16.12.2025
Іс – шаралар

Шымкент қалалық арнайы кітапханасында 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған “ Ар намысым , мақтанышым - Желтоқсан “ тақырыбында тарихи-патриоттық кездесу кеші өтті .

Іс - шара барысында “Ар намысым , мақтанышым - Желтоқсан” атты кітап көрмесі таныстырылып, қонақ ретінде шақырылған “ Желтоқсан ақиқаты “ қоғамдық бірлестігі өкілдері ПҚ “ Желтоқсан ақиқаты” РҚБ Шымкент филиалының экс-төрағасы, “Шапағат” төсбелгі иегері Ермаханов Балабек Нысанбекұлы, ПҚ “Желтоқсан ақиқаты” РҚБ Шымкент филиалы мүшесі, ҚР Құрметті сәулетшісі, “Ұлт патриоты” төсбелгі иегері Наханов Ниязбек Нұрмахамбетұлы, ПҚ “Желтоқсан ақиқаты” РҚБ Шымкент филиалы мүшесі, “Қазақстан патриоты” төсбелгі иегері Рахимов Берік Шегірбайұлы тың тарихи деректермен бөлісті.

Сондай - ақ Қаратау дәстүрлі өнер мектебінің ұстазы Бекзат Сәкенұлы әсерлі патриоттық әндерімен және Шымкент университетінің белсенді білім алушы жастары музыкалық өнерлерімен кездесу кештің мазмұнын байыта түсті.

Шара соңында мекеме басшысының атынан “Желтоқсан ақиқаты” қоғамдық бірлестігі өкілдеріне және қонақтарға белсенділік танытып өнер көрсеткендері үшін алғыс хаттар табысталды

 
13.11.2025
Іс – шаралар

АРМАН ШЫҢЫ – РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНКЛЮЗИВТІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ

13 қараша 2025, Шымкент, «Көрме» орталығы

Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы мен арнайы кітапхана ұйымдастыруымен алғаш рет ерекше жандардың шығармашылық әлеуетін паш ететін «Арман Шыңы» фестивалі өтті.

Мақсаты: зағип және әлсіз көретін жандардың өнерін дәріптеу, қоғамда инклюзивті мәдениет қалыптастыру және тең мүмкіндіктерді кеңейту.

Номинациялар мен жеңімпаздар:

1. Хореография: 1 орын – Дадаева Зебо (Шымкент)

2.Әдеби шығармашылық: 1 орын – Жайынбаева Мақпал (Шардара)

3. Музыкалық өнер: 1 орын – Нұрғожаев Тоқтамыс (Түлкібас)

Қалған номинациялар мен жеңімпаздар:

4. Театр әлемі: 1 орын – Әлмұратов Мереке (Семей)

5. Тактильді өнер: 1 орын – Куатбекова Насихат (Қарағанды)

Фестиваль қатысушылары өз өнерлері арқылы сүйіспеншілік пен адалдықтарын көрсетті, ал жеңімпаздар мен қатысушылар алғыс хаттар мен естелік сыйлықтарға ие болды.

«Арман Шыңы» – инклюзивті қоғамға арналған маңызды мәдени бастама, ерекше жандарға өз қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік беретін жоба.

 
05.11.2025
Іс – шаралар

«ЖҮРЕГІМ»

(Ақын, жазушы, журналист Фатима Жүнісованың шығармашылық кеші)

5 қараша күні  Шымкент қалалық арнайы кітапханада «Көңілдерде шаттық күйі шалқысын» атты сауықтыру айлығы аясында ақын, жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі Фатима Забурақызы Жүнісованың «ЖҮРЕГІМ» атты шығармашылық кеші өтті.

Кеш жүргізушісі – «Тифлология» бөлімінің меңгерушісі Ербек Бакиев.

Кеш шымылдығы Күнсұлу Тұрғынбекқызының оқуындағы «Адамдар болады» атты бейнедауыспен ашылды.

Кеш барысында Камал Тоғжан, Каринтаева Гүлбахар, Эльмира Әбжаппар ақынның жырларын оқып, көрерменге рухани сый тартты.

Ал Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, әнші Айжан Тәженова ақынның өлеңіне жазылған әндерді орындап, жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленді.

Шонтикова Тәнімгүл апай ақынға «Ана махаббаты» атты кітабын сыйлап, камзол жауып аналық құрмет көрсетті.

Кеш соңында кітапхана директоры Ахат Қанатұлы Нысанбеков ақынға алғыс хат пен дыбысталған кітаптарды табыс етті.

Мазмұнды кеш «Жүрегім» атты әнмен түйінделіп, қонақтар естелік суретке түсіп, көңілді күйде тарқасты

 
04.11.2025
Іс – шаралар

«КОМПЬЮТЕРДІ МЕҢГЕРІП, КӨКЖИЕГІҢДІ КЕҢЕЙТЕ ТҮС!»

Шымкент қалалық арнайы кітапханада

«Көңілдерде шаттық күйі шалқысын»  атты сауықтыру айлығы аясында

зағип жандар арасында компьютерлік сауаттылықты дамыту  мақсатында қызықты жарыс өтті.

Компьютердің қыр-сырын меңгерген қатысушылар өзара білімдерін ортаға салып, тапсырмаларды жылдам әрі нақты орындап шықты.

Жарысты тифлопедагог Ахатаев Ғабит Жақсыбайұлы  ұйымдастырып,

қатысушылардың компьютер қолданудағы шеберлігін түрлі практикалық тапсырмалар арқылы сынады.

Белсенділік танытқан қатысушылар:

Көпжасар Ұлбике

Жасұзақ Перизат

Ташметова Анора

Олар өз білімдері мен ептіліктерін көрсетіп, үздік нәтижелерге қол жеткізді.

Жеңімпаздар сауықтыру айлығының қорытынды кешінде арнайы сыйлықтармен марапатталатын болады!

 
17.10.2025
Іс – шаралар

КІТАП КЕРУЕНІ

Бүгін Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхананың балалар бөлімі «Үміт» мектеп-интернатына барып, ерекше «Кітап керуенін» ұйымдастырды.

Арнайы автокөлік арқылы балаларға тактильді, дыбысталған және Брайль қарпіндегі кітаптар таныстырылды.

Кітапханашылар оқудың маңызын айтып, кітаптың – рухани байлық пен білім көзі екенін жеткізді.

Балалар ерекше әсер алып, суретке түсіп, қуанышқа бөленді!

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Страница 2 из 40

ҚР Президентінің Жолдауы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы     ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Респуб...

ҚР рәміздері

ҚР Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiр...

Против коррупции
Против коррупции

Открытый бюджет

sound by Jbgmusic