|
Іс – шаралар
|
|
11.09.2025
”ТАБИҒАТТЫҢ СЫРЛАРЫ”: Экологиялық Квест. Табиғатпен танысу үшін ұйымдастырылған қызықты квест
Бүгін Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының балалар залында “Табиғат сырлары”: Экологиялық Квест. Табиғатпен танысу үшін ұйымдастырылған қызықты квест болып өтті. Аталған шараға кітапханамыздың тұрақты оқырмандары, қаламыздағы “Нұр” мектебінің 4а сынып оқушылары келіп қатысты. Балаларға табиғаттың түрлі ғажайып құбылыстары туралы сыр шертілді, табиғаттың адам баласына берер сыйы мол екені насихатталды.
Туған жер табиғатын аялау, келер ұрпаққа мирас етіп қалдыру, қазынамыз, байлығымыз саналған табиғатты сүюге, оны қорғап, қастерлеп сақтай білу, табиғат байлығын қорғау және оны тиімді пайдалану керек екені түсіндірілді. Сонымен қатар балалар видеоролик көріп, табиғаттың суретін салып, өз пікірлерін айтып, қызықты ойын ойнады. Кеш соңында балаларға тәттілер үлестіріліп, кішкентай оқырмандарымыз көңілді тарады.
      
|
|
Іс – шаралар
|
|
CREATIVE HUB: ART-FESTIVAL
Мүсіндеу, сурет салу, музыкалық аспаптарда ойнау арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту
22 тамыз күні Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхананың балалар залында «Бәрін білгім келеді» атты іс-шара болып өтті. Шараға қаламыздағы «Жанар» балабақшасының даярлық тобының бүлдіршіндері келіп қатысты. Аталған шарада балалар екі топқа бөлініп қызықты ойындар ойнап, белсене қатысты. Басқатырғыштар мен пішіндерді орналастырып, үйлестірді. Мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның орны ерекше. Бала ойын арқылы қоршаған ортаның сырын ұғып, еңбек, білім дағдысына үйренеді.
Ойындар балалардың әлеуметтік дағдыларын нығайтады. Шараның барысында балалар тақпақ айтып, ән салып кештің шырайын аша түсті. Балаларға базарлық үлестіріліп, кішкентай оқырмандарымыз көңілді тарасты.
      
|
|
Іс – шаралар
|
|
13.08.2025
«ҰЛЫ ТҰЛҒА, ҰЛЫ АБАЙ, ҰЛЫ АҚЫН»
Ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл
Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада 13 тамыз күні Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Ұлы тұлға, Ұлы Абай, Ұлы ақын» атты іс-шара болып өтті. Семей қаласында өткен «Жеті қазына» мәдениет-спорт-туризм фестиваліне қатысып «Қыз жібек бейнесі» номинациясын иеленген әріптесіміз Г. Каттабекова өз ойларымен бөлісіп, кітапхана оқырмандарына бала Абайдан Дана Абайға атты бейнематериалын оқырмандарымызға тифлобаяндап берді. Г. Каттабекова «Қыз Жібек» бейнесі номинациясымен марапатталып, қаржылай сыйлыққа ие болды. Кітапхана оқырмандарына Абай өмірінен викториналық сұрақтар қойылып, жауап берген жандарға Семей өңірінен арнайы алып келген Абай сөзімен жазылған білезіктер табысталды. Өлеңдер оқылып, жырдан шашу шашты.
«Аманат» партиясынан арнайы келген кеш қонақтары белсенді оқырмандарымызға алғыс хаттарымен марапаттады.
«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп..» жырлаған адамзат ақыл ойының асқаралы тұлғасы Абай бабамызды ұлықтадық. Бұл аруақтың ризашылығы үшін, баба рухына құрмет үшін жасалған, ұрпаққа өнеге болар игі іс.
      
|
|
Іс – шаралар
|
|
ТЕҢІЗДЕЙ ТЕРЕҢ МАРХАБАТ
Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада «Теңіздей терең Мархабат» тақырыбында жазушы Мархабат Байғұттың туылғанына 80 жыл толуына орай іс-шара өтілді. «Ғибрат» мәдени демалыс клубының оқырмандарына жазушы өмірбаянынан бастап шығармаларына шолу жасалды.
Көрнекті қаламгер, жазушы-журналист, проза шебері Мархабат Байғұттың публистикалық шығармалары мен сұхбаттарынан, эсселерінен және бірқатар көркем туындыларынан жинақталған қысқаша үзінді қайырымдар, өнегелі де өзекті, маңызды да мағаналы мақамдары жинағы оқырмандарға насихатталды
      
|
|
Іс – шаралар
|
|
ЖАРҚЫРАУ ФОРМАСЫ
Мотивациялық кеш
Бүгін Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада «Ашық микрофон» жобасы өтті. Ашық микрофон жобасы өмірге, өнерге құштар жандардың ел алдына шығып емін еркін өнер көрсетуіне ықпал жасайтын жоба болатын.
Бүгінгі кешіміздің қонағы ерік жігері мықты өмірдің не бір кедергілеріне төзе білген бойындағы батыл қасиеттерін оята білген ерекше жан, ерекше талант иесі Ешмахан Әсеммен керемет мотивациялық кеш өтті.
Кешке Әсемнің әжесі, анасы, және ұстаздары келіп қолдау көрсетті. Ешмахан Әсемнің өзі шығарған өлеңдерді оқып, жырдан шашу шашылды.
Әсем баршамызға үлгі болды. Кеш соңында «СӘТ» тобы ән шырқап, естелікке суретке түстік.
     
|
|
|
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>
|
|
Страница 4 из 40 |