010622
Іс – шаралар

«Бар мейірім – балаларға»

(1 маусым – Дүниежүзілік балаларда қоғау күні)

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының ұйымдастыруымен 1 маусым – Дүниежүзілік балаларды қорғау күні «Бар мейірім – балаларға» атты мерекелік іс-шара орталық саябақта қызықты болып өтті. Бұл іс-шара қала тұрғындары мен бүлдіршін балаларымызға, арнайы кітапхана қызметкерлері түрлі ертегілер кейіпкерлері мен шығыс ертегілері кейіпінде киініп, балаларға қуаныш сыйлады. Іс-шара барысында «Бауырсақ» ертегісі қойылып, балалардың ойы әрмен қарай қиял-ғажайып ертегіге ұласты. Сонымен қатар кітапхана қызметкерлерінің орындауында бірнеше әндер орындалып, қала тұрғындарының да ән айтуға құштарлығы асып, бірнеше әсем әндер орындалды. Бұл мереке балалардың мейрамы болғандықтан ортаға Мыстан кемпір келіп балаларға «Чупа-чупс» ойыны ұйымдастырылды. Балалардың барлығы да ойынға қатысып, чупа-чупс жеңіп алды. Бүгінгі мереке барлық балалардың көңілінен шығып, дән риза болып біздің түрлі ертегі кейіпкерлерімен естелікке суретке түсіп мәз мейрам болып тарқасты.

 

 
150522
Іс – шаралар

«Отбасы – тәрбие бастауы»

(15 мамыр - Халықаралық отбасы күні)

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында 15 мамыр - Халықаралық отбасы күніне орай   «Отбасы –  тәрбие бастауы» атты іс-шара болып өтті.  Отбасы - өмірдің тұтқасы, оттың маңайына таратар жылуы жан балқытар болғандықтан қазақтың ошағы дөңгелек үйдің ішінде болады демекші бүгінгі іс-шараға кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен отбасы жайлы ертегі қойылды. Сонымен қатар «Үміт» мектеп интернатының талантты оқушылары Сұлтан, Сымбаттың орындауында «Алтын бесік» әні орындалды. «Отбасы – тәрбие бастауы» деп бүгін Арнайы кітапхана қызметкері Абдиевтер отбасы мен  кітапхана оқырманы  Тұрламбековтер отбасы арасында «Үлгілі отбасы» сайысы қызықты, әрі тартысты өтті. Сайыста отбасы мүшелері ән айтып, би билеп, сұрақтарға жауап беріп, екі отбасыда «Үлгілі отбасы» номинациясымен марапатталды. Сонымен қатар іс-шарада кітапханамыздың өнерлі оқырманы Гүлнұр Қуатқызы І.Жансүгіровтың «Жайлау» өлеңін көпшілікке тарту етті. Іс-шара барысында біздің жас оқырманымыз Бегалы Ақбота «Асыл ана» әнін орындап отбасының  берекесі, жүрегі – ана екенін оқырман қауымға тағыда дәлелдеді. Шара соңында кітапхана директор орынбасары Бөрібекова Әдемі апайымыз қатысушыларға ақ тілегін, алғысын айтып, мадақтама грамотасын ұсынды.

 
27042022
Іс – шаралар

«Береке басы - бірлікте»

(1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні)

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында 27 сәуір күні 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Береке басы - бірлікте » атты іс-шара өтті.

Іс-шараға Шымкент қалалық «Корей этномәдени» бірлестігі мүшесі Ким Елена Александровна және «Өзбек этномәдени» бірлестігі жастар қанатының мүшесі қонаққа келді. Елена Александровна мен Хурматой Абдухамидова өз ұлттарының салт–дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын, ұлттық құндылықтарын тереңірек таныстырып берді. «Славян этномәдени» бірлестігінен келген «Светоч» хор ұжымы да өз өнерлерін жоғары дәрежеде көрсетіп шықты. Кітапхана қызметкері М. Ермаханова қырғыз тілінде «Жылқышы» әнін шырқап, зағип жандардың ойын сергітіп, өнерімен көрермен көңілін көкке көтерді. Кітапханамыздың белсенді оқырманы ұлы жүздің келіні интернационалды отбасын құрып отырған тәжік ұлтының қызы Дадаева Зебо өз тәжік ұлтының салт-дәстүрін айтып, ортада тәжік биін мың бұрала билеп берді.

Кеште «Береке басы - бірлікте» атты арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылып. көрмеге БНШ және «сөйлейтін» кітаптары, басылым беттерінде жарияланған материалдары қойылды. Кеш соңында кітапхана директорының орынбасары А. Бөрібекова келген қонақтарға үлкен алғыс айтып, өз ризашылығын білдірді. Оқырмандар арасынан аға буын өкілдері «Екі елдің ауызбіршілігі сақталып, татулық шынайы тұрақтылықтың кепіліне айнала берсін!» - деген тәтті тілекпен тарасты.

 
15042022
Іс – шаралар

«Жаралдым махаббаттан адам болып»   «Тағдырластар» клубы ғашықтар күніне арналады

15 сәуір Шымкент қалалық Арнайы кітапханада «Тағдырластар» клубының кезекті басқосуы «Махаббаттан жаралдым адам болып» атты тақырыпта өтті. Аталған жиында Жетісай ауданынан арнайы келген Лаура Жұмабай, Ирода Насирова Рустем Кенжеұлы махаббат туралы жырларды көпшілікке тарту етті. Кеш жүргізушісі Ербек Бакиев жиналған жұртшылыққа түрлі сауалдар жолдады. Көрермен арасынан белсенділік танытқан жастар қойылған сауалдарға жауап беріп, аталмыш тақырыпқа сай пікірлерін ортаға салды. Әртүрлі ойындар ұйымдастырылды. Ибрашев Мансур, Кәттабекова Гүлсара, Ажмуханова Жазира, Балнұр Сарсибекова, Арайлым Омарханова тағы басқада жастар ойындарға қатысып, бағалы сый-сиапаттарға ие болды. Бердалиев Ернар, Пернебай Жандос, тағдырлас ерлі-зайыпты Алладин Талиев пен батырхан Әсел өзге де өнерпаздар әнмен әрлеп кештің сәнін кіргізді. Аудио залда өткен аталмыш шара тақырыпқа сай безендіріліп көптің көңіліне қуаныш ұялатты. Жазушы Мырзахан Шерім, жастарды махаббат күнімен құттықтап ақ тілегін арнады. Шара соңында қатысушылар арасында жасырылған ашықхаттарды жариялап өз иелеріне табысталды. Сонымен қатар жүрекшарларды қолға алып қатысушылар естелік фотаға түсті. Келушілердің барлығына Қазақ зағиптар қоғамы қоғамдық бірлестігінің шымкент қалалық филиалының атынан бағалы сыйлықтар таратылды.

 
18032022
Іс – шаралар

«Өнерлі өкілдер» (Бастауыш ұйым өкілдерінің

облыстық байқауы)

Өмірдің ақ қарасы бар демекші біздің ортамызда қараңғылыққа мойымай, дүниенің жарқын сәттеріне құлаш ұрып жүрген азаматтар аз емес. 18-наурыз күні Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында Түркістан облыстық «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Наурыз мерекесі қарсаңында «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 85 жыл толуына орай өнерлі зағип жандардың «Өнерлі өкілдер» атты байқауы өтті. Байқау 5-турдан тұратын іс-шараға  Түркістан облысының аудандарынан зағип жандардан құралған  бастауыш ұйым өкілдерінен «Серілер» мен «Арулар» командасының 10 өкілі қатысты. Байқауға қатысушылар салт-дәстүрімізді дәріптеп өздерінің бар өнерлерін ортаға салды. Байқаудың І-орын иегері «Арулар» командасы ақшалай (50 000тг),  ІІ-орынды «Серілер» командасы ақшалай (30 000тг) иемденді.  Іс-шара қонақтары кітапханамыздың жұмысымен танысуға келген депутаттар Н.К.Бекназаров пен А.Ж.Қапбаровалар кеш барысында зағип жандармен тілдесіп олардың мұң-мұқтажын тыңдап, өз ойларын ортаға бөлісті.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Страница 9 из 29

ҚР Президентінің Жолдауы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы     ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Респуб...

ҚР рәміздері

ҚР Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiр...

Против коррупции
Против коррупции

Открытый бюджет

sound by Jbgmusic