Тағдырластар клубы |
«Тағдырластар» клубының тұсаукесері 2011 жылдың қаңтар айында зағип жастарды біріктіру үшін оларды өмірге қызықтырып қоғамның белсенді азаматтар қатарына қосу мақсатымен «Тағдырластар» жастар клубы ашылды. Алғашқы басқосуда 20-ға жуық қыздар мен жігіттер жиналды. Қызықты да тартымды сұхбат құрып, жастар өзара танысып әртүрлі тағдыр тәлкегімен болған жағдайларды ортаға салып, осындай кездесулер қажет деп шешті. Сондай-ақ клуб өз алдына кейінгі зағип болған қыздар мен жігіттерді, өмірде талай қиындықтарды кешіп, биік белестерге жеткен зағип азаматтардың өмір жолдарын көрсете отырып, сондай жастарды ортаға тартып өзін тастап жібермеуге, тағдыр- тауқыметін бірлесіп жеңуді көздеп отыр. Кеңес дәуірінде оқу-өндірістік кәсіпорындарда бірге жұмысқа барып танысып, отбасы құрып жатса, қазіргі таңда өкінішке орай ондай мүмкіндік мүлдем жоқ. Сондықтан бір үйдің сағынысып қалған балаларымен қыздарындай болып құшақтасып кездесіп жатқанын көргеніңде көңілім көкке көтеріліп «Шіркін-ай, адамдар қандай бір-біріне жақын еді» деген ойға келесің. Клуб айына бір рет жиналып, дастархан басында әдемі іс-шаралар өткізіледі. «Тағдырластар» мүшелері өздерінше жылдық жоспар құрып, әсіресе зағип композиторларға, ғалымдарға және мәдени қайраткерлерге көп көңіл бөлуде. «Тағдырластар» клубының ғұмыры ұзақ болғай.
«ТАҒДЫРЛАСТАР» клубының 2015 жылға арналған іс-шаралар ЖОСПАРЫ
|