Ұлы ғалымдар К. Циолковский, Д. Гленн, А. Шепард жайында түрлі мәліметтер берді. Кітапханашы Л. Абжаппарова танысқан жаңа тақырып жөнінде сұрақтар қойып, түсінік айтып беруді сұрады. Балалардың астронафттар туралы мәліметті қызығып тыңдағаны сонша, ауызба-ауыз әсерленіп қайталап берді.
Іс-шара соңында сөз балалардың өздеріне берілді. Балалар өздерін қызықтыратын талай сұрақтарға жауап алды. Өздерінің алдағы қойған мақсаттары жөнінде, рухани құндылықтар, өмірдегі алғашқы қиыншылықтар мен жетістіктер сияқты келелі тақырыптарды балалық қиял мен арман арқылы қозғады..
Сайра бұлбұл көкейден ән төгілсін,
Жырға бөле қазақтың әр төбесін.
Байқоңырдан тік ұшқан ғарышкерлер,
Көтерсін қазағымның мәртебесін! – деп, Ғарышкерлер күніне арналып өткізілген танымдық іс-шара өз мәресіне жетті.
Оқу залының төрінде «Мен ғарышкер боламын» деп аталған көрме дайындалған. Көрмеге ғарыш әлемі, ғарышкерлер, ғаламшарлар, күн системасы жайында жазылған кітаптар мен жасөспірімдерге арналған кітапшалар қойылды. «Ғарыш әлемі» деп аталған екінші көрмеге ракета, ғарыш кемелері, зымырандар және «Байқоңыр» ғарыш айлағының кіші қалыпты мүсіндері мен бедерлі-графикалық көрнекті құралдар қойылды.
(ОҚО арнайы кітапханасының тифлобөлімінің кітапханашы Л.Абжаппарова
|
«Наурыз мерекелі, жыл берекелі болсын!» (22-наурыз мейрамы) |
«Наурыз мерекелі, жыл берекелі болсын!»
(22-наурыз мейрамы)
Ұйымдастырушылар: Қызмет көрсету бөлімі
Іс-шараға қатысушылар, саны: 57 оқырман
Өтетін орны: Тифлозал
Өтетін уақыты: 19 наурыз, сағ 11-00.
Іс-шараның мақсаты: кітапханаға оқырмандарды шақыру
Әз Наурыз қыстан қысылып шығып күн мен түннің теңескен және барлық Шығыс халқы көптен күтетін ұлы мейрам. Сондықтан-да біз іс-жоспарымыздың бір күнін осы мерекеге арнауды жөн көрдік. Көбінесе біздің оқырмандарымыз аға-буынды немесе үйінде жұмыссыз отырған зағип жандар. Сондықтан да олар кітапхананың жұмыс күні басталысымен-ақ оқырмандар ағылып келе бастады. Тифлозалы көңілді гүбір-гүбірге толып, бірін-бірі сағынысып қалған зағиптар бір-бірімен арқа-жарқа амандасып сөйлесіп жатты. Біз өз жұмысымызда әрқашан жас мамандарды тартып отырамыз. Сондай болашақ маманның бірі М. Әуезов атындағы университеттің түлегі Ябаева Жанарға осы іс-шараны жүргізу тізгінін бердік. Өзінің тартымды қоңыр даусымен Жанар зал аудиториясын бірденнен өзіне тартып алды. Мерекелік сәлемдесуден соң Наурыздың шығу тарихы осы кездегі әзірленетін тағамдарды, қазақ халқының салт-дәстүрлерін айтып өтті. Сахна төріне өзінің ақ батасымен Қыдыр ата шығып жиналған жамағатқа тілегімен аталық өсиетін айтып кетті. Сонан-соң ортаға арнайы кітапхана директорының орынбасары Б. Нұрманбетов шығып жұртшылыққа ұжымның және әкімшіліктің атынан ақ тілектерін білдірді. Біз оқырманға тосынсый ретінде «Сүйінші» продюсерлік орталығының ұжымын шақырған болатынбыз. Сондықтан жүргізуші одан әрі қарай микрофонды сол орталықтың директоры Сапарбаев Ермахан Тілеулесұлына ұсынды. Өз сөзінде қонақ ұжымдарымен таныстырып, жиналған апалар мен аталарды және қызғалдақтай қыздарды көктем мерекесімен құттықтады. Сахнаға шығып, осы ұжымның әртістері Гүлшат Ахметова және Нүргүл Мырзахметовалар баян мен домбыраны үндестіріп «Тобылғы сай», «Ай, қаракөз», «Көзіңнің мөлдірін-ай» секілді қазақтың халық әндерін әуелетті. Өз кезегінде Ермахан залды әдемі әзіл-әжуа әңгімелерімен езу тартқызып, қазақтың ақиық ақыны М. Мақатаевтың «Бақыт деген немене» сияқты өлеңдерін оқып наурыз кешін керемет туындылармен көмкеріп отырды. Қамкөңіл жандардың арасында кейбіреу көздеріне жас алып жатса, ал кейбіреуі «Жарайсың, жарайсың» деген сөздермен шапалақтарын ұрып отырды. Мереке дәстүрлі Наурыз көжесімен дәм татумен жалғасып, оқырмандарға шағын дастархан жайылды. Дастархан үстінде «Сүйінші» продюссерлік орталығының дайындап әкелген шағын сыйлықтары тарқатылып, осы ұжымға арнап қарияларымыз ризалығын білдіріп жатты. Қаламызда айта кететін жай І-топтағы көз мүгедегі кәсіпкер Сыздықов Жұманәлі бауырымыз әр мереке сайын бізге қолдау көрсетіп отырады. Бұл жолы да Жұмекең құр қол келмепті. Тағдырластарына жайылған дастарханға тәтті тағамдарымен сусындарын қойып, ақ жаулықты аналарымен ағаларына шын жүректен шыққан ақ тілегін білдіріп жатты. Кеш соңында ҚСҚ құрметті мүшесі сексенді алқымдаған Сопбеков Оңалбек ақсақал келген қонақтармен оқырмандарға ақ батасын беріп, «Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын, Қайда барсаң жол болсын» деген тілектерімен барлығы қол жайысып аумин деп жатты. Кеш тартымды, көңілді болып өтті. Іс-шараға «Наурыз мерекелі, жыл берекелі болсын» атты көрме ұйымдастырылды. БАҚ өкілдері келді.
|
|