Сенсорлық бөлме

 

Сенсорлық бөлме (психолог маманмен қарым-қатынас жасау, сергу, «снузмин» бөлмесі

яғни (голланд тілінен аударғанда «қалғу» (мүлгу), мультисенсорлық – бұл түрлі

ынталандыру түрлерімен толықтырылған қоршаған ортаны ерекше көркемдеп

ұйымдастырылған бөлме. Бөлменің аурасы көру, есіту, иіс сезу, түйсіну т.с.с. мүшелерге

әсер етеді.

Сенсорлық бөлмеден түрлі мамандармен қарым-қатынас тек бұлшық ет ширығуының

ғана емес, сонымен қатар сезімдік қобалжудың алдын алуға мүмкіндік береді,

психикалық процестерді дамытуды жеделдетеді, сезім арқылы түйсінуді, қол

саусақтарының сезінуін реттейді.

Қандай да бір сенсорлық жүйе үстем болғанымен қоршаған ортаны танып білуде көзінде

кемістігі бар адамдар үшін түрлі талдағыштардың өзара әрекетін және олардың

бейнелерді қалыптастыру процесінде өзара әсерін қамтитын күрделі ұйым болып

табылады, ал бейненің өзі жеке ғылыми психологиялық ұғымның қуатты жиынтық

«орталығы» және түйсіну, ұғыну, аңғару, ойлау түрінде қоршаған ортаны танып білуді»

көрсетеді.

Сенсорлық жүйе адамға сезімдік танымды іске асыруға, қоршаған орта туралы

мәліметтер алуға мүмкіндік беретін сезімдік мүшелер немесе талдағыштар жүйесі

ретінде белгіленеді.

Көру, есіту, иіс сезу және басқа да сезім мүшелері түйсіну, ұғыну, аңғару түрінде

сезімдік танымның құрамына енеді және оның құрылымын сипаттайды. Әрбір талдағыш

жүйеге ене отырып бүтіндей жүйенің әрекет әсерін қабылдайтындықтан, көру қабілетінің

ауытқуы немесе толық көру қабілетінің жойылуы болсын олардың өзара әрекеті мен

талдағышаралық байланыстарын өзгертеді.

 

Сенсорлық кабинет не үшін қажет

Сенсорлық бөлмедегі ойындар өте белсенді және тынымсыз балаларда жақсы сезімдік

күйдің масаттану, таңдану, қуану сияқты қабілеттердің қалыптасуына әсер етеді. Сіздің

балаңызға сенсорлық бөлме не үшін қажет. Сиқырлы бөлмеде ойнаймыз және оқимыз –

балаларды ерте бастан дамыту топтары...

 

Сенсорлық бөлмеде нелер болады?

Психологиялық сергітудің сенсорлық бөлмесі – бұл түрлі ынталандыру түрлерінен

тұратын,  жұлдызды аспан немесе сарқырама және көпіршікті тізбек сияқты әсер

ететін  қоршаған орта.  Сенсорлық бөлмедегі мұндай жабдықтар адамның

психологиялық жағдайына үлкен жағымды  әсерін тигізеді. Сенсорлық бөлмеге

ересектер әсіресе балалар немқұрайды қарай алмайды.Қазіргі психологиялық

тәжірибеде сенсорлық бөлме ересектердің сергуі мен демалысы үшін,  ал

балалардың тірек-қозғаушы аппараттарына жақсы қолдау көрсету үшін

пайдаланылады. Сондықтан сенсорлық бөлмені психологиялық сергіту бөлмесі

деп атайды. Сенсорлық бөлмелер ақыл-ойдың дамуына жағымды әсер етеді,

сезімдік әсерді үйлестіреді және  ізденуге  деген ынталарын арттырады.

Оқу орындарында және балалар бақшаларында  сенсорлық бөлменің жанында

психолог маманы болуы қажет. Психолог балалардың ойларына дұрыс  бағыт

береді. Жағымды сезімдік әсерлердің арқасында өзінің денесін  дұрыс

шынықтырып,  психологиялық белсенділігін арттыруға көмектеседі. Егер

сенсорлық бөлме сауықтыру  немесе оңалту мекемесінде бар болса, онда психолог

кабинеті ауадай қажет. Адамдарды  сауықтыру  кезеңінде психолог олардың қалай

дұрыс  сергуіне және өмірге психологиялық қалыпты, сабырлы болып оралуына

бағыт-бағдар  береді.Психологиялық сергітудің сенсорлық бөлмесі өз орнын тек

балалар және сауықтыру мекемелерінде ғана емес, сонымен қатар жұмыстары

жоғары психологиялық және сезімдік  қысыммен байланысты кәсіпорындарда да

үлкен сұраныстарға ие (мәселен, диспетчерлер  және  осы тәрізді мамандықтар).

Мұндай мекемелерде де сергіту бөлмесінің жанында психолог кабинеті болуы қажет.

Ең алдымен,  психолог күйзеліс жағдайынан шығып психологиялық сергітудің

сенсорлық бөлмесінде өз күш-қуатын қалпына келтіруге көмектеседі.

Дұрыс жабдықталған сенсорлық  бөлмелерде  жеке, сондай-ақ топтық сабақтар

өткізуге болады.

Сенсор

лық бөлмеде өткізіле

тін іс-шаралар

2014 ж.

«Орнаттым алтын сөзбен сұлу сарай»

(Ақын І.Жансүг

іровтың туғанына 120 жыл)

Әнгіме

Ересектер

10 оқырман

4

шілде

Н.Тұяқ

баева

С.Кати

шев

«Фариза – поэзия сандуғашы»

(Ақын Ф.Оңғарсынова

ның туғанына 75 жыл)

Поэзия

лық кеші

Ересектер

10 оқырман

22 желтоқ

сан

Л.Аб

жаппа

рова