Іс – шаралар мұрағаты
Елі сүйген - Елбасы PDF Print E-mail
Жаңалықтар - Іс – шаралар мұрағаты

Елі сүйген - Елбасы

 

Оңтүстік Қазақстан облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында  1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне арналған танымдық іс – шара болып өтті. Іс – шара көзі көрмейтін және әлсіз көретін балаларға арналған «Үміт» мектеп интернатының 4 сынып оқушыларына арналып өтті. Мақсаты, оқушыларды Н. Ә. Назарбаевтың  өмір – жолымен, туып өскен жерімен, қызмет еткен орындары, халқына арналған жолдаулары, кітаптары, «Өзекжарды ойларымен» таныстыру. Іс – шара  оқушылардың «Әнұран» орындауынан басталды.  Елбасының өмірбаяны кеңінен әңгімеленіп, дүниеге келу тарихы тартымды етіліп баяндалды. «Ойға шабуыл» -  атты викториналық ойын жүргізіліп, оның барысында оқушылар  екі командаға бөлініп, сұрақ жауаптарын кезегімен тауып отырды. Іс – шараның кейінгі бөлімінде «жұмысшы Нұрсұлтан», «Саяси өмір бастауы..» тақырыптары талқыланды. Әрбір мәлімет балаларға түсінікті етіліп жеткізіліп отырды. Қазақстанның «Тәуелсіздік алуы» жөніндегі негізгі мәлімет өте қызу талқыланды. Оқушылардың мектеп бағдарламасында өтіп жатқан барша тақырыптары мен  беріліп жатқан мәліметтің сабақтастығы анық байқалды..

Н.Ә Назарбаевтің жазған кітаптары, «Өзекжарды ойлары», Елбасы туралы түсірілген фильмдер мен деректі фильмдер, жазған әндері жайында әдеби мазмұндағы қызықты мәліметтер өз кезегімен беріліп жатты.

Елбасының «жасампаздыққа толы өмір жолындағы» жеткен жетістіктері, шыққан шыңдары, алған асулары мен көтерілген лауазымдары таныстырылды. Өрелі отбасы, дарынды балалары жайында және де Елбасыға арнап жазылған «арнау» өлеңдерден үзінділер оқылды..

Кештің үшінші бөлімінде  «Хабар» агенттігі түсірген «Бейтаныс Назарбаев» атты деректі фильмі көрсетілді. Фильмде Елбасының өзі өмірбаянын қызықты етіп баяндап береді. Фильмнің ортасында отбасылық суреттер, соғыс жылдары, ашаршылық жылдары, балалық шақ суреттері т.б. бейне материалдар көркем қолданылған. Қорытынды бөлімде елдің, Елбасының асқақ армандары орындалып, қазақ деген халық дүниежүзіне танылып, терезесі тең болғаны жайында әңгіме қозғалып, кеш мәнді – мағыналы өтті.

Әдеби – танымдық іс – шараға тыңғылықты дайындалып, кештің қызықты өтуіне сүбелі үлестерін қосқан білікті мамандар, Әбжаппарова Э, Эбжаппарова Л, Козлова Е. және бөлім меңгерушісі Н. Тұяқбаевалар болды. Келелі іс – шаралар арнайы кітапхананың қызмет көрсету бөлімдерінде желтоқсан айының соңына дейін жалғаспақ.

 

 

 

 
Оңтүстік Қазақстан облыстық арнайы кітапханасында «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы талқыланды PDF Print E-mail
Жаңалықтар - Іс – шаралар мұрағаты

Оңтүстік Қазақстан облыстық арнайы кітапханасында

«Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» ҚР Президенті Н.Назарбаевтың

Қазақстан халқына жолдауы талқыланды

Өткен жері:                                                                              Өткен күні:  27.11.2014.                                            Оқу залы                                                                                  Қатысқан қызметкерлер саны -42

 

Кітапхана директоры Б.Нұрманбетов, биылғы Жолдаудың болашаққа бастайтын ұлы жол екенін айта келе, оның жүзеге асуына жұмыла кірісу қажеттігін жеткізді. Сонымен қатар, жол, баспана мәселесінің шешімі табылатынын ерекше атап өтті. Жолдауда айтылған тұрақтылық пен келісім мәселесіне тоқталды. Елбасының жол салуға аса көңіл бөлуі қуантарлық жағдай екенін айтты. Кітапханадағы зағип қызметкерлерге түсінікті болу үшін, библиограф И.Беспалько мен кітапханашы Д.Жүргенбаева, жолдаудың негіздеріне тоқталып өтті. Ұжым тыңлап болғаннан кейін өз пікірлерімен бөлісті. Бөлім меңгерушісі С.Катишев: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жаңа Жолдауы – тәуелсіз еліміздің тұрақтылығын қамтитын, Қазақ елінің болашағына нақты бағыт беріп, жол көрсететін тарихи құжат деп есептеймін. Жолдау – халық пен билікті бір мақсат, бір мүддеге жұмылдыра отырып, бүкіл елдің ынтымағы мен жасампаздығын ұйыстырады. Бұл мақсатқа ел мен елді байланыс­тыратын, өңірлер арасындағы күре тамыр саналатын жолдар торабын ретке келтіру арқылы қол жеткізуді ұсынды. Сонда ғана өңіраралық бизнес әріптестікке кеңінен жол ашылады. Мұның барлығы бизнестің көптеген өзекті мәселелерін шешуге көмектеседі деді. Директор орынбасары Л.Темірбаева: Коммуналдық шаруашылық саласы да жанданатын болды. Биылғы жылы «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын дамыту 2020» бағдарламасының шеңберінде республикалық бюджеттен 34 көп қабатты тұрғын үйді күрделі жөндеуге 211,0 млн. теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылыпты. Жолдау – мемлекеттік мекеме­лер үшін міндетті түрде орын­далуға тиіс саяси құжат. Шымкент қаласының  әкімдігі осы орайда жүктелген міндеттерді орындау үшін қажет шараларды қабылдап, тиісті жұмысты атқаратын болады. Шымкенттіктер ынтымақ пен бірліктің арқасында Жолдау аясындағы тиісті жұмыстарды зор қарқынмен жүргізеді деген сенімдемін. Бөлім меңгерушісі Н.Тұяқбаева: Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында: «Жол – шын мәнінде өмірдің өзегі, бақуатты тірліктің қайнар көзі. Барлық аймақтар, темір жолмен, тас жолмен, әуе жолымен, өзара тығыз байланысуы керек» деп атап өтті. Бұл орайда біз облыс аумағынан өтетін  «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автокөлік дәлізінің жарқын болашағын айта аламыз. Ғасыр жобасы аталған бұл транзиттік магистральдің 448 шақырымнан астамы біздің өңір аумағынан өтеді. Облысымыздағы бұл күре жолдың бойында бірқатар жұмыс орындары ашылып, кәсіпкерлік нысандары пайда болатыны сөзсіз. Өңірімізде «Шымкент-Ташкент» учаскесінің құрылысы да басталғандығынан хабардармыз. Аталған құрылысты 2015 жылдың соңында аяқталуы керек екен. Бөлім меңгерушісі Ғ.Ескендірова өз сөзінде: Жолдауда айтылған өзекті мәселенің бірі – әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту екендігін ерекше атап өтті. Облыс әкімінің мәлімдеуінше, биылғы қарашаның басына дейін облысымызда «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасымен нақты 42 мың адам қамтылған. Бұл орайда келесі жылы 46 мың адам аталған бағдарламаға қатысады деп күтілуде. Бөлім меңгерушісі Ұ.Тұранбаева: Елбасының патриоттық тәрбиеге үлкен мән бергендігі қуантады. Отанды сүю - бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. «Мәңгілік Ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты - Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді. 2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда. 2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияланды. Ел бірлігі - біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын және халықаралық ЭКСПO-2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуетін әлемге паш етеміз деген Елбасының сөздеріне тоқтала келіп, біздің міндетіміз осы айтылған бүкіл саясатты оқырмандарға дұрыс насихаттай отырып, көп жұмыстар атқаруымыз керек деп тұжырымдады. Кітапхана директоры Б.Нұрманбетов Елбасының сөзімен пікірлесу кешін аяқтады: Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын! Баршаңызға «Нұрлы Жол» Жолдауын жүзеге асыруда табыс тілеймін!

 

 

 

 

 
«В мире интересного»: (Мерзімді басылым беттерінен) PDF Print E-mail
Жаңалықтар - Іс – шаралар мұрағаты

Өтетін уақыты: 26 қараша, сағ 11-00.

Іс-шараның мақсаты: соңғы баспаларды насихаттау мен шолу және соңғы жаңалықтар мен өзгерістерді дер кезінде хабардар етіп отыру.

 

Міндетті түрде ай сайын БАҚ материалдары бойынша дауыстап оқулар жүргізіледі. Жаңа кітаптардан басқа біздің оқырмандарды  жаңа баспасөз мариалдары да қызықтырады. Барлық материалдарды біз оқырмандар талабына сай тақырыптарға бөліп отырамыз. Мысалы біреулерге медицина жаңалықтары қызықтырса, басқаларды тұрмыстық техниканың жетістіктері қызықтырады. Осындай кездесулерден кейін оқырмандардың газеттер мен журналдарға деген қызығушылығы арта түседі.

 
«Жалындап өткен жас еді» (Жазушы С.Ерубаевтың туғанына 100 жыл) PDF Print E-mail
Жаңалықтар - Іс – шаралар мұрағаты

«Жалындап өткен жас еді»

(Жазушы С.Ерубаевтың туғанына 100 жыл)

Біз қашанда туған өлкеміздің біртуар азаматтарын зағип оқырмандарға уақытында жеткізіп, олар жөнінде әртүрлі іс-шаралармен көрмелер ұйымдастырамыз. Биыл біздің облысымызда «Бір өлке – бір кітап» акциясы аясында С. Ерубаевтың 100 жылдығына орай оның «Менің құрдастарым» романы бекітілді. Республика бойынша көптеген іс-шаралар өткізілді. Сондықтан бізде осындай әдеби кешті өткізуді жөн көрдік. Алдын-ала біршама оқырмандарға С. Ерубаевтың романын оқып келуге тапсырдық. Негізінен бұл тапсырма жастарға берілді. Бұл жолы іс-шарамызды дискуссия ретінде өткізіп осы романды талқылауға салуды жөн көрдік.

Оқу залына тапсырма берілген оқырмандардан басқа «Үміт» мектеп-интернатының жоғарғы сынып оқушылары және тағы басқа оқырмандар шақырылды. Жүргізуші Е. Бакиев Саттар Ерубаевтың өмірбаянын оқырмандарға таныстырып шықты. Бұл кісі жалындаған қысқа өмірінде көптеген қоғамдық жұмыстарды атқарып, өз халқына барлық жігер күшін аямай тер төккен азамат екен. С. Ерубаев өз романында сол кездегі өз замандастарының тыныс-тіршілігін суреттей отырып, Рахмет пен Лизаның мөлдір махаббатының қиындықтарын баяндайды. Оқиға негізінен Қарағанды өңіріндегі көмір өндіріс барысында тарқатылады. Жазушы романға барар жолында өз ойын түйіндеп өмірлік ұстанымын көрсетеді. Роман желісі бойынша біржағынан барлық кейіпкерлер сол кездегі социалистік дәуір балалары болып көрсетіледі. Екінші жағынан қазақ халқының зорлық-зомбылық көріп жұмысшылардың құқықтары аяқ асты тапталып, жас қазақ қыздың ағылшын капиталистінің зорлағаны айтылады. Оқырмандар романның әрбір оқиғаларын тереңірек баяндап, оларға өз адами көзқарасын беріп отырды. Роман бойынша дайындалған жеті сұрақ бойынша оқырмандардан жауап алынып, жазушының сол кездегі қойған өзекті мәселелерін бүгінгі замандағы мәселелермен салыстырып отырдық. Мысалы, сол кездегі көмір өңдеу технологияларының нашарлығы, жұмысшылардың ешқандай сақтандырусыз жер астында жұмыс істеуі, тіреулердің нашарлығы және тағы басқа. Ал қазір ол жұмыстардың көбісі техника күшімен жасалып, шахтерлардың өмір қауіпсіздіктері бірінші жолға қойылған. Небәрі 23 жасында сұм ажал жазушыны арамыздан алып кетті. Сондықтан бұл роман аяқталмай қалған. Әйтсе де, жазушының өмірге деген сүйіспеншілігі мен туған ұлтына деген шексіз махаббаты баршамызды әрқашанда таңқалдырмай қоймайды. Пікірталас қызу және тартымды болып өтті. Көрме ұйымдастырылып көрме сөрелеріне С. Ерубаевтың бар еңбектері мен дыбысталған әдебиеттері қойылды.

(Катишев Сабит – ОҚО арнайы кітапханасының тифлобөлімінің меңгерушісі)

 

 

 

 
Ескендирова Галиябану Захановна награждена медалью «Кітапхана ісінің ардагері» PDF Print E-mail
Жаңалықтар - Іс – шаралар мұрағаты

Ескендирова Галиябану Захановна награждена медалью «Кітапхана ісінің ардагері»

 

 
<< Бірінші < Алдыңғы 11 12 13 14 15 Келесі > Соңы >>

Страница 13 из 15