Жаналықтар
Workshop on the exchange of experience 04,2023

“Шекарасыз қолжетімділік: Зағиптарға арналған кітапхана және жоғары оқу орындарының инклюзивті қоғам құрудағы ынтымақтастығы”

Бұл іс-шара Шымкенттегі зағип азаматтар, жоғары оқу орындары мен колледждерге арналған кітапхана өкілдерін инклюзивті білім беру саласындағы өзекті мәселелер мен озық тәжірибелерді талқылау үшін біріктірді.

???? Семинар - зағиптарға арналған Қазақ шрифтінің көрнекті авторы Ақан Қасымовтың 95 жылдығына орайластырылған. Ақан Қасымов - инклюзивті білім беруді дамытуға және зағиптар үшін ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосты. Оның жұмысы Қазақстандағы мыңдаған зағип студенттерге білім алуға және қоғамға кірігуге мүмкіндік берді.

 
экскурсия 13.12.2022

 
Кітапханаға сурдоаудармалы саяхат

https://www.youtube.com/watch?v=gf4bkGVYv2w

 
Экскурсия по библиотеке с сурдопереводом

https://www.youtube.com/watch?v=gf4bkGVYv2w

 
19062022

Шымкент қалалық тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты 4 кітапхананың ұйымдастыруымен Арбат демалыс саябағында

“ Қайырымды қала құшағында” - атты балалардың сурет байқауын өткізді.

Қала күні мерекесіне орай өнерлі балалардың сүйікті қалаға деген махаббатын өздері салған суреттері арқылы жеткізді. Сайысқа көптеген қала жастары қатысып, арнайы кітапхананың көрмесін тамашалады.

 
23042022

23 сәуір - Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күні.
Мереке Халықаралық Кітап баспа Ассоциациасының ынтасымен 1969 жылдан тойланып келеді.Биылғы жылы бұл күн Шымкент қаласының орталық саябағында, қаланың қос кітапханасының бірігіп ұйымдастырумен “ Кітап- сарқылмас рухани әлем”тақырыбында өтті.
Іс-шараға қала қонақтары, оқушылар, жасөспірім балалар және де іс-шараның басты қонақтары болып Шымкент қаласының зиялы қауым өкілдері қатысты. Мектеп оқушылары әсем әндері мен белгілі ақындардың өлеңдерін оқып, керемет күйлерін тарту етті.
Арнайы және Әл - Фараби атындағы ғылыми - әмбебап кітапханаларының қызметкерлері мерекеге орай өздерінің керемет дайындықтарын көрсетті.
Іс-шараның басты қонақтары - кітап әлемінен келген “Кітап патшасы” мен “Білім ханшайымы” қала тұрғындары тарапынан үлкен қызығушылыққа ие болып, тамаша көңіл - күй сыйлады.
Қос кітапхана биылғы “Балалар жылына” арнап, ақын жазушылардың туындыларынан кітап көрмесін ұсынды.
Осы мерекеге Арнайы кітапхананың тұрақты оқырмандары да келіп, өздерінің ән- шашуларын тарту етті.

 
31.12.2021

Шымкент қалалық арнайы кітапханада жаңа жыл мерекесіне орай, балалардың “Сиқырлы арман” ғажайып акциясының арқасында армандары орындалды.

Балалардың армандарының орындалуына үлкен үлес қосқан себепкерлерге алғысымыз шексіз. Жаңа жыл мерекесі құтты болсын.

 
19062021

Қала күні

 
070621

Құттықтаймыз!!!

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының қызметкерлері, бөлім меңгерушілері Ақтаева  Ғалия Арзанбекқызы, Тұяқбаева Назиля Тұрабайқызы, директор орынбасары Тұранбаева Ұлбике Мүтәнқызы Қазақстандық Кітапханалық Одағы атынан «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ КІТАПХАНАШЫСЫ» төсбелгісімен марапатталды. Әріптестерімізді құттықтаймыз, кітапхана саласында көп жылдар бойы атқарып келе жатқан еңбектеріне  жеңістер мен жемістер тілейміз, дендеріңіз сау болып, арнайы кітапхананың заманауи дамуына қызмет жасай беріңіздер.

Осындай кітапханашылар қауымына стимул беріп, еңбектерін елеп отырған Қазақстан Ұлттық кітапхананың директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақтың төрайымы Оспанова Бахытжамал  Қайырбекқызына,  жалынды сәлемдемесін жеткізген Түркістан облысының Қазақстандық Кітапханалық Одақтың өкілі Динасилова Шәрбану Әлмаханбетқызына үлкен АЛҒЫСЫМЫЗДЫ білдіреміз. Білікті де, білгір, нағыз кәсіби маман иелерін, басшыларымызға зор денсаулық, баянды өмір тілейміз.

 
Тағы мақалалар...
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 Келесі > Соңы >>

Страница 2 из 5

ҚР Президентінің Жолдауы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы     ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Респуб...

ҚР рәміздері

ҚР Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiр...

Против коррупции
Против коррупции

Открытый бюджет