Абай

Құрастырушыдан

 

ОҚО көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы Абай Құнанбаевтың

165 жылдығына арнап ұсынылып отырған библио-графиялық көрсеткішті дайындады.

Көрсеткіштің бірінші жартысына қазақ тіліндегі,

екінші жартысына орыс тіліндегі материалдар енгізілді.

Көрсеткіште  арнайы кітапхана қорындағы мате-риалдар жинағы беріліп отыр.

Библиографиялық көрсеткіште ақынның өмірі, шығармашылығы, афоризмдері, нақыл сөздері, жазық баспалы, бедерлі нүктелі, үндендірілген әдебиеттер, мақалалар тізімі берілген.

Көрсеткіште әдебиеттер алфавит бойынша орналас-тырылған.

Көрсеткіш ғылыми қызметкерлерге, әдебиетшілерге, кітапханашыларға, мұғалімдерге, студенттерге, оқушыларға және кең оқырман қауымға арналған.

 

Кемел ақын, Кемеңгер ойшыл

Абай Құнанбайұлы

(1845-1904)

Абай  Құнанбайұлы  Семей облысы, Абай ауданында, Шыңғыс тауында  дүниеге келген.  Абай атақты тобықты руының Ырғызбай деген тобынан тарайды.

Абай қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлға, маңдай алды ақын екені, таңдаулы туындылары дүние жүзі поэзиясының озық үлгілерімен деңгейлес тұрғаны – білген адамға айқын шындық. Сан ғасырлық бай поэзиясы, ел қамын жоқтаған жүз-деген өрен жүйрік жырау, жыршы, ақындары бар қазақ әдебиетінде Абай орны ерекше.

Абай қазақтың жаңа реалистік жазбаша әдебиетінің негізін салды. Абайдың ақындық дарыны аса қуатты және сан қырлы. Ол – керемет суреткер ақын және сыршыл лириканың сирек кездесетін шебері. Сонымен бірге, Абай-ды ойшыл ақын дейміз.

Абай жолы  - хақ жолы

Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыз-дың  ғасырлар  бойы  маңызын  жоймайтын   рухани қазынасы.

Ақынның дүниеге келгеніне бір жарым ғасырдан, ал өзінің мәңгі өлмес шығармаларымен халқына сөздің ұлы мағынасында ұстаздық ете бастағанына бір ғасыр-дан астам уақыт өтті. Содан бері оның артына қалды-рып кеткен мұрасы елі мен жұртының рухани өмірін-дегі қай бұрылыстар мен қай құбылыстар  тұсында да айнымас темірқазық, адастырмас құбыланама болып қызмет етіп келеді.

Бұл күнде Абай сөзі әр қазақтың ағзасына ана сүті-мен бірге дариды десе, артық айтылғандық емес. Ана сүті тән қорегі ретінде жас сәбидің буыны бекіп, бұға-насы қатаюына қызмет етсе, Ақын сөзі оның санасына адамдық пен азаматтықтың ұрығын сеуіп қызмет етеді. «Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол, халқыңа қызмет ет, еліңнің көсегесін көгерт» деген имандылық ереже-сін әр кезеңнің жас ұрпағы бұдан былай санасына Абай қазынасының  нәрлі  бұлағынан  сіңіретін  болады.

Азаматтықтың үлкен жолындағы өзінің алдынан көл-денең тартылған әрбір сұраққа ол тиісті жауапты ең алдымен Абай мұрасын іздеп, Абай даналығынан таба-тын болады.

Абай өмірінде шын мәнінде пайғамбарлық сипат бар еді. Оның қаламынан туған қастерлі жыр, оның дана-лығынан туған ұлағатты сөз халқымыздың рухани

 

қажетіне өзінен кейін ғана жаратыла бастады. Оның алып тұлғасы ақын дүниеден өтіп кеткен күннің

ертеңінде - ақ замандастарының күнделікті тіршілігінің деңгейінен биікке бірден көтеріліп шықты да, уақыт өткен сайын зорая берді.

Оның атағын көтеріп әкеткен ғасырымыздың елең-алаңында ел өміріне жыл басындай жаңалық әкеліп, қалың ұйқыда жатқан халқының санасына сәуле түсір-ген бір топ зиялылар  еді. Солардың ішінде ең бірінші «бісмілләні» айтқан, сол шоғыр топтың ішіндегі шоқ-тығы биік басшысы, туған халқының елдік тәуелсіздігі мен рухани бостандығы жолында Алаш туын көтеріп шыққан қайраткерлердің топбастары –  Әлихан Бөкейханов болды.

Ол кісінің Абай атын естіп, шығармаларымен таныс болуы және олар жөніндегі ғылыми пікір айтуы тіпті ақынның көзі тірісінде басталған.

Ақын мұрасы – халқымыздың сарқылмас асыл қазынасы. Ол  адам тіршілігінің сан саласын қамтып, бүгінгі мен болашақты ұштастырған өміршеңдігімен, әмбебап әрқилылығымен  қымбат. Халық тарихи дамудың қаншама асуларынан асып, қандайлық биігіне көтерілсе де, Абай аты мен Абай сөзі әрдайым оның аузындағы жыры, көкірегіндегі иманы, санасындағы ожданы болып қала береді.

Абай ақындығының тарихымызбен бірге жасайтын ұлы тағылымы да -  осында.

 

 

АБАЙ  АФОРИЗМДЕРІ

Адам – тәрбие нысанасы

***

Адамзатқа не керек:

Сүймек, сезбек, кейімек.

Харкет қылмақ, жүгірмек,

Ақылмен ойлап сөйлемек.

***

Пайда, залалды айыратұғын қуаттың аты – ақыл...

***

Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата,

жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.

***

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боласың елден бөлек.

***

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті,

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

 

***

Бес нәрсеге асық бол...

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой –

Бес асыл іс көнсеңіз.

***

Атымды адам қойған соң,

Қайтып надан болайын

***

Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез

деген нәрселермен озады.

 

Жастық пен кәрілік

***

Жас уақытта көңіл гүл.

 

***

Жастықтың аты арындап,

Тас қияға өрледің.

 

***

Жастықта көкірек зор, уайым жоқ.

 

Ойын –күлкі, әзіл-оспақ

***

Жастықта бір күлгенің мың қаралық.

***

Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат.

 

 

Еңбек - бәрін де жеңбек

***

Еңбек қылмай тапқан, дәулет болмас,

Қардың суы секілді тез суалар.

 

***

Егер де мал керек болса, қолөнер үйренбек керек...

Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі – қазақтың төресі мол.

***

Егер ісім өнсін  десең – ретін тап.

***

Еңбек – қуаныш, жалқаулық айырылмас азап.

 

***

Еңбексіз мал дәметкен –қайыршылық.

 

***

Еңбек қылсаң қара жер де береді, құр тастамайды.

 

***

Жұмысы жоқтық,

Тамағы тоқтық,

Аздырар адам баласын.

***

Сақалын сатқан кәріден,

Еңбегін сатқан бала артық.

***

...еңбек қылмас еріншек –адам болмас.

 

***

Орынды іске жүріп ой таппаған,

Не болмаса жұмыс қып, мал бақпаған.

Қасиетті болмайды, ондай жігіт,

Әншейін құр бекерге бұлғақтаған.

 

***

Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

 

Шешендік. Сөз өнері. Тіл мәдениеті

***

Шешеннің тілі,

Шебердің бізі.

 

***

Тіл өнері –дертпен тең.

 

Махаббат, Отбасы, Бала

***

Адамшылықтың алды –махаббат, ғаделет сезім.

 

***

Махаббатсыз – дүние бос,

Хайуанға оны қосыңдар.

***

Махаббат - әуелі адамның адамдығы, ғылым деген нәрселермен байланысты.

 

***

Құдай-ау, қайда сол жылдар,

Махаббат, қызық, мол жылдар?!

 

***

Әйел сұлу болмайды көркіменен,

Мінезіне көз жетпей, көңіл бөлме.

 

***

Баланың жақсысы –қызық, жаманы –күйік.

***

Сүйер ұлың болса сүй,

Сүйінерге жарар ол.

***

Нәресте анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады.

Біреуі –ішсем, жесем, ұйықтасам –бұлар тән құмары.

Екіншісі білсем деген, не көрсем, соған талпынып...

Көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап тыныштық көрмейді –мұның бәрі жан құмары.

 

Мінез – жанның  айнасы

***

Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам

мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім.

***

Дүниеде жалғыз қалған адам –адамның өлгені.

Қапашылықтың бәрі соның басында.

Әділдік, ар-ұят

***

...кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы жоқ.

***

Кімде-кімнің әділеті жоқ болса, оның ұяты да жоқ.

 

***

Нысап, ұят –бұл ғаделеттен шығады.

 

***

Адал еңбекпен мал іздемек – ол арлы адамның ісі.

 

***

Ұят деген адамның өз бойындағы адамшылығы...

 

Кішіпейілділік пен қарапайымдылық

 

***

Жасанды кішіпейілділік – жақсы қасиет емес.

 

Мақсаткерлік пен жігерлілік

***

Мықтымын деп мақтанба ақыл білсең,

Мықты болсаң  өзіңнің нәпсіңді жең.

***

Әрбір ақиқатқа тырысып, ыждаһатыңмен көзің жетсе, соны тұт, өлсең айырылма. Өзің құтметтемеген нәрсеге өзгеден қайтіп құрмет күтесің?

***

Азат басың болсын құл,

Қолдан келмес іске ұмтыл.

***

Тоқтаулылық, талапты, шыдамдылық,

Бұл – қайраттан шығады білсең керек.

Ақымақтық пен ақылсыздық

***

Ақылсыз шынға сенбей, жоққа сенбек.

Мақтаншақтық пен тәкаппарлық

***

Мақтау –жел сөз, жанға қас,

Қошеметшіл шығарған.

 

***

Өзі өзгеше боламын демектің түбі – мақтан. Әрбір мақтан біреуден асамын деген күншілдікті бітіреді, күншілдік күншілдікті қозғайды.

 

Еріншектік пен жалқаулық

***

Еріншектік күллі дүниедегі өнердің дұшпаны.

 

***

Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады.

 

***

...Әрбір жалқау кісі –қорқақ... надан, арсыз келеді.

Мінездің басқа да міндері

 

***

...өзі-өзі өзгешелікпен артық көрсетпек адамдықтың құнын, гүлін бұзады.

 

***

Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық,

Аздырар адам баласын.

 

***

Тұрлаусыздың қолынан не келеді!

Ынтасыз қайтіп өнер үйренеді?

***

Бес нәрседен қашық бол:

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ.

***

Жаман дос – көлеңке, басыңды күн шалса қашып құтыла алмайсың, басыңда бұлт шалса іздеп таба алмайсың.

 

***

Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: әуелі –надандық, екіншік –еріншектік, үшінші –зұлымдылық.

 

***

Бойда қайрат, ойда көз,

Болмаған соң, айта сөз.

***

Залымдық – адам баласының дұшпаны.

***

Жүректе оты жоқ,

Адамда ми болмас.

 

***

Қулық саумақ, көз сүзіп,

тіленіп адам саумақ- өнерсіз иттің ісі.

 

***

Адамның баласының ең жаманы – талапсыздық.

***

Наданның сүйгені көп пен дүрмек.

Кітап  - білім бұлағы

***

Артық ғылым кітапта,

Ерінбей оқып көруге.

 

Дүгние де өзі, мал да өзі

***

Талап қыл артық білуге,

Артық ғылым кітапта,

Ерінбей оқып көруге.

***

Ғылымды үйренгенде ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек... Дүниенің ғылымын білмей қалмақтық-бір үлкен зарарлы надандық.

 

***

Еждаһатсыз, михнатсыз,

Табылмас ғылым сарасы.

***

Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тез қолға түседі.Шала мейір шала байқайды.

 

***

...білгені, көргені көп адам білімді болады.

 

***

...білім- ғылым табылса, дүниенің бір қызықты нәрсесіне де керек болар еді деп іздемеске керек.

***

Бір ғылымнан басқаның,

Бәрі де кесел асқанға.

***

Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз...

Сізге ғылым кім берер,

Жанбай жатып сөнсеңіз.

 

Өнер, мәдениет пен әдебиет

***

Өзгеге түгіл өзіңе пайдасы жоқ

Есіл өнер қор болып кетер түзге.

***

Мал жұтайды, өнер жұтамайды.

 

Музыка, ән, жүрек тілі

***

Көңілім әнді ұғады,

Жүрегім бойды жылытып.

***

Құр айқай бақырған,

Құлаққа ән бе екен?

Өнерсіз шатылған,

Кісіге сән бе екен?

***

Өзгеге көңілім, тоярсың

Өлеңді қайтіп қоярсың?

Оны айтқанда толғанып,

Іштегі дертті жоярсың.

***

Әннің де естісі бар,есері бар,

Тыңдаушының құлағын кесері бар.

Ақылдының сөзіндей ойлы күйлі,

Тыңдағанда көңілдің өсері бар.

 

***

Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,

Әннің тәтті оралған мәні оятар.

***

Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй.

Шабыт. Творчество. Өнер саңлақтары

***

Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,

Ол –ақынның білімсіз бишарасы.

 

Ұстаздық еткен жалықпас

Адамның адамшылығы... жақсы ұстаздан болады.

 

***

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға.

 

 

Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп

Нақыл сөздер

***

Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады.

***

Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақшылық.

 

***

Егер жаманшылықты көп қылған болсаң, балаңның оқыған құраны сені неге жеткізеді?

***

Баланың мал табары болады, мал шашары болады.

 

***

Өзің мал таба алмасаң – балаң мал тапсын.

 

***

Анттың, серттің, адалдықтың, ұяттың бір тоқтаусыз кеткені ме?!

 

***

Иман – парыз

 

***

Иман сақтауға –қорықпас жүрек,

айнымас көңіл, босамас буын керек.

***

Тірі адамның жүректен аяулы жері бар ма? Рақымдылық, мейірбандылық, әр түрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді демек – бұлар жүрек ісі. Асықтық та – жүрек ісі.

***

Тіл жүректің айтқанына көнсе –жалған шықпайды.

***

Адам ақылсыздығынан азбайды, ақылдының сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылық жоқтығынан азады.

***

Есті кісілер үлкен есі шықпай, ақылды қолдан жібермей, бойын сынатпай жүріп ізденеді.

***

Құдайшылық – жүректе. Қалпыңды таза сақта !

***

Мырзаларды мақтайын десең, осы күнде анық мырза елде жоқ, мал бергіш мырзаиттен көп.

 

***

Болыс пен биді құрметтейін десең, құдай берген болыстық пен билік елде жоқ. Сатып алған, жалынып, бас ұрып алған болыстық пен биліктің ешбір қасиеті жоқ.

***

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

***

Көптің аузын күзетіп күн көре алмайсың

 

***

Жігітті жұрт мақтаған – қыз жақтаған.

 

***

Жақсы дос – білген сырын сыртқа жаймас.

 

***

Досы жоқпен – сырлас, досы көппен – сыйлас.

83.3 Әдебиеттану

 

83.3(5Қаз)    Абай:Даналық дәрістері [Мәтін]

А 13           / Ж. Ысмағұлов.-Алматы: Өнер, 2007.- 400 б.

 

83.3(5Қаз)    Абай елі [Мәтін] / Оразалинов С.Ш.:

А 13       Альбом-Шежіре.-Қазақша, орысша, ағыл-

шын тілдерінде.-Алматы:Өнер.1994.-276 бет+

16 жапсырма б.

 

83.3(5Қаз)   Абай тағылымы = Уроки Абая [Мәтін] :

А 13        Әдеби-сын мақалалар мен зерттеулер.-

А-Ата: Жазушы, 1986.-426 б.

 

83.3(5Қаз)я2    Абай:Энциклопедия [Мәтін] / Бас

А 13           ред.Р:Н.Нұрғалиев: Ред. алқасы:З.Ахметов,

Л.М.Әуезова, Б.Г.Ерзакович т.б.

Алматы:Қазақ энциклопедиясының «Бас

редакциясы», «Атамұра», 1995.-720 б.

суретті.

 

83.3(5Қаз)        Абайды оқы, таңырқа [Мәтін]

А 13           / Құр.М.Мырзахметов.- Алматы: Ана тілі,

1993.-160 б.

 

84 Көркем әдебиет

84(5Қаз)           Абай.

А 13                  Ата ақылы [Мәтін] /Абай; суретшісі

Ахметжанов Қ.-Алматы:Балауса, 1994.-

13 бет. (Балдырғандар үшін).

 

84(5Қаз)           Абай.

А 13                  Дүниеде, сірә, сендей маған жар жоқ

[Мәтін] / Абай ; өлеңдер.- Алматы:

Жалын, 1990.-128 б.

 

84(5Қаз)           Абай.

А 13                  Екі томдық шығармалар жинағы

[Мәтін] /Абай.-Алматы: Жазушы, 1986.

Т.1. Өлеңдер мен поэмалар, 304 б.,

суретті.

 

84(5Қаз)           Абай.

А 13                      Екі  томдық шығармалар жинағы

[Мәтін] /Абай.-Алматы: Жазушы,1986.

Т.2. Аудармалар мен қара сөздер,

200 б.,суретті.

 

84(5Қаз)           Абай.

А 13                    Қалың елім қазағым [Мәтін] /Абай.-

Шығармалары.- Алматы:Жалын, 1995.-

384 б.-(Әлем әдебиеті).

 

84(5Қаз)           Абай.

А 13                    Қара сөз ═Книга слов [Мәтін]

/ Абай; пер. с каз. К. Серикбаевой,

Ю.Кузнецова.-Семей, 2001.- 264 б.

(Международный клуб Абая).

 

 

 

 

84(5Қаз)           Абай Құнанбайұлы.

А 13                   Өкінішті көп өмір кеткен өтіп

[Мәтін] /Абай; өлеңдер, поэмалар, қара

сөздер.-Алматы: Раритет,2008.-384б.

 

84(5Қаз)           Абай (Ибраһим Құнанбаев)

А 13                   Өлең сөздің патшасы[Мәтін] / Абай;

шығармаларының  бір томдық жинағы.-

Жидебай: Халықаралық Абай клубы,

2006.-560 б.

 

84(5Қаз)        Абай Құнанбайұлы.

А 13                   Өлеңдер, поэмалар, аудармалар, қара

сөздер [Мәтін] / Абай; құраст. Г.Бельгер.-

Алматы: Мектеп, 2007.- 248 б.

 

85 Өнер

 

85.315.3(5Қаз)    Абай әндері ═ Песни Абая [Мәтін]

А 13               / Құраст. және алғы сөзін жазған

Б. Ғизатов.- Алматы:Өнер, 1994.- 80 б.

 

 

85.313(5Қаз)    Абай әуендері ═ Песнь Абая [Мәтін]

А 13       / Құраст. Х. Тілемісов.-Алматы: Қайнар,

1995.- 304 б.

 

Бедерлі нүктелі шрифтегі көркем әдебиет

 

84(5Қаз)    Абай.

А 13             Қара сөздер: [Брайльша] / Абай ; өлеңдер,

поэмалар, аудармалар, қара сөздер

кітабынан / Брайльша редакторы:

Н.Д. Баймұратова: редакторы

Л.А.Абжаппарова.-Шымкент: Арнайы

кітапхана, 2008.-2кіт. Мына баспадан:

Алматы: Мектеп, 2003.

 

Үндендірілген көркем әдебиет

 

84(5Қаз)  Абай.

А 13           Қара сөз [Мәтін] / Абай; оқыған Дамир

Аспан.- Шымкент, 2002.-1мфк:

2,38см/с., 4 жолдан. Мына баспадан:

Семей: Қазақстан даму қорының

кітапханасы, 2001.

Мерзімді басылымдар

Абай Құнанбаевтың туғанына – 160 жыл // Қазақ әдебиеті.- 2005.-№33.-Б.4-12.

 

Абай туралы // Шымкент келбеті.-2005.-22 шілде.-

Б.5.

 

Арықбаева, А.

Абай мұражайындағы бейнелеу өнері / А.Арықбаева

// Қазақ әдебиеті.-2005.-№35.-Б.6.

 

Әлімбек, Қ.

Ұлы Абайдың ұлағатты ұрпағы немесе ақын шөберелерімен шерткен сыр / Қ.Әлімбек // Қазақ әдебиеті.-2005.-17-23 маусым.-Б.4-5.

 

Әубәкіров, Т.

Ұлы Абайдың 160 жылдығы мерейтой емес пе ?

/ Т. Әубәкіров // Қазақ әдебиеті.-2005.-17-23 маусым.-Б.1.

 

Егеубай, А.

Мәңгілік жұмбақ құбылыс / А.Егеубай // Егемен Қазақстан.-2005.-23 тамыз.-Б.4.

Әлем зиялылары Абай туралы.

 

Егеубай, А.

Ұлттық сананың ұлы құбылыстары / А.Егеубай

// Егемен Қазақстан.-2005.-2 шілде.-Б.4.

Асанқайғы мен Абай.

 

Ердембеков, Б.

Абай және ақындық мектеп мәселесі / Б.Ердембеков //Қазақ тілі мен әдебиеті.-2005.-№12.-Б.49-50.

 

Есім, Ғ.

Данышпан / Ғ.Есім // Егемен Қазақстан.-2005.-

15 маусым.- Б.4.

Абайдың хакімдігі туралы.

 

 

 

Жолдасова, Б.

Құнанбай қажы кім болған? / Б.Жолдасова

// Оңтүстік Қазақстан.-2005.-19 шілде.-Б.5.

 

Жұртпай, Т.

Абайдан асырып кім айтқан / Т.Жұртпай // Егемен

Қазақстан.-2005.-13қыркүйек.-Б.3.

 

Қасқабасов, С.

Абай және ұлттық идея / С.Қасқабасов // Егемен

Қазақстан.-2005.-25мамыр.-Б.4.

 

Қоспағанбетова, И.

Абайтануға арналды / И.Қоспағанбетова // Егемен Қазақстан.-2005.-16маусым.-Б.8.

 

Қуаты күшті нәрлі сөз // Оңтүстік Қазақстан.-2005.-

23 тамыз.-Б.6.

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына-160 жыл.

 

Мұқаметханұлы, Қ.

Абайдың туған күні- 23 тамыз / Қ.Мұқаметханұлы

// Қазақ әдебиеті.-2005.-№30.-Б.2.

 

Нұрмұхамбет, Д.

Абай және біздің мұсылманшылығымыз

/ Д.Нұрмұхамбет // Оңтүстік таңы.-2005.-№33.-Б.6.

 

 

 

Оспанов, М.

Төкен Ибрагимов:Мұражайлық Абайтанудың мұраты биік / М.Оспанов // Қазақ әдебиеті.-2005.-Б.4-5.

 

Піралиева, Г.

Аймауытов –Абайтанушы / Г.Пірәлиева // Қазақ әдебиеті.-2005.-1-7 шілде.-Б.6.

 

Рысбеков, Қ.

Фараби және Абай / Қ.Рысбеков // Оңтүстік Қазақстан.- 2005.-23тамыз.-Б.1.

 

Сағымбек, М.

Абайды аудару –абыройлы да ауыр жұмыс

/ М. Сағымбек // Шымкент келбеті.-2005.-12тамыз.-Б.3.

Аудармашы Бельгер Герольд Карлұлымен сұхбат.

 

Сапармұратов, М.

Абай өлеңдерінен өзіңді таны / М.Сапармұратов

// Болашақ.-2005.-№28.-Б.3.

 

Шайқақов, Ж.

Мәңгілік мәрмәр / Ж. Шайқақов // Қазақ әдебиеті.-2005.-14 қазан.-Б.3.

Абай туралы

 

Шымырбаев, А.

Жүз жылдан кейін жалғасқан қажылық

/ А. Шымырбаев // Қазақ әдебиеті.-2005.-№38.-Б.5.

Абай.

 

Ысқақова, А.

Абай рухы [Мәтін] : Өлең / А.Ысқақова // Қазақ тілі мен әдебиеті.-2005.-№18.-Б.127.

 

Ысмағұлов, Ж.

Қос бәйтерек / Ж.Ысмағұлов // Егемен Қазақстан.-2005.-13 желтоқсан.-Б.6.

Абай мен Ыбырайдың ішкі үндестігі хақында бірер сөз.

 

Ісімақова, А.

Адамзат ақылманы / А.Ісімақова // Егемен Қазақстан.-2005.-2 тамыз.-Б.3.

 

Айтмағамбетов, Е.

Абай дана, Абай дара қазақта / Е.Айтмағамбетов

// Отбасы және денсаулық.-2006.-№4.-Б.4-5.

 

Егеубаев, А.

Мемлекетшілдік мектебі : Абай және Шығыстың қоғамдық саяси ілімі / А.Егеубаев // Қазақ әдебиеті.-2006.-№32.-Б.1,4.

 

Жұртбай, Т.

Абайды дұрыс оқып жүрміз бе? / Т.Жұртбай

// Егемен Қазақстан.-2006.-22 ақпан.-Б.5.

 

Зұлфуқар, М.

Дәуір және Абай / М.Зұлфуқар // Әдебиет айдыны.-2006.-№3.-Б.4.

 

Рахымбердіқызы, Ә.

Абайға  [Мәтін] : Өлең / Ә. Рахымбердіқызы

// Ұлағат.-2006.-№.6.-Б. 113.

 

Үсенбаев, Б.

Абайды сүю [Мәтін] : Өлең / Б. Үсенбаев // Ақ желкен.-2006.-№8.-Б.1.

 

Абай атаға тағзым немесе өлең сөздің патшасына жүгіну [Мәтін] : Өлең // Ұлағат.-2007.-№6.- Б. мұқаба-ның үшінші бетінде.

 

Абдрахманов, С.

Сарындастық салтанаты / С.Абдархманов // Егемен Қазақстан .-2007.-29тамыз.-Б. 14.

Абайдың аудармашылық алыптығы.

 

Ақатаев, С.

Абайдың азаматтық позициясы / С. Ақатаев // Абай.-2007.-№1.-Б.12-17.

 

Ақыпбекұлы, Ө.

Абай-қазақтың Төбе биі / Ө.Ақыпбекұлы // Парасат.-2007.-№2.-Б.2-5,10.

 

Ахмет, Ө.

Абай және кәсіпкерлік / Ө.Ахмет // Ақиқат.-2007.-№5.-Б.30-35.

Абайдың өмірбаяны.

 

 

Әбдіков, Т.

Абай туралы сөз / Т.Әбдіков // Әдебиет айдыны.-2007.-№31.-Б.3.

 

Әбдірәсілқызы, А.

Иасауи және Абай : Ұлылардың үндестігі

/ А.Әбдірәсілқызы // Түркістан.-2007.-11 қаңтар.-Б.15.

 

Әлжан, Қ.

Рухани түлеуіміздің қайнар көзі / Қ.Әлжан // Абай.-2007.-№4.-Б.62-65.

 

Баязитов, С.

Өз Абайым, өз ақыным / С.Баязитов // Абай .-2007.-№1.-Б.17-23.

 

Бекей, М.

Қатар аққан еділім мен есілім / М.Бекей // Оңтүстік Қазақстан.-2007.-4тамыз.-Б.11.,сурет.

 

Белгібаев, М.

Абай білімінің бастауы / М.Белгібаев // География және табиғат.-2007.-№2.-Б.27-32.

 

Елеукенов, Ш.

Абайдың романы / Ш.Елеукенов // Егемен Қазақстан.-2007.-22 маусым.-Б.5.

 

 

 

 

Елубай, Ғ.

«Абай –рухымыздың бабасы...» / Ғ.Елубай // Айғақ.-2007.-№27.-Б.3.

 

Ердембеков, Б.

Абай мектебі / Б.Ердембеков // Жалын.-2007.-№10.-Б.73-77.

 

Исақ, З.

Абай арқылы жас ұрпақты тәрбиелеу ұлттың парызы / З.Исақ // Ел мәдениеті.-2007.-№19.-Б.2.

 

Картаева, А.

Абай қарасөздерінің М.Әуезовтің публицистикалық шығармаларындағы іздері / А. Картаева // Абай.-2007.-№1.-Б.24-29.

 

Кемелбаева, А.

Абай, Кезбе шал поэтикасы / А.Кемелбаева // Абай,-2007.-№3.-Б.40-42.

 

Керімқұлова, А.

Абай клубы – Шымкентте ашылды / А.Керімқұлова // Өмір-Айна.-2007.-№24.-Б.5,16.

 

Қалыбекова, Ә.

Оқығанда не болды... [Мәтін] : Өлең / Ә.Қалыбекова // Оңтүстік Қазақстан.-2007.-9 тамыз.-Б.4.

Абайдың ізімен.

 

Қамалашұлы, Б.

Абай мұрасына сусап отыр... / Б.Қамалашұлы

// Абай.-2007.-№3.-Б.90-91.

 

Қапалбекұлы, А.

Үйлесімді үндестік / А.Қапалбекұлы // Әдебиет айдыны.-2007.-№41.-Б.6,7.

Абай, Жамбыл.

 

Қойтай, Б.

Абай шығармалары өзге тілде сөйлегенде / Б.Қойтай // Жұлдыз.-2007.-№5.-Б.161-166.

 

Құмар, Н.

Абайды тану – парыз / Н.Құмар // Ұлан.-2007.-№37.-Б.5.

 

Ламбекұлы, С.

Сара соқпақ бағдаршамы / С.Ламбекұлы // Қазақ әдебиеті.-2007.-№33.-Б.6-7.

Абай тағылымы.

 

Мәмет, С.

Абай бол Ибраһим-Абай деген қазаққа / С.Мәмет

// ЕгеменҚазақстан.-2007.-25сәуір.-Б.10.

Республикалық Абай қорының президенті Б.Ерсәлімовпен сұхбат.

 

Майтанов, Б.

Абай өлеңдері / Б.Майтанов // Қазақ әдебиеті.-2007.-№45.-Б.1-4.

 

Мамырбаева, Д.

Жақсылық Жүнісұлы:Автордың тұлғаланудағы оқшаулықтары немесе Абайдың бір нұрлы өсиетінің шапағаты туралы / Д. Мамырбаева // Жұлдыз.-2007.-№6.-Б.109-127.

 

Молдабеков,  Ж.

Абай тұлғасымен табысу / Ж.Молдабеков // Абай.-2007.-№3.-Б.35-39.

 

Мырзахметұлы, М.

Абайдың әл- Фарабиді тануы / М.Мырзахметұлы

// Оңтүстік Қазақстан.-2007.-29 қараша.-Б.3.

 

Нілібаев, Ә.

Намысқа өртенген нала сөз... / Ә.Нілібаев // Қазақ әдебиеті.-2007.-№16.-Б.10.

Абай туралы.

 

Олжабай, С.

Ж.Шойынбет: «Түптің түбінде Абайға қайта ораламыз» / С.Олжабай // Оңтүстік Қазақстан.-2007.-

9 тамыз.-Б.4.

 

Өсербаева, Р.

Абайдың «қара сөздері» - білім мен тәрбиенің қайнар бұлағы / Р.Өсербаева // Ел мәдениеті.-2007.-№17.-Б.9.

 

 

 

Рысбекұлы, Қ.

Абай өлеңіндегі жастар тәрбиесі / Қ.Рысбекұлы

// Өмір – Айна.-2007.-№28.-Б.11.

 

Рыскелдиев, Т.

Абай және ақын туған арғы, бергі топырақ

/ Т.Рыскелдиев // Абай.-2007.-№4.-Б.51-55.

 

Самсалиева, Ә.

Абайға сыр [Мәтін]: Өлең / Ә. Самсалиева // Ұлан.-2007.-№31.-Б.4.

 

Сариев, Ш.

Өзегі бір, өрнегі бөлек / Ш.Сариев // Әдебиет айдыны.-2007.-№31.-Б.1,6-7.

 

Сарым, А.

Мифтен кету керек! Сонда ғана сапалы қазақ ұлты қалыптасады / А.Сарым // Өмір-Айна.-2007.-№21.-Б.3.

 

Саябақтың ішінде Абай ата үйі бар // Замана.-2007.-№28.-Б.8.

Абай клубы жайлы.

 

Сейсенұлы, Д.

Абайдан тараған бір бұтақ еді / Д.Сейсенұлы

// Егемен Қазақстан.-2007.-9 маусым.-Б.8.

 

Сейсенұлы, Д.

« Жазғанда мақсатым көп менің тағы...»

/ Д.Сейсенұлы // Егемен Қазақстан.-2007.-6 қаңтар.-Б.4.

Көрнекті Абайтанушы ғалым М.Мырзахметовпен әңгіме.

 

Сейсенұлы, Д.

Қытайдағы Абай ұрпағы / Д.Сейсенұлы // Егемен Қазақстан.-2007.-29 тамыз.-Б.10.

 

Тайжанов, А.

Абай тағылымы және жаһандану / А.Тайжанов // Ел мәдениеті.-2007.-№17.-Б.8-9.

 

Тайшыбай, З.

Абай суреттеген ат қандай? / З.Тайшыбай

// Жұлдыз.-2007.-№6.-Б.160-166.

Мәдени мұра.

 

Хасан, С.

Дана Абайдың бүгінгі ұрпақтары өркениет үрдісіндегі үлкен бәсекеге қабілетті ме? / С.Хасан

// Ақиқат.-2007.-№6.-Б.62-68.

Елордада өткен Халықаралық оқу Конгресінен кейінгі ой.

Мәдени мұра.

 

Шәкен, Ж.

Абайдың діни нанымдары мен танымы / Ж.Шәкен

// Түркістан.-2007.-9 тамыз.-Б.4.

 

Шойынбет, Ж.

Мынау Абай қай Абай? Немесе Халықаралық Абай клубының президенті Р.Сейсенбаевқа  хат

/ Ж. Шойынбет // Президент және халық.-2007.-14 қыркүйек.-Б.7.

 

Шымкентте ұлы Абайдың шөбересі тұрады

// Замана.-2007.-№33.-Б.9.

 

Ұлы Абай атындағы мектеп // Дала.-2007.-№7.-Б.1.

 

Ысқақұлы, Д.

Абай және Крылов / Д.Ысқақұлы // Абай.-2007.-№1.-Б.66-70.

 

Ысмағұлов, Ж.

Қара сөз. Дара сөз. Дана сөз / Ж.Ысмағұлов

// Егемен Қазақстан.-2007.-10 қараша.-Б.3.

Абайдың қара сөздері туралы.

 

Егеубаев, А.

Мемлекетшілдік мектебі: Абай және Шығыстың қоғамдық-саяси ілімі / А.Егеубаев // Абай.-2008.-№25-26.-Б.1,3.

 

Досжан, Д.

Абайдың рухы / Д.Досжан // Жұлдыз.-2008.-№11.-Б.3-49.

 

Ғұмырнамалық ой – толғау // Жұлдыз.-2008.-№12.-Б.52-108.

 

Дүйсебаев, М.

Абай-Шәкәрім [Мәтін]: Өлең

/ М.Дүйсебаев // Балбөбек.-2008.-№5.-Б.4.

 

Жолдасбеков, М.

Абайша сүйіп, Абайша күйіп жүрміз бе ?

/ М.Жолдасбеков // Егемен Қазақстан.-2008.-26 қараша.-Б.8-9.

 

Кемелбаева, А.

Абай мен блейк / А.Кемелбаева // Абай.-2008.-№25-26.-Б.4-5.

 

Медеубекұлы, С.

Абай және азаттық / С. Медеубекұлы // Қазақ әдебиеті.-2008.-№32-33.-Б.6.

 

Мектеп-тегі, А.

Абай әдістемесі / А. Мектеп-тегі // Қазақ әдебиеті.-2008.-№2.-Б.6-7.

 

Мұхамадиев, Д.

Абайдай тумас адам сөзге зерек / Д. Мұхамадиев

// Ақиқат.-2008.-№6.-Б.50-55.

 

Оспан, С.

Абай бабама [Мәтін]: Өлең / С.Оспан // Жұлдыз.-2008.-№8.-Б.25.

 

Сейсенбаев, Р.

Жан жарасы жазылмаған ойшыл / Р.Сейсенбаев

// Абай.-2008.-№25-26.-Б.2.

 

Тайшыбай, З.

«Насихат қазақия» жинағындағы Абай өлеңдері

/ З.Тайшыбай // Жұлдыз.-2008.-№5.-Б.80-85.

Абай әлемі.

 

Тұрарбеков, З.

А.Құнанбаевтың аударма тәжірибесі / З.Тұрарбеков // Әлем әдебиеті.-2008.-№5.-Б.157-170.

Жайлыбай, З.

Әжелер-қанатты қиял иелері Абайдың әжесі Зере туралы / З.Жайлыбай // Сусар.-2009.-№1.-Б.7.

 

Ысқаққызы, М.

Ұлы Абайға: Өлең / М. Ысқаққызы // Атамекен.-2010.-12 наурыз.-Б. 7.