Іс – шаралар мұрағаты
«Наурыз нұры бақыт сыйласын!» (22-наурыз мейрамы) «Наурыз думан» байқауы (зағип жандар арасында әжелер сайысы)

Өтетін уақыты: 21 наурыз, сағ 11-00.

Іс-шараның мақсаты: Ұлттық дәстүрді жанғырту аясында ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесіне арналған әжелер сайысын өткізіп рухани құндылықты дәріптеу.

 

Оңтүстік Қазақтстан облыстық арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханада ұлыстың ұлы күні 22 наурыз мерекесіне арналған кітапханамыздың тұрақты оқырмандарынан құралған әжелер байқауы болып өтті. Байқауда алдымен Ербек Бакиев мерекеге арналған жыр шумақтарын оқыды. Л.Абжаппарова кеш тізгінін қолға алып алғашқы сөз кезегін кітапхана директоры Б.Нұрманбетовке берді. Кітапхана басшысы келген оқырмандарға наурыз мерекелерімен құттықтап ақ тілегін арнады. Жүргізуші әжелер сайысына қазылық ететін әділқазылар алқасымен таныстырып сайысты бастап кетті. Әжелер сайысына кітапхана директорының орынбасары Л.Темірбаева, тұрақты оқырман Н.Жұмағұлов, кітапхана қызметкері С.Сейтказиева қазылық жасады. Сайысқа  бес әже қатысты

1) Айнашева Гүлнар Мұхтарқызы

2) Рахимова Рахат Зұлыпқарқызы

3) Таукелова Анаш Жүсіпқызы

4) Әйтек Зәуре Әбдіразаққызы

5) Юсупова Миіркүл Еркінбайқызы

Сайыс 5 бөлімнен тұрады. 1) Өзін - өзі таныстыру. 2) «Наурыз көже» үй тапсырмасы. 3) Атадан балаға қалған үлгі өнеге «Ырым тиымдарды атау». 4) Сұрақ- жауап, мақал-мәтел. 5)Ақ кимешектер сән үлгісі. Әжелер 5 сайыстан мүдірмей  өтіп жоғары денгейде өнер көрсетіп «Өнегелі ақ әже», «Тіл үйірер бал көже», «Мақал сөздің мәйегі», «Ұтқыр ойдың жүйрігі», «Көктем шуақ көңілге нұр» атты номинациялы дипломдар мен заттай және қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Қаржылай демеушілік көрсеткен Шымкент қалалық ОҚО кәсіпорын директоры М.Пірімжанов және заттай сыйлық жасаған кітапхана әкімшілігі. Байқау соңыда биыл 80 жасқа толып отырған Сайғана Мәдет әжемізды де құттықтап алғыс хатпен бағалы сыйлықтар табысталып, әсем әнге ұласып, наурыз көже таратылды. Үлкендер жағы бата - тілегін арнап, оқырмандар көктемгі ерекші көңіл күймен қуанып тарқасты.

 

 

 

 

 

 

 
«Жұмақ ананың табанының астында» (8 наурыз Халықаралық әйелдер күні)

Оңтүстік Қазақстан облыстық арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханада 8 наурыз халықаралық аналар мен қыз келіншектерге арналған «Жұмақ ананың табынының астында» атты мәдени іс-шара, мерекелік кеш өтті. Кешті Э.Әбжаппар жүргізді. Алдымен сөз кітапхана басшысы Нұрманбетов Бәкір Әбдіұлы мен облыстық қазақ зағиптар қоғамының төрағасы Алтынбеков Нұрғали Әмірбекұлына берілді. Сөз алған ағалар келген оқырман қауымды, жалпы аналар мен қыз- келіншектерді келген көктем мерекесімен 8 наурыз мейрамымен құттықтап, ыстық ықыласқа толы лебіздері мен ақ тілегін арнады. Сөз соңында ҚСҚ басшысы Н.Алтынбеков залдағы отырған барша қыз - келіншектерге тарту – таралғы сыйлығын  тарту етті. Мерекелік кешке «Болашақ» колледжінің өнерлі жастары, «Байрақ» тобы мен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің талантты қыздары келіп оқырмандарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, әсем әндерін тарту етті. Кеш барысында аяулы арулар мен асыл жанды аналардың құрметіне жырдан шашу шашылып, көрермендерді көңілдендіретін халық әні «Ақжайнақ», «Қызыл өрік», «Счастье тебе, земля моя», «Бол жанымда» т.б. әндер шырқалып кейбір аналарымыз еріксіз билеп те алды. Кеш соңында келген өнерлі дарынды жастарға арнайы сыйлықтармен алғыс хаттар табысталды. Кешке қатысқан аналарымыз дән риза болып, өз алғыстарын білдіріп, жүздері жадырап тарасты.

(ОҚО арнайы кітапханасының қызмет көрсету бөлімі )

Іс-шара 4 наурыз 2015 ж. өтті

 

 

 

 
«Мың өліп, мың тірілген - қазағым» (Қазақ хандығының – 550 жылдығына орай)

Биылғы жылы елімізде өте үлкен  іс-шаралар өткелі отыр. Соның ішінде, атап айтатын болсақ,  Қазақ  хандығының құрылғанына  550 жылдық мерейтойы. Осы орайда  Облыстық арнайы көзі көрмейтін  және әлсіз көретін  азаматтарға арналған кітапханасында  «Мың өліп, мың тірілген - қазағым» атты  үлкен ауқымды тарихи-танымдық  кеш  өтті. Тамырын тереңге жайған тарих беттерінен хабардар болғысы келген жастарымыз да, қарттарымыз да залға толып кетті. Іс-шараны кітапхана директорының орынбасары Л.Темірбаева  «Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды» деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, тарихымыз жайлы біраз мағлұматтармен ашып берді. Қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Н.Туяқбаева  мен кітапханашы Э.Әбжаппар  қазақ және орыс тілдерінде  қазақ хандығының құрылуы жайлы көпшілікке баяндап берді. Бабаларымыз «Жерұйық» жерді, құтты мекенді аңсап төрт құбыласы тең, қазығы берік, мамыражай тіршілігі бар мемлекет құруды, ішімен сырты бүтін мәңгілік ел болуды мұрат етті. Қайнар бастауын адамдық ізгіліктен, бейбітшіл көзқарастан, кіндік қаны тамған жерге адалдықтан алып жатқан ұлы мұрат, қазақ халқы басынан қаншама қилы заман кешсе де атадан – балаға, ұрпақтан – ұрпаққа бұлжымас аманат болып келеді. Бүгінгі Қазақстан осы сан ғасырлық мемлекеттілік қағидалары мен елдік ұстанымдардың заңды мұрагері. Ғасырлар тоғысында еркіндікті аңсаған ата – баба арманы жүзеге асып, егемендікке ие болдық. Осы тақырыпқа байланысты   кітапханамыздың ақпараттандыру орталығы дайындаған  Қасым хан және Тәуке хан жайлы бейнероликтер екі тілде көрсетілді. Залда «Қазақ хандығының 550 жылдығына » орай үлкен ауқымды көрме ұйымдастырылды. Көрмеге хандар жайлы түрлі сан алуан кітаптар қойылды. Атап айтсақ,  хандар жайлы  брайльша яғни нүктелі – бедерлі шрифтпен, «Қазақ хандығы: құрылуы, өрлеуі, құлдырауы» атты кітапхана студиясы үндендірген кітабы, хандар бейнесі тактильді сурет түрінде, билердің бейнелері кіші қалыпты мүсінде қойылды. Іс-шарамыздың екінші бөлімінде облыстық  Ж.Шанин атындағы драма театр  әртістері  Е. Шымырқұлов, С. Жақыпов,  Ұ. Артикбаев,  М. Нұралиев  өз өнерлерін көрсетті. Ата бабаларымыздың дау-дамай, бітім - келісімдерін әділ шеше білген үш биіміз Қазыбек, Төле,  Әйтеке билер және Абылай ханның  өмірлерінен үзінді көрініс көрсетті. Оқырмандар көріністен өте үлкен шынайы әсер алды. Арнайы кітапхана оқырмандары әртістердің шеберлігіне дән риза болды. Әртістердің өз рөлдерінде шебер ойнауының арқасында, өзімізді бағзы бір сол кезеңде өмір сүргендей сезіндік. Іс-шараны «ТVК», «Айғақ» телеарналары келіп түсірді. Кітапханамыздың белсенді  оқырмандары А.Тайтелиева өзінің әсем әнін оқырмандарымызға орындап берді. Кітапхана оқырмандарына  құрмет көрсетіп, ата - тегіміз жайлы «Халық қасиеті» атты әсем әнін Е.Темірбаев орындады.  Ж.Шанин атындағы драма театрдың белгілі әртісі  Е.Шымырқұлов ағамыз оқырмандардың сұрауы бойынша бірнеше ән орындап берді. Кеш соңында  кітапхана директоры Б. Нұрманбетов қонақтарға  алғысын  білдіріп, естелік кітаптар тарту етті. Іс - шара қызықты өте тартымды өтті.

(Эльмира Әбжаппар – ОҚО арнайы кітапханасының қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы)

Іс-шара 18 ақпан 2015 ж. өтті

 

 

 

 
«Сегіз қырлы бір сырлы азамат» (Қазақтың халық ақыны, жыраушы, Құлназар ақынның туғанына 155 жыл)

Іс-шараның мақсаты: Оқырмандарды ұлы тұлғалардың өмірбаянымен шығармашылықтарымен таныстыру

Барлық аудандық кітапхана филиалдары мен пункттерінде, Қазақтың  халық ақыны, жыраушы, Құлназар ақынның туғанңына 155 жылдығына осыған орай  шығармашылық  кештер, сазды  кештер, ән-күй сағаты, кітап көрмесі, шолулар өтті. Оқырмандар ән-күй, жыр, терме,  ақындық айтыстар, әндер тыңдады. Біздің оқырмандарымыз негізінен мүгедек кісілерден тұратындықтан кітапханамызда әрдайым іс- шараларды ерекше өткізуге тырысамыз. Бұл жолы да атаулы күн ерекше қызықты да тартымды өтті. Іс-шараның тақырыбын «Сегіз қырлы бір сырлы » деп атадық.. Кітапханаға  әдеттегіден көп аға буын кісілер жиналды.

Үақыты: 5 ақпан, сағ 11-00.

 
«Жазушының насихаты – оның көркем шығармасы» (Жазушы М.Мағауинның туғанына 75 жыл)

Аса көрнекті жазушы, белгілі әдебиет зерттеушісі, ғалым, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың, «Түркі дүниесіне қызмет» халықаралық сыйлығының лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы, бүгінгі қазақ әдебиетінің көшбасшыларының бірі Мұхтар Мағауин ағамыздың 75 жыл толуына орай  Оңтүстік Қазақстан облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында  «Жазушының насихаты-оның көркем шығармасы» атты іс-шара болып өтті. Кітапханашы Э.Әбжаппар ақынның өмірбаянынан оқырмандарымызды хабардар етті. Тумысынан қабілетті, талапты бала жасынан кітапқұмар, білімге құштар болып өседі. Барлық пәнді өте жақсы оқумен қатар әдебиетке деген ынтасы ерте оянған Мұхтар мектеп қабырғасында жүргенде-ақ қазақ әдебиетінің мол қырынан сусындап, әлем әдебиетінің үздік үлгілерімен танысып үлгереді. Мектепті алтын медальмен аяқтап, Қазақ мемлекеттік университетін үздік бітіріп оның аспирантурасын тамамдаған  Мұхтар қазақ хандығы дәуіріндегі қазақ әдебиеті бойынша зерттеу жүргізіп, диссертация қорғауының нәтижесінде әдебиеттану ғылымына аса маңызды ғылыми жаңалық қосты. Мұхтар Мағауин сирек кездесетін білімдар, ғұлама ғалым, әмбебап қаламгер. Оның әдебиет зерттеушілігі, тарихшылдығы, көсемсөзшілігі бірімен бірі кірігіп жатқан бірлікте, ажыратуға келмейтін тұтастыққа көрініс табады. Жазушының әр бір жазған туындысын алсаңыз  негізгі түйіні қазақ тағдыры, ұлттық болмысы, бабалар өнегесі, ұрпақ болашағы, тіл мен діл жайындағы ойларға барып тіреледі. Оқу залында жазушының қылқаламынан шыққан туындылары, еңбектері және баспасөз беттеріне жарияланған мақалалары  қойылған үлкен көрме ұсынылды. Оқырмандар өздеріне қызықты болған шығармалары жөнінде пікір таластырып ойларын білдіріп жатты. Осы кезде айта кететін жайт кітапханамыздың оқырмандары өз көздері мен оқи алмаса да жазушының дыбысталған кітаптарын алып оқып шыққан екен. Тағдырынан теберіш көрген біздің арнайы кітапханамыздың оқырмандары үшін осындай жазушы ағаларымыздың қолынан шыққан туындылары жүректеріне, көңілдеріне үлкен жылу береді.

(ОҚО арнайы кітапханасының қызмет көрсету бөлімі )

Іс-шара 4 ақпан 2015 ж. өтті

 

 

 
«Ереуіл атқа ер салмай» (Қазақтың ержүрек батыры және жалынды ақын М.Өтемісұлына 210 жыл)

«Ереуіл атқа ер салмай»

(Қазақтың ержүрек батыры және жалынды ақын М.Өтемісұлына 210 жыл)

Қазақ халқының  азаттығын көксеген күрескер, ел бастаған батыр, өр рухты ақын Махамбет Өтемісұлының  210 жылдығына арнап  ақынның шығармашылығын  насихаттау барысында  Облыстық  көзі көрмейтін және әлсіз көретін азматтарға арналған арнайы кітапханасында  «Ереуіл атқа ер салмай» тақырыбымен әдеби кеш өтті. Кешті кітапханашы Л.Абжаппарова  ақынның өмірбаяны жайлы деректерден бастап кетті.  Махамбет Өтемісұлы - 1803 жылы Ішкі Бөкей  ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек  ауданы, Нарын құмның Жанқұс жерінде туған. Атасы Құлмәлі, әкесі Өтеміс те өз заманында  айтулы тұлғалар  болған. Құлмәлінің тұқымынан  билер де шешендер де шыққан. Махамбет жастайынан ақындық өнерге құмартып өсті. Орыс, татар, араб тілдерін тәуір меңгерген. Мұны ол жазған хаттардан айқын аңғаруға болады. Асқан дарындылығына қалың жұртшылық бас иген. Махамбет тек от ауызды сөз шебері ретінде ғана ел құрметіне бөленген жоқ, сонымен бірге, өзінің батырлығы, даналығы  мен адамгершілігі арқасында да даңққа бөленді. Ол  халық арасында болып жататын  келеңсіз құбылыстар мен келелі істерді өлеңдеріне арқау еткен. Есімі қалың жұртшылыққа таныла бастаған асқақ ақынды Жәңгір хан өз еркіне көндіріп, билік басында отырғандарға  қарсы өлеңдер шығаруға тиым салғысы келеді. Алайда көзі ашық, көкірегі ояу  ақын оның бұйрығына мойын ұсынбады. Ал Жәңгір хан болса, оған үстемдік жасау мақсатымен Махамбетті қамауға алғызды. 1829-1830 жылдар аралығында Махамбет қала бекшісінің түрмесінде отырды, бостандыққа шыққан соң Исатай Таймановқа қосылды. 1836-1838 жж. И.Тайманұлы бастаған шаруалар көтерілісінің  жалынды жыршысы, қозғалысты  ұйымдастырушылардың  бірі болды. Кіші жүздің батыс бөлігінің әкімі Б.Айшуақов та Махамбетті қудалауын қоймады. Ол ақынның басына 1000 сом тігіп, оны ұстау үшін арнайы адамдардан  құралған қарулы жасақ жібереді. Махамбет хорунжий Тұрымұлының қолынан қаза табады. Махамбет халықты патшалық, хандық өіметке қарсы қарулы көтеріліске шақырған алғашқы қазақ ақыны.  Махамбет  шығармалары-бұқара өмірінің рухани-поэтикалық шежіресі, шаруалар қозғалысының шынайы бейнесі. Ол  жыраулық поэзияның көркемдік әлемін байытып, шығармаларында ұлт-азаттық идеяларын      көтерді, елдікті сақтап қалуға шақырды. Қаншама қиын қыстау кезеңдерді бастан өткізген қазақ елінің азат ел болуына осындай дара, дана тұлғалардың  өмірлері болашақ ұрпақтарға үлгі өнеге болсын демекпіз. Ақынның  көптеген өлеңдері айтылып, үзінділер оқылды. Оқырмандар арасында ақынның өлеңдеріне өзара пікірталастар туды. Әдеби кеш тартымды әрі қызықты болып өтті.

(Эльмира Әбжаппар – ОҚО арнайы кітапханасының қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы)

Іс-шара 28 қаңтар 2015 ж. өтті

 

 

 

 

 

 
«Әлемде талай қызық бар» (Мерзімді басылым беттерінен)

«Әлемде талай қызық бар»

(Мерзімді басылым беттерінен)

 

Міндетті түрде БАҚ материалдары бойынша дауыстап оқулар жүргізіледі.               29  қаңтар күні Бәйдібек аудандық филиалында кітапханашының үйымдастыруымен дауыстап оқу сағаты өтті. Жаңа кітаптардан басқа, біздің оқырмандарды жаңа баспасөз материалдары да қызықтырады. Барлық материалдарды біз оқырмандар талабына сай тақырыптарға бөліп отырамыз. Мысалы, біреулерді медицина жаңалықтары қызықтырса, басқаларды тұрмыстық техниканың жетістіктері, бір атақты тұлғаның өмірбаяны қызықтырады. Осындай қызықты іс-шарадан кейін оқырмандардың газеттер мен журналдарға деген қызығушылы-ғы арта түседі.

Іс-шараның мақсаты: күніге кітапханаға келіп жатқан баспаларды насихаттау және шолу жасау. Соңғы жаңалықтар мен өзгерістерді дер кезінде хабардар етіп отыру.

 
«Кеудесі сәуле кең сарай» (ҚСҚ президенті Б.Аубакировке 60 жас)

«Кеудесі сәуле кең сарай»

(ҚСҚ президенті Б.Аубакировке 60 жас)

Қазақ соқырлар қоғамының жұмысы біздің кітапханамыздың іс-жоспарымен тығыз байланыста. Себебі біздің оқырмандарымыздың бәрі зағиптар қоғамының мүшесі. Әу баста арнайы кітапхананың жүйесін құрған Қазақ соқырлар қоғамы.

Қазіргі таңда зағиптар қоғамының ауыртпалығымен қиындықтарын қуаныштары мен мұң-мұқтажын отыз бес жылдан астам алып келе жатқан Байболат Абайұлы Аубакиров. Бұл кісінің мерейлі тойына бізде іс-шарамызды арнауға жөн көрдік. Әдеттегідей оқу залға үлкенді-кішілі оқырмандар жиналды. Іс-шараны бастаған кітапханашы Әділбеков Ербол. Келген оқырмандарға сәлем беріп, бүгінгі күннің тақырыбын айта отырып Байболат Абайұлының өмірбаянын айта отырды. Б.Аубакиров 1955 жылы қаңтар айының 15 жұлдызында дүниеге келіпті. Көпбалалы арғын руының тумасы. Абай ақсақалдың тұңғыш ұлы еді. Ырымдап баласының атын Байболат деп қойған. Байболат өте кішіпейіл, мейірімді жігіт болып өсті. Орта мектепті бітірген соң жоғары оқу орнына түсіп, ауылшаруашылығы жұмыстарына жіберілген кезде кенеттен көз жарақатын алып, жанарынан айырылады. Өмірдің қиындығына қарамастан, Байболат Жамбыл облысы Шу ауданы, Новотроицк елді мекенінде соқырлар кәсіпорнына жұмысшы болып кіреді. Сол кездегі соқырлар қоғамының басқармасы Байболаттың еңбекқорлығын ескеріп, бірнеше лауазымдық қызметтерге тағайындады. 1980 жылы Байболат Абайұлы қазақ соқырлар төрағасы болып сайланады. Міне, күні бүгінге дейін ол кісі ерен еңбегінің арқасында экономика ғылымының докторы атағын алып, өз пайдасын қоғамымызға беріп келеді. Байболат Абайұлы үш баланың әкесі. Оның сүйікті жары Ғалия қашанда қиындықтармен қуаныштарды бөлісуде. Сонымен қатар, Байболат Абайұлы көптеген шәкірттер тәрбиелеп олар соқырлар қоғамының кәсіпорындарының жетекшілері, мұғалімдер және әншілер. Аубакиров әуесқой композитор. Оның көптеген әндері радио және теледидарда орындалып жүр. Мысалы «Ауылым менің», «Қазақ», «Астана», «Жанарым» және т.б.

Баяндамадан соң кітапханашы Л.Абжаппарова оқырмандарға   Байболат ағамыздың   кітаптарына сараптама жасады. С.Катишевтың баян аспабында сүйемелдеуімен А.Тайтелиева және Г.Темирова оқырмандарға Б.Аубакировтың бірнеше әндерін шырқап берді. Скайп ғаламтор арқылы Б. Аубакиров оқырмандармен тілдесіп, олардың бірнеше сұрақтарына жауап берді. Кездесу өте тартымды, жылы өтті.

(Катишев Сабит – ОҚО арнайы кітапханасының тифлобөлімінің меңгерушісі)

22 қаңтар, 2015 ж.

 

 
2015 жылдың іс-шаралар жоспары

2015 жылдың іс-шаралар жоспары

Жұмыстың бағыты

Іс-шаралар тақырыбы

Түрі мен әдістері

Қоғамдық-саяси әдебиеттерді насихаттау

«Халықтар бірлігі – мәңгілік ел тұғыры» циклынан:

(2015 жыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы)

Әңгіме

Кітап көрмесі

 

«В мире интересного»:

(Мерзімді басылым беттерінен)

Дауыстап оқу

«Дарынды ғалым, ұлағатты ұстаз»

(Тарихшы Е.Бекмахановқа туғанына 100 жыл)

Кітап көрмесі

 

«Ата бабаларымыздың өсиеттерінен танып білу»

(«Мәдени мұра» бағдарламасы аясында)

Танымдық кеш

«Живу и помню»

(Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына орай)

Халықаралық бейне-көпір

«Кең байтақ еліміз бар, елжанды еріміз бар»

(Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына орай)

Викториналық ойындар

«Өмірбаян» циклынан:

(Мерзімді басылым беттерінен)

Әңгіме-сұхбат

«Сарбаз болу - абырой»

(7 мамыр ҚР Отан қорғаушылар күніне орай)

Патриоттық тәрбие сағат

Кездесу кеш

«Ұрпаққа ұран болған ұлы жеңіс»

(9 мамыр Жеңіс күніне 70 жыл)

Кездесу кеш

«Мәңгілік елдің бір уығы - Мәдениет»

(21 мамыр ҚР «Мәдениет және өнер қызметкерлері күні»)

Мерекелік кеш

«Зұлмат жылдар жаңғырығы»

(31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күн)

Әңгіме

«Ата Заңды құрметтеу – асыл парыз, зор міндет»

«Конституция -  көптің киелі сөзі»

(30 тамыз - Конституция күні )

Мерекелік кеш

Кітап көрмесі

«Қазақ мәдениетінің рухани  кеңістігі»

(«Мәдени-мұра» бағдарлама аясында)

Дауыстап оқу

 

«ЭКСПО – 2017 – Қазақстанның жаңа мүмкіндігі»

(ЭКСПО 2017 аясында)

Ауызша журнал

 

«Мың өліп, мың тірілген - қазағым»

(Қазақ хандығының – 550 жылдығына орай)

Тарихи кеш

«Ел мен Елбасы – егіз ұғым!»

(1 желтоқсан – Елбасы күні)

Ақпараттық сағат

«Жемқорлықпен күрес – жалпықоғамдық іс»

(Сыбайлыс жемқорлыққа күрес аясында)

Әңгіме

«Желтоқсанда – мұзда жанған алауым,

желбіретті тәуелсіздік жалауын»

(16 желтоқсан - ҚР Тәуелсіздік күні)

Ауызша журнал

Жаратылыстану ғылымдары, медицина, әдебиеттерін насихаттау.

«Дертті жеңер денсаулық дәреметі»

«Саулық кілті өз қолыңда»

(7 сәуір Халықаралық Денсаулық күні)

Пайдалы кеңестер

«Спорт – денсаулық кепілі»

(13 тамыз – Халықаралық Спорт күні)

Шолу

«Нашақорлық – қоғам серті»

(26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні)

Дауыстап оқу

Кітап көрмесі

Экономика және техника әдебиет-

терін насихаттау

«Байқоңырдан тік ұшқан ғарышкерлер»

«Ғарыш әлемі»

(12 сәуір ғарышкерлер күніне орай)

Ауызша журнал

 

«Ғажайып ғарыш әлемі»

(12 сәуір ғарышкерлер күніне орай)

Дауыстап оқу

Өнер, спорт әдебиеттерін насихаттау

«Елден ерек жаралған, Шыңға біткен шынарым»

(Сазгер Н.Тілендиевтің туғанына 90 жыл)

Музыкалық кеш

«Қазақ жырының жезкиігі»

(Сазгер, Қазақстанның халық әртісі Ш.Қалдаяқовтың туғанына 85 жыл)

Сазды кеші

Кітап көрмесі

«Спорт – денсаулық кепілі»

(13 тамыз – Халықаралық Спорт күні)

Шолу

Көркем әдебиет, әдебиеттану және тіл туралы ғылымдарды насихаттау

«Қарымды қаламгер»

(Жазушы І.Есенберлиннің туғанына 100 жыл)

Шығармашылық шолу

«Қазақтың қыдыры, поэзияның қадірі еді»

(Ақын, халық жазушысы Қ.Мырзалиевтың туғанына 80 жыл)

Поэзиялық кеш

Кітап көрмесі

 

«Жазушының насихаты – оның көркем шығармасы»

(Жазушы М.Мағауинның туғанына 75 жыл)

Әңгіме

 

«Сұлулықтан сыр тартқан»

(Ақын, жазушы Т.Молдағалиевтың туғанына 80 жыл)

Әңгіме

 

«Поэзия – властитель языка…» поэзия циклынан:

(В.Шефнердің туғанына 100 жыл

В.Тушнованың туғанына 100 жыл

П.Бровканың туғанына 110 жыл

М.Матусовскийдің туғанына 100 жыл

Л.Рубальскаяның туғанына 70 жыл

С.Есениннің туғанына 120 жыл

К.Симоновтың туғанына 100 жыл

Поэзиялык кеш

«Қазақта сатира бар, тек жоқтаушысы жоқ»

(Жазушы, сықақшы Ғ.Қабышұлының туғанына 80 жыл)

Кітап көрмесі

«Ақын жыры – уақыт сыры»

(Жазушы Т.Молдағалиевтың туғанына 80 жыл)

Әңгіме

Кітап көрмесі

«Ел намысын ту еткен тұлға»

(Жазушы Ә.Әлімжановтың туғанына 85 жыл)

Кітап көрмесі

«Ой түбінде жатқан сөз»

( Ұлы ақын А.Құнанбаевтың туғанына 170 жыл)

Поэзиялық кеш

«Сыршыл да, сыншыл ақын»

(Ақын, жазушы Ж.Молдағалиевтың  95 жыл)

Поэзиялық кеш

Кітап көрмесі

«Қырғи тілді ақын»

(Ақын А.Тоқмағамбетовтың туғанына 110 жыл)

Кітап көрмесі

«Үлкен қаламгер ұлағаты»

(Халық жазушысы, ақын Ә.Сәрсенбаевтың туғанына 110 жыл)

Әңгіме

Кітап көрмесі

«Кең даланың кемеңгері»

(Әдебиетші, ғалым Ш.Уәлихановтың туғанына 180 жыл)

Әңгіме

 

«Жазушы жазбаларындағы жаратушы»

(Жазушы М.Ғабдулиннің туғанына 100 жыл )

Тарихи-танымдық кеш

Кітап көрмесі

«Туымен тұғырлы, Әнұранымен айбарлы, Елтаңбасымен еңселі Қазақстан!»

«Жұмекең – жырдың жаратылысы»

(Ақын, ҚР Әнұран авторының бірі Ж.Нәжімеденовтің туғанына 80 жыл)

Поэзиялық кеш

Атаулы даталар

(Мерейтой иелері)

«Қарымды қаламгер»

(Жазушы І.Есенберлиннің туғанына 100 жыл)

Шығармашылық шолу

«Ой түбінде жатқан сөз»

( Ұлы ақын А.Құнанбаевтың туғанына 170 жыл)

Поэзиялық кеі

Дәстүрлі мерекелер

«Алғашқы қар – әдемі, аз да болса әлегі...»

(1 қаңтар Жаңа жыл)

Музыкалық

әуенді кеш

 

 

 

 

 

«Жұмақ ананың табанының астында»

(8 наурыз Халықаралық әйелдер күні)

Мерекелік

кеші

«Наурыз нұры бақыт сыйласын!»

(22-наурыз мейрамы)

Мерекелік кеш

«Рухы биік халықтың іргесі берік!»

(27 наурыз Халықаралық театр күні)

Ауызша журнал

«Өзіңді – өзің тану үшін кітап керек, өзгені тану үшін кітап керек»

(2 сәуір Халықаралық балалар кітабы күні)

Ертеңгілік

«Мықты денсаулық – мықты ел»

(7 сәуір Халықаралық Денсаулық күні)

Ауызша журнал

«Бірлігіміз берік, татулығымыз тұрақты»

(1 мамыр ҚР Халықтарының ынтымақ күні

2015 жыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы)

Мерекелік кеш

«Ерлік пен елдік рухты үлгі тұтқан ұрпақпыз»

(7 мамыр ҚР Отан қорғаушылар күні)

Патриоттық сағат

«Ерлік лайықты бағаланған күн»

(9 мамыр Жеңіс күні)

Кездесу кеш

«Мәңгілік елдің бір уығы - Мәдениет»

(21 мамыр ҚР «Мәдениет және өнер қызметкерлері күні»)

Мерекелік кеш

«Зұлмат жылдар жаңғырығы»

(31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні)

Әңгіме

«Әрбір сәтіміз баланы қорғауға арналсын!»

(1 маусым - Дүниежүзілік балаларды қорғау күні)

Ән байқауы

«Көк туым көкте желбіреп,  Елтаңба тұрса тұғырда»

(4 маусым – Рәміздер күні)

Әңгіме

«Нашақорлық – қоғам серті»

(26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні)

Дауыстап оқу

Кітап көрмесі

«Астананың асқақтығы – Мемлекеттің мерейі»

(6 шілде Астана күніне орай)

Мерекелік кеш

 

«Ата Заңды құрметтеу – асыл парыз, зор міндет»

«Конституция -  көптің киелі сөзі»

(30 тамыз - Конституция күні )

Мерекелік кеш

Кітап көрмесі

«Өмірі – ертегі, Елдің ертеңі»

(1 қыркүйек Білім күніне орай)

Әңгіме

«Мерейлі отбасы – тіршіліктің тірегі»

(8 қыркүйек Отбасы күні)

Ауызша журнал

«Ана тіліміз мәңгілік елімізбен бірге мәңгілік тіл болды!»

(21 қыркүйек ҚР халықаралық тілдері күні)

Ертеңгілік

Көрме

«Қарттарым – асыл қазынам»

(1қазан - Халықаралық қарттар күні)

Сазды кеш

«Бір Отан! Бір тағдыр! Бір Елбасы!»

(1 желтоқсан Президент күні)

Мерекелік кеш

 

«Желтоқсанда – мұзда жанған алауым,

желбіретті тәуелсіздік жалауын»

(16 желтоқсан - ҚР Тәуелсіздік күні)

Ауызша журнал

Өлкетану әдебиеттерін насихаттау

«Бекзада ақын»

(Оңтүстік Қазақстандық ақын Темірхан Медетбек туғанына 70 жыл)

Әңгіме

Кітап көрмесі

«Ұлт пен ұлылардың ұлықтаушысы»

(Оңтүстік Қазақстандык абайтанушы-ғалым М.Мырзахметұлының туғанына 85 жыл)

Кездесу кеш

Әңгіме

«Дара тұлға»

(Жазушы М.Байғұттың туғанына 70 жыл)

Кездесу кеш

«Қаламы қарымды, ойы алымды»

(Жазушы Ә.Шілтерхановтың туғанына 90 жыл)

Кітап көрмесі

«Терең ойлы, қаламы жүйрік тұлға»

(Жазушы Н.Ораздың туғанына 55 жыл)

Кездесу кеш

Шығармашылық шолу

Кітап көрмесі

Тифло саласына байланысты атқарылатын жұмыстар

«Сиқырлы нүктелер сыры»

«Дүниені танытқан алты нүкте»

Француздық әйгілі тифлопедагогы Луи Брайль айдары:

-Брайль жүйесін оқып және жазып үйрену

- Оқу-әдістемелік құралдар

- Бедерлі-графикалық әдістемелер

- Кіші қалыпты мүсіндер

- Ұлы тұлғалар мүсіндері

- Бедерлі әлем

- Тактильді кітаптар әлемі

- Бедерлі-графикалық көрнекті құралдар

- Тифлотехника жетістіктері

-Тифлопедагогикалық мерзімді басылымдар т.б.

Бес саусақтан өнері тамған зағиптар

- Өлкенің зағип перзенттері

Тұрақты кітап көрмелері

 

Тақырыптық сөрелер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Зерттеу жұмыстары

Әйгілі тифлологтар

(тифлопедагогтар, жазушылар т.б)

«Кеудесі сәуле кең сарай»

(ҚСҚ президенті Б.Аубакировке 60 жас)

Әңгіме

«Дарующий свет»

(Офтольмолог П.Филатовтың туғанына 140 жыл)

Әңгіме

«Там, где звенит Енисей»

(Орыс жазушы В.Бороздиннің туғанына 100 жыл)

Шығармашылық кеш

«Өнерге шабытпен қызмет еткен»

(Қазақстандық зағип ақын И.Калашниковтың туғанына 100 жыл)

Поэзиялық кеш

«Әсем әннің кең мұхитын шайқаған»

«Жазықсыз жүрегімнің үзбе бағын»

(Әуесқой композитор М.Қонысбаевтың туғанына 70 жыл) )

Музыкалық кеш

«Көңіл сәулесімен нұр шашқан»

(Француз тифлопедагогы В.Гаюиге  270 жыл)

Әңгіме

«Ақтаяқ» оқыту-сауықтыру айлығы

«Көңіл көзі - өмір көзі»

- «Ақ таяқтың шығу тарихы»

- «Трости разные нужны»

- «Зағиптар мен көзі көретіндер арасындағы қарым-қатынас этикасы»

- «Этика общения с незрячим»

Әңгіме

Халықаралық зағиптар күні

«Қарттарымыз - қазынамыз»

(1-қазан Халықаралық қарттар күні)

Сазды кеш

Жаңа технологиялар циклынан:

«Тифломатериалдар бойынша киножурнал»

Видео көрсетілімдер

«Жылдам оқып, жылдам жаз»

(Брайльша оқу және жазу жарысы )

Байқау

«Ақ таяқ менің тірегім»

(Аялдамадан кітапханаға дейін жету)

Жарыс

«Көз емханасының ашық есігі»

(І-ІІ топтағы көз мүгедектері окулисттер қабылдауында)

Дәрігер кеңестері

Әлеуметтік үйлестіру және жұмыспен қамту бағдарламасы департаментінің мамандарымен кездесу

Мамандармен кездесу

«Компьютерді тани біл»

(Компьютерді меңгеруден зағиптар арасындағы жарыс)

Байқау

«Жанарсыз да жарық әлем»

(13-қараша Халықаралық зағиптар күні)

Мерекелік әуенді кеш

«Жылдың белсенді оқырманы»

(Белсенді оқырмандарды атаулы сыйлықтармен марапаттау)

Марапаттау

Сенсорлық бөлмеде өткізілетін іс-шаралар

«Қазақтың қыдыры, поэзияның қадірі еді»

(Ақын, халық жазушысы Қ.Мырзалиевтың туғанына 80 жыл)

Поэзиялық кеш

Кітап көрмесі

 

«Кең даланың кемеңгері»

(Әдебиетші, ғалым Ш.Уәлихановтың туғанына 180 жыл)

Әңгіме

 

Брайль мектебі,

КАС және КИР (компьютерлік ақпараттық-сауықтыру) клубы

«Компьютерлік желілер және Интернет»

(Компьютерді алғаш пайдаланушы зағип оқырмандарға арналған)

Компьютер курсы

Тифлопедагогика

лық мерзімдік басылымдар

Тифлология бойынша мектеп-интернатының  тифлопедагогтарына,

«Ақбота» балалар бақшасының тәрбиешілері, оңалту орталығының қызметкелеріне  және офтальмологтар, психологтар үшін тізім жасау және шолу өткізу.

Ұсыныстық әдебиеттер

 

Шолу

«Наша жизнь», «Школьный вестник», «Удивительное рядом», «Спектр», «Ғажайып әлем», «Сымбат», «Надежда», «Русский инвалид», «РБНСГ – Вести» және т.б.

Шолу

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 Келесі > Соңы >>

Страница 5 из 9