Іс – шаралар мұрағаты
«Ата Заң – кемел келешектің кепілі» PDF Print E-mail
Жаңалықтар - Іс – шаралар мұрағаты

«Ата Заң – кемел келешектің кепілі»

Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясының

қабылданғанына 20 жыл

Ешкім де мін таға алмас елдігіме!
Дауласып жармаспайды белдігіме.
Бойында Ата Заңның өріліп тұр
Даламның кеңдігі де, теңдігі де!

Бағынған өз заңына жұмыр ғалам,
Сондықтан Күннен Жерім суынбаған.
Қоғамның сан саласын реттейтін
Әрбір заң Ата Заңнан туындаған.

Болғанмен бұл Өмірде айлаң күшті,
Ел үшін кім тындырар қайран істі?!
Еліңнің дамуы мен дағдарысы
Ол-дағы Ата Заңға байланысты!

Нұр шашқан жас ұрпақтың ұғымына,
Тікелей әсер еткен ғұмырына
Айналды Ата Заңым мызғымайтын
Тәуелсіз мемлекеттің тұғырына!

Біздің кітапханамыздың тифло залында Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясының қабылданғанына  20 жыл толуына байланысты 28 тамыз күні кітапхана оқу залында сағ. 11.00-де «Ата Заң – кемел келешектің кепілі»  атты мерекелік кеш болып өтті. Әдеттегідей кітапханаға І-ІІ-ші топтағы аға буынды және «Үміт» мектеп-интернатының оқушылары жиналды.

1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз ҚР тұңғыш конституциясының  негізгі заңы қабылданды да, 1995 жылы 30 тамызда біздің қоғамымызда өзгерістерге, жаңа талаптарға сай толықтырылған жаңа Конституциясы өмірге келді.Қазіргі Ата Заң 98 баптан, 9 бөлімнен тұрады. Бұл күнде ата Заңымыз өз күшінде. Бәріміз де Ата Заңға бағынып, соның баптарымен жүруіміз керек. Ата Заңда айтылғандай, адам – мемлекеттің басты байлығы. Адамның құқығы мен міндеті Заңда толық көрсетілген. Тек соны әркім өз білгенінше, өз қалауынша жүрмей, жауапкершілікті орындауға міндетті.Өзіміздің ойшылдарымыз Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би және Абай Құнанбаев та адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаған. Адам дүниеге келгеннен кейін, оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын, біздің мемлекетіміздің Ата Заңы – Конституция қорғайды.

Біздің еліміздің ең алғашқы Конституция негізін қалаушы – Қорқыт бабамыз. Ол кісінің конституциясы «Адат» деп аталады. Ол мынадай негізгі баптардан тұрған: Атамекенді Жерұйық деп білу,оны жаудан қорғау, жер суды белгілі тәртіппен пайдалану, дау жанжалды ақылмен шешу, кінәліні жазасыз қалдырмау.
Аруна – Бұл құжат еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бас болуымен қабылданды.
Бастайтын болашаққа бас кемені,
Осы жол халықтың да нақ сенері!
«Халқыма адалмын!» деп Ата Заңға
Елбасы қолын қойып Ант береді.

Ата-бабаларымыз сан ғасыр арман еткен Егемендігімізге қол жеткізіп, бүгінде өзіміздің Ата Заңымыз бар, біз бақытты ұрпақпыз. Конституцияны білу, заңды білу біз үшін міндет сияқты. Себебі, заңды білмесең, өз құқығыңды қорғай алмайсың.

Ата Заң. Азаттығыңды айқындайтын, Тәуелсіздігіңді паш ететін, Егеменді ел екеніңді танытатын, дербес мемлекеттігіңді көрсететін қастерлі құжат.

Ата Заң. Азаматтың арқа сүйер алтын арқауы. Біздің бүкіл тыныс-тіршілігіміз, өмір салтымыз, қоғамның тамыр бүлкілі – барлығы сол Заңнан бастау алады.

Ата Заң. Әрбір азаматтың конституциялық құқын танытатын, әр қазақстандық бұлжытпай орындайтын заңдардың темірқазығы.

Ата Заң. Дүние есігін ашқаннан бастап, басың құбылаға қарағанға дейінгі уақытта сенің құқыңды сақтайтын, құр сөреде жатпайтын баталы заң.

Кітапханамыздың оқырманы жеке кәсіпкер І-топ көз мүгедегі Сыздықов Жұманәлі Мұсаұлы 7 зағип жандардың ұл-қыздарына қайырымдылық шара өткізіп, оларға мектепке керекті қажетті заттармен қамтамасыз етті. Оқырмандар іс-шарадан үлкен әсер алып, жақсы көңіл-күймен тарқасты. Мерекелік іс-шараға БАҚ өкілдері «Хабар» телеарнасымен «Оңтүстік Қазақстан» және «Қызмет» газеттерінің тілшілері келді.

Тифлосектор кітапханашысы

Абжаппарова Л.А.

 

 

 

 

 
К 80-летию Е.А.Евтушенко PDF Print E-mail
Жаңалықтар - Іс – шаралар мұрағаты
Толығырақ...
 
Тәуелсіздік ел тірегі – елбасы елдің жүрегі PDF Print E-mail
Жаңалықтар - Іс – шаралар мұрағаты

«Тәуелсіздік ел тірегі – елбасы елдің жүрегі»

(16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күні)

Жылда елімізде Тәуелсіздік күніне үлкен мән беріледі. Сондықтан бізде өз тарапымыздан осы атаулы күнге әрдайым іс-шараларымызды арнап, оқырмандарды шақырамыз. Әдеттегідей, оқу залына «Үміт» мектеп-интернатының оқушыларымен аға буынды оқырмандар және жастар жиналды. Іс-шара тақырыбын «Тәуелсіздік ел тірегі – Елбасы елдің жүрегі» деп қойдық. Кездесу Т. Сатыбалдының «Желтоқсан» атты өлеңімен басталды. Баяндаушылар Л. Абжаппарова мен О.Русинова орыс және қазақ тілінде Қазақстанның Тәуелсіздік тарихына шолу жасап, жұртшылыққа қазақ азаттығының жолдарын айтып өтті. Одан әрі сөзін І-топтағы оқырман Тайтелеева Ақжүніс Л. Амановтың «Қара бауыр, қасқалдақ» әнімен жалғастырды. Өз тілегін кітапхана директорының орынбасары Б.Нұрманбетов мырзаға жиналған ағайынды келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтап, «Нұр Отан» әнін тарту етті. Содан-соң «Үміт» мектеп-интернатының оқушыларына сөз берілді. Олар оқырмандарға «Сұңқар» күйшілер тобының өнерін көрсетті. А. Смадияр, Б. Нұрақ «Алға Қазақстан» және «Қазақ елі» секілді әндерін тамаша орындап берді. Сондай-ақ аға буынды оқырманның бірі М. Сайғана оқушыларға өз ризашылығын білдіріп, елімізде мәңгі бейбітшілік болсын деген аналық ақ тілегін білдірді. Өз тілектерін Р.Скрябина, Н. Жұмағұлов, С. Катишев Отанымыздың туымен Тәуелсіздігіміздің тұғыры берік болсын деген сөздерді айтып жатты. Іс-шара соңында келушілердің бәрі орнынан тұрып, ҚР әнұранын айтып аяқтады.

(ОҚО арнайы кітапханасының тифлосектор қызметкері Л.Абжаппарова)


 
Шымкент қаласына 2200 жыл PDF Print E-mail
Жаңалықтар - Іс – шаралар мұрағаты

«Сәулеті мен дәулеті асқан Шымқала»

«Жайна, жаса, жасыл қала!»

(Шымкент қаласына 2200 жыл)

Кітапханалық іс-шаралар арасында біз туған өлкемізге көп көңіл бөлеміз. Шымкент қаласы биыл 2200 жылдық мерей тойын тойлап отыр. Сондықтан «Сәулеті мен дәулеті асқан Шымқала» атты іс-шараны оқырмандармен өткізуді жөн көрдік. Бұл тақырып бәріне де қызық болса керек. Өйткені оқу залында аға буынды және жас буынды оқырмандар араласып келді. Жүргізуші С. Катишев оқырмандарды сүйікті қаламыздың тарихымен танысуға шақырды. Баяндаушылар Л. Абжаппарова мен Н. Тұяқбаева орыс және қазақ тілінде қаланың ежелгі орын тепкен жерінен бастап, Шымкент сөзінің баламасын парсы тілінде айтып беріп, содан-соң бүгінгі Шымкенттің келбетін суреттеді. Баяндама экрандағы слайдтармен көмкеріліп отырды. Осыдан кейін «Шырайлы Шымкентім» атты ән қойылып «Түнгі Шымкент» атты бейнеклип көрсетілді.

Президентіміз Оңтүстік өңіріне аса көңіл бөледі. Себебі, бұл жер қазақ тілі қаймағының тұңған жері деп түсіндірді жүргізуші. Сондықтан іс-шараның екінші бөлімі Шымкент қаласының бас жоспарына арналды. Баяндамашылар орыс және қазақ тілінде жұртшылықты үкіметтің ақырғы бекітілген бас жоспарымен таныстырды. Ол құжатта қаланың әкімшілік орталығы, жаңа пайда болатын аудандар және тағы басқа күрделі өзгерістер айтылды. Таныстырудың соңында оқырмандар бір-бірімен қызық әңгіме дүкен құрып жатты. Өйткені қала болашағы қай-қайсымыздың болса дағы толғандырмай тұрмайтыны анық. Іс-шара соңында осы тақырыпқа көрме қойылып, өлкелік БАҚ әдебиеттері қойылды.

 

 

 

 




 

 


 

 
«Дос-Мұқасан» - қазақ эстрадасының аңызы (Композитор М.Құсайыновтың туғанына 65 жыл) PDF Print E-mail
Жаңалықтар - Іс – шаралар мұрағаты

Бүгінгі іс-шара «Дос-Мұқасан» ансамблінің құрылғанына 45 жыл және сол топтың композиторы әрі әншісі М.Құсайыновтың туғанына 65 жыл толуына арналды.

«Дос-Мұқасан» - қазақ эстрадасының абызы мен аңызы. «Дос-Мұқасан» - қазақ эстрадасы сахнасының рухани, эстетикалық күш-қуат беретін прожекторы. Қазіргі буын осы ансамбльді онша біле бермейді және әндерін тыңдамайды.Сол себепті кейінгі кездері біздің Қазақстанда ретро-фестивальдар жиі өтетін болды.

Біздің іс-шарада ансамблдің құрылу тарихы айтылды және «Жайдарман», «Той жыры», «Алматы түні» т.б. әндерін тыңдап оқырмандарымыз ортаға шығып би биледі.

«Дос-Мұқасан» - тұтас бір дәуір деп атасақ та болады. Ол – біздің тарихымыз. Ал тарихты ұмытуға болмайды. «Одан нәр алып қана алға жылжимыз» - дейді, аға буын құрдастары.

Іс-шараның мақсаты: Қазақстанның музыка өнері жайында, аңызға айналған «Дос-Мұқасан» ансамблі жайында мағлұмат беру.

Ұйымдастырушылар: Қызмет көрсету бөлімі.

Іс-шараға қатысушылар, саны: 16 оқырман

Өткізген орны: Оқу залы

Өтетін уақыты: 18 қыркүйек, сағ 11-00.

 

 

 

 


 
<< Бірінші < Алдыңғы 11 12 13 14 15 Келесі > Соңы >>

Страница 14 из 15