Діни экстремизм және терроризмге қарсы іс-шара |
Тағы да діни экстремизм және терроризм туралы да айтып өтілді. Діни экстремизм қаупі ерекше алаңдаушылық тудырып отыр. Соқыр фанатизм біздің бейбітсүйгіш халқымыздың психологиясы мен діліне мүлде жат екені қызметкерлер мен оқырмандар арасында түсіндірілді. |
Еңбек инспекторымен кездесу |
ОҚО еңбек инспекциясы басқармасының мемлекеттік еңбек инспекторы Асылбеков Қ.Д. келіп, кітапхана қызметкерлерімен іс-шара және түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қызметкерлер өз сұрақтарына қанағаттанарлық жауап алды.

|
Төтенше жағдайларды алдын алу |
Облыстық арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапхана қызметкерлері арасында 2018 жылдың 22 ақпанында төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында арнайы маман Л.Пидько шақыртылып табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туралы талқыланып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді және көрнекіліктер мен бейнероликтер толықтай таныстырылды.

|
Кітапхана қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларына құқықтық түсіндіру, тифломағлұмат беру, жемқорлыққа жол бермеуді түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кітап көрмесі насихатталды.

|
Президенттің бес әлеуметтік бастамасы |
|
Оңтүстік Қазақстан облыстық арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын ұжым арасында талқылап негізгі алға қойған 10 бағытқа тоқталып өтті. Ұжым Елбасының Жолдауын толықтай қолдап және оны іске асыруға бірлесе жұмыс жасайтынын айтып өтті.

|
Терроризмге қарсы іс-шара |
Облыстық арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапхана қызметкерлері арасында ОҚО ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті тарапынан жаңадан инфографикалар мен жадынама әзірленіп, облыстық мәдениет басқармасының ұсынысымен талқыланып, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, көрнекіліктермен толықтай таныстырылды.



|
«Ұлағатқа бастар, ұлттық бағдар» |
Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттап, оны іске асыру барысында еліміздің кез-келген өңірінде көптеген жобалар жүзеге асып отыр. «Рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген барлық бағыттар негізінде руханиятымызға бет бұрылды. Бұл күнде Оңтүстік өлкесіндегі көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапхана ұжымы да Елбасымыздың мақаласын насихаттау және оны жүзеге асыру барысында кітапханада сәуір айынан бері бірнеше іс-шаралар атқарды. Қыркүйек айының 13-15 күндері арнайы кітапхана жанынан ақпаратты - насихат тобы құрылып, өз жұмысын кітапханалық пункттерінде жалғастырды: Облыстық офтальмологиялық ауруханасы, Облыстық мүгедектерді бейімдеу және сауықтыру орталығы, көзі көрмейтін балаларға арналған «Үміт» мектеп-интернаты.

|
Дойбыдан Қазақстан Чемпионатына іріктеу турнирі |
Оңтүстік Қазақстан облыстық арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханасының оқу залында 2017 жылдың 18 ақпанында дойбыдан (шашки) көз мүгедектері арасында Астана қаласында өтетін Қазақстан Чемпионатына іріктеу турнирі болып өтті. Іріктеу турниріне арнайы кітапхана қызметкерлері, Қазақ Соқырлар қоғамы мүшелері, әлсіз көретін балаларға арналған «Үміт» мектеп-интернаты оқушылары қатысты. (Жаттықтырушылары Қ.Алдажұманова, Ш.Сәкенқызы).
Іс-шарада «Отырар» телеарнасының түсіру тобы болды.

|
|
|
|
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 Келесі > Соңы >>
|
Страница 5 из 6 |