Ескендирова Галиябану Захановна награждена медалью «Кітапхана ісінің ардагері» |
Ескендирова Галиябану Захановна награждена медалью «Кітапхана ісінің ардагері»
|
«Жалындап өткен жас еді» (Жазушы С.Ерубаевтың туғанына 100 жыл) |
«Жалындап өткен жас еді»
(Жазушы С.Ерубаевтың туғанына 100 жыл)
Біз қашанда туған өлкеміздің біртуар азаматтарын зағип оқырмандарға уақытында жеткізіп, олар жөнінде әртүрлі іс-шаралармен көрмелер ұйымдастырамыз. Биыл біздің облысымызда «Бір өлке – бір кітап» акциясы аясында С. Ерубаевтың 100 жылдығына орай оның «Менің құрдастарым» романы бекітілді. Республика бойынша көптеген іс-шаралар өткізілді. Сондықтан бізде осындай әдеби кешті өткізуді жөн көрдік. Алдын-ала біршама оқырмандарға С. Ерубаевтың романын оқып келуге тапсырдық. Негізінен бұл тапсырма жастарға берілді. Бұл жолы іс-шарамызды дискуссия ретінде өткізіп осы романды талқылауға салуды жөн көрдік.
Оқу залына тапсырма берілген оқырмандардан басқа «Үміт» мектеп-интернатының жоғарғы сынып оқушылары және тағы басқа оқырмандар шақырылды. Жүргізуші Е. Бакиев Саттар Ерубаевтың өмірбаянын оқырмандарға таныстырып шықты. Бұл кісі жалындаған қысқа өмірінде көптеген қоғамдық жұмыстарды атқарып, өз халқына барлық жігер күшін аямай тер төккен азамат екен. С. Ерубаев өз романында сол кездегі өз замандастарының тыныс-тіршілігін суреттей отырып, Рахмет пен Лизаның мөлдір махаббатының қиындықтарын баяндайды. Оқиға негізінен Қарағанды өңіріндегі көмір өндіріс барысында тарқатылады. Жазушы романға барар жолында өз ойын түйіндеп өмірлік ұстанымын көрсетеді. Роман желісі бойынша біржағынан барлық кейіпкерлер сол кездегі социалистік дәуір балалары болып көрсетіледі. Екінші жағынан қазақ халқының зорлық-зомбылық көріп жұмысшылардың құқықтары аяқ асты тапталып, жас қазақ қыздың ағылшын капиталистінің зорлағаны айтылады. Оқырмандар романның әрбір оқиғаларын тереңірек баяндап, оларға өз адами көзқарасын беріп отырды. Роман бойынша дайындалған жеті сұрақ бойынша оқырмандардан жауап алынып, жазушының сол кездегі қойған өзекті мәселелерін бүгінгі замандағы мәселелермен салыстырып отырдық. Мысалы, сол кездегі көмір өңдеу технологияларының нашарлығы, жұмысшылардың ешқандай сақтандырусыз жер астында жұмыс істеуі, тіреулердің нашарлығы және тағы басқа. Ал қазір ол жұмыстардың көбісі техника күшімен жасалып, шахтерлардың өмір қауіпсіздіктері бірінші жолға қойылған. Небәрі 23 жасында сұм ажал жазушыны арамыздан алып кетті. Сондықтан бұл роман аяқталмай қалған. Әйтсе де, жазушының өмірге деген сүйіспеншілігі мен туған ұлтына деген шексіз махаббаты баршамызды әрқашанда таңқалдырмай қоймайды. Пікірталас қызу және тартымды болып өтті. Көрме ұйымдастырылып көрме сөрелеріне С. Ерубаевтың бар еңбектері мен дыбысталған әдебиеттері қойылды.
(Катишев Сабит – ОҚО арнайы кітапханасының тифлобөлімінің меңгерушісі)
|
«В мире интересного»: (Мерзімді басылым беттерінен) |
Өтетін уақыты: 26 қараша, сағ 11-00.
Іс-шараның мақсаты: соңғы баспаларды насихаттау мен шолу және соңғы жаңалықтар мен өзгерістерді дер кезінде хабардар етіп отыру.
Міндетті түрде ай сайын БАҚ материалдары бойынша дауыстап оқулар жүргізіледі. Жаңа кітаптардан басқа біздің оқырмандарды жаңа баспасөз мариалдары да қызықтырады. Барлық материалдарды біз оқырмандар талабына сай тақырыптарға бөліп отырамыз. Мысалы біреулерге медицина жаңалықтары қызықтырса, басқаларды тұрмыстық техниканың жетістіктері қызықтырады. Осындай кездесулерден кейін оқырмандардың газеттер мен журналдарға деген қызығушылығы арта түседі.
|
Оңтүстік Қазақстан облыстық арнайы кітапханасында «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы талқыланды |
Оңтүстік Қазақстан облыстық арнайы кітапханасында
«Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» ҚР Президенті Н.Назарбаевтың
Қазақстан халқына жолдауы талқыланды
Өткен жері: Өткен күні: 27.11.2014. Оқу залы Қатысқан қызметкерлер саны -42
Кітапхана директоры Б.Нұрманбетов, биылғы Жолдаудың болашаққа бастайтын ұлы жол екенін айта келе, оның жүзеге асуына жұмыла кірісу қажеттігін жеткізді. Сонымен қатар, жол, баспана мәселесінің шешімі табылатынын ерекше атап өтті. Жолдауда айтылған тұрақтылық пен келісім мәселесіне тоқталды. Елбасының жол салуға аса көңіл бөлуі қуантарлық жағдай екенін айтты. Кітапханадағы зағип қызметкерлерге түсінікті болу үшін, библиограф И.Беспалько мен кітапханашы Д.Жүргенбаева, жолдаудың негіздеріне тоқталып өтті. Ұжым тыңлап болғаннан кейін өз пікірлерімен бөлісті. Бөлім меңгерушісі С.Катишев: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жаңа Жолдауы – тәуелсіз еліміздің тұрақтылығын қамтитын, Қазақ елінің болашағына нақты бағыт беріп, жол көрсететін тарихи құжат деп есептеймін. Жолдау – халық пен билікті бір мақсат, бір мүддеге жұмылдыра отырып, бүкіл елдің ынтымағы мен жасампаздығын ұйыстырады. Бұл мақсатқа ел мен елді байланыстыратын, өңірлер арасындағы күре тамыр саналатын жолдар торабын ретке келтіру арқылы қол жеткізуді ұсынды. Сонда ғана өңіраралық бизнес әріптестікке кеңінен жол ашылады. Мұның барлығы бизнестің көптеген өзекті мәселелерін шешуге көмектеседі деді. Директор орынбасары Л.Темірбаева: Коммуналдық шаруашылық саласы да жанданатын болды. Биылғы жылы «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын дамыту 2020» бағдарламасының шеңберінде республикалық бюджеттен 34 көп қабатты тұрғын үйді күрделі жөндеуге 211,0 млн. теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылыпты. Жолдау – мемлекеттік мекемелер үшін міндетті түрде орындалуға тиіс саяси құжат. Шымкент қаласының әкімдігі осы орайда жүктелген міндеттерді орындау үшін қажет шараларды қабылдап, тиісті жұмысты атқаратын болады. Шымкенттіктер ынтымақ пен бірліктің арқасында Жолдау аясындағы тиісті жұмыстарды зор қарқынмен жүргізеді деген сенімдемін. Бөлім меңгерушісі Н.Тұяқбаева: Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында: «Жол – шын мәнінде өмірдің өзегі, бақуатты тірліктің қайнар көзі. Барлық аймақтар, темір жолмен, тас жолмен, әуе жолымен, өзара тығыз байланысуы керек» деп атап өтті. Бұл орайда біз облыс аумағынан өтетін «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автокөлік дәлізінің жарқын болашағын айта аламыз. Ғасыр жобасы аталған бұл транзиттік магистральдің 448 шақырымнан астамы біздің өңір аумағынан өтеді. Облысымыздағы бұл күре жолдың бойында бірқатар жұмыс орындары ашылып, кәсіпкерлік нысандары пайда болатыны сөзсіз. Өңірімізде «Шымкент-Ташкент» учаскесінің құрылысы да басталғандығынан хабардармыз. Аталған құрылысты 2015 жылдың соңында аяқталуы керек екен. Бөлім меңгерушісі Ғ.Ескендірова өз сөзінде: Жолдауда айтылған өзекті мәселенің бірі – әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту екендігін ерекше атап өтті. Облыс әкімінің мәлімдеуінше, биылғы қарашаның басына дейін облысымызда «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасымен нақты 42 мың адам қамтылған. Бұл орайда келесі жылы 46 мың адам аталған бағдарламаға қатысады деп күтілуде. Бөлім меңгерушісі Ұ.Тұранбаева: Елбасының патриоттық тәрбиеге үлкен мән бергендігі қуантады. Отанды сүю - бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. «Мәңгілік Ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты - Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді. 2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда. 2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияланды. Ел бірлігі - біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын және халықаралық ЭКСПO-2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуетін әлемге паш етеміз деген Елбасының сөздеріне тоқтала келіп, біздің міндетіміз осы айтылған бүкіл саясатты оқырмандарға дұрыс насихаттай отырып, көп жұмыстар атқаруымыз керек деп тұжырымдады. Кітапхана директоры Б.Нұрманбетов Елбасының сөзімен пікірлесу кешін аяқтады: Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын! Баршаңызға «Нұрлы Жол» Жолдауын жүзеге асыруда табыс тілеймін!
|
Елі сүйген - Елбасы
Оңтүстік Қазақстан облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне арналған танымдық іс – шара болып өтті. Іс – шара көзі көрмейтін және әлсіз көретін балаларға арналған «Үміт» мектеп интернатының 4 сынып оқушыларына арналып өтті. Мақсаты, оқушыларды Н. Ә. Назарбаевтың өмір – жолымен, туып өскен жерімен, қызмет еткен орындары, халқына арналған жолдаулары, кітаптары, «Өзекжарды ойларымен» таныстыру. Іс – шара оқушылардың «Әнұран» орындауынан басталды. Елбасының өмірбаяны кеңінен әңгімеленіп, дүниеге келу тарихы тартымды етіліп баяндалды. «Ойға шабуыл» - атты викториналық ойын жүргізіліп, оның барысында оқушылар екі командаға бөлініп, сұрақ жауаптарын кезегімен тауып отырды. Іс – шараның кейінгі бөлімінде «жұмысшы Нұрсұлтан», «Саяси өмір бастауы..» тақырыптары талқыланды. Әрбір мәлімет балаларға түсінікті етіліп жеткізіліп отырды. Қазақстанның «Тәуелсіздік алуы» жөніндегі негізгі мәлімет өте қызу талқыланды. Оқушылардың мектеп бағдарламасында өтіп жатқан барша тақырыптары мен беріліп жатқан мәліметтің сабақтастығы анық байқалды..
Н.Ә Назарбаевтің жазған кітаптары, «Өзекжарды ойлары», Елбасы туралы түсірілген фильмдер мен деректі фильмдер, жазған әндері жайында әдеби мазмұндағы қызықты мәліметтер өз кезегімен беріліп жатты.
Елбасының «жасампаздыққа толы өмір жолындағы» жеткен жетістіктері, шыққан шыңдары, алған асулары мен көтерілген лауазымдары таныстырылды. Өрелі отбасы, дарынды балалары жайында және де Елбасыға арнап жазылған «арнау» өлеңдерден үзінділер оқылды..
Кештің үшінші бөлімінде «Хабар» агенттігі түсірген «Бейтаныс Назарбаев» атты деректі фильмі көрсетілді. Фильмде Елбасының өзі өмірбаянын қызықты етіп баяндап береді. Фильмнің ортасында отбасылық суреттер, соғыс жылдары, ашаршылық жылдары, балалық шақ суреттері т.б. бейне материалдар көркем қолданылған. Қорытынды бөлімде елдің, Елбасының асқақ армандары орындалып, қазақ деген халық дүниежүзіне танылып, терезесі тең болғаны жайында әңгіме қозғалып, кеш мәнді – мағыналы өтті.
Әдеби – танымдық іс – шараға тыңғылықты дайындалып, кештің қызықты өтуіне сүбелі үлестерін қосқан білікті мамандар, Әбжаппарова Э, Эбжаппарова Л, Козлова Е. және бөлім меңгерушісі Н. Тұяқбаевалар болды. Келелі іс – шаралар арнайы кітапхананың қызмет көрсету бөлімдерінде желтоқсан айының соңына дейін жалғаспақ.
|
|
2014 жылғы қарашаның 20-21-де облыстық «Отырар» ғылыми әмбебап кітапханасында «Кітап және отбасы» атты облыс кітапханашыларының VII аймақтық форумы өтті. Мақсаты: отбасық кітап оқу құндылықтарын арттыру.
«Бірлесе қызметтесу: Кітапхана және мүмкіндігі шектеулі оқырман» тақырыбында арнайы кітапхана директорының орынбасары Темірбаева Ләззат Сағынбекқызы баяндама жасады. Баяндамада зағип отбасылар арасында кітап оқу, кітапхана оқырманының оқу белсенділігі жайында болды.
|
«Дүниенің бедерін жүрегіммен сеземін» (Жылдың белсенді оқырмандарын атаулы сыйлықтармен марапаттау) «Жан сезім» (Зағип ақын және композитор Р. Тайровтың шығармашылық кеші) |
«Дүниенің бедерін жүрегіммен сеземін»
(Жылдың белсенді оқырмандарын атаулы
сыйлықтармен марапаттау)
«Жан сезім»
(Зағип ақын және композитор Р. Тайровтың
шығармашылық кеші)
Кітапханамызда жылда өтетін сауықтыру айлығы бұл жолы ерекше аяқтағымыз келді. Өйткені облысымызда зағип оқырмандар арасында өз өмірін өнерге арнаған азаматтар баршылық. Біраздан бері жұртқа өзінің тартымды әндерімен Тайров Рүстем Кенжеұлы танымал болып жүр. Бұл жігіт қоңыр баритонымен көпшілікті демде баурап алған сыңайлы. Сондықтан да бүгінгі қорытынды кешімізді осы азаматпен кездесуге ұйғардық. Әдеттегідей тифло залында үлкенді-кішілі оқырмандар көп жиналды. Жүргізуші жұртшылықты бүгінгі өтетін кездесудің ретімен таныстырып өткен соң алғашқы сөз кітапхана директоры Нұрманбетов Бәкір Әбдіұлына берілді. Өз тарапынан басшы жиналған қауымға алғыс білдіріп алдағы уақытта тек қана жақсылықта кездесуді тіледі. Кітапханашы Л. Абжаппарова бүгінгі кештің қонағы Р. Тайровтың қысқаша өмірбаянына тоқталып, әншінің өнер жолын баяндап берді. Р.Тайров алғашқы әнін «Шымкентім - шырайлым» әнімен бастады. Одан әрі жыл бойы кітапхананың қоғамдық өміріне белсенді қатысқан және жұртшылықтың көзіне ерекше түскен бірқатар оқырмандарды марапаттау рәсімі басталды. Отыздан астам оқырмандарға атаулы сыйлықтар берілді.
Олар «Саусағымның ұшымен терген қазынам», «Дыбысталған кітабым, жанымдағы сырласым», «Белсенді оқырман». Сондай-ақ келген қонақтың әндерінің арасында сауықтыру айлығында болып өткен байқаулардың да нәтижелері айтылып, қатысқан оқырмандардың орындары көрсетілді.
Олар «Жылдам оқу және жылдам жазу» байқауынан озып шыққан І-орын Қазығұрт ауданының оқырманы Жолдасбеков Бердібек (3000т), ІІ-орын иегері Шымкенттік Тайтелеева Ақжүніс (2000т), ІІІ-орын Темирова Гүлмира (1000т).
«Компьютер білесің бе?» байқауның жүлдегерлері: І-орын Құлахмедов Абдуалим (3000т), ІІ-орын Айнакулов Жарылқасын (2000т), ІІІ-орын Адилбеков Ербол (1000т).
«Қолөнер - 2014» байқауының жүлдегерлері: І-орын Мухамадаминова Набира (5000т), ІІ-орын Попенко Петр Ильич (3000т), ІІІ-орын Болдина Яна Георгиевна (2000т) алды.
Осындай жанға жағымды қуанышты сәттер Рүстемнің тамаша әндерімен боялып, жұртшылықтың көңілін бір көтеріп тастағандай. Айтылған әндердің қарапайымдылығы, қазақылығымен жүрекке жағымдылығы тыңдармандарды әп-сәтте баурап алып отырды. Айтылған әндердің тақырыбына келсек олар: «Қадір түні», «Ақ құсым»,
«Аналарға арнау», «Іздеме», «Сүйдім өзіңді», «Тырналар», «Жан сезім», «Туған жер», «Қазақстан - Нұрсұлтан», «Қоштасудың қиыны-ай».Халқымыз ән көңілдің ажары деп бекерден-бекер айтпайды ғой. Әрқашан да осындай әндер барлығымыздың жүрегімізге сенім мен сезім ұялатсын достар!
Сілтемені қараңыз https://www.youtube.com/watch?v=rC6yQ_FG5KY
(Катишев Сабит – ОҚО арнайы кітапханасының тифлобөлімінің меңгерушісі)
|
Заңгер Масадыкова Зухрамен кездесу (Заң кеңестері) |
Заңгер Масадыкова Зухрамен кездесу
(Заң кеңестері)
Кітапханамыздың дәстүр бойынша 1-ші қазаннан 13-ші қараша аралығында сауықтыру айлығын өткізіп отырамыз. Бұл мерзімде бірқатар үздіксіз іс-шаралар өткізіледі. Зағип жандарды толғандыратын әр түрлі мәселелерді қамтимыз. Соның бірі заң төңірегінде болып отыр. ОҚО қорғаушылар алқасымен келісіп заңгер З. Масадыкованы шақырдық.
Оқу залына үлкенді – кішілі оқырмандарымыз жиналып өз сұрақтарын дайындап отырғаны көрініп тұрды. Жүргізуші Е. Адилбеков келген қонақпен таныстыруды жөн көрді. Заңгер оқырмандарға өзінін қысқаша өмірбаянын айтып берген соң, алдындағы қойылған бірқатар оқырмандардың сұрақтарына жауап бере бастады. Оқырмандарға алдын ала осы кездесу туралы хабарланған соң Қазығұрт, Сарыағаш аудандарынан да сұрақтар келіпті. I топтағы көз мүгедегі Құлахметов Абдіәлім келесі сұрақ қойды: «Елбасының жолдауы бойынша қазір мүгедектер жұмыспен қамтылуы тиіс, осыған байланысты үш пайыздық мүгедектерді жұмыспен қамту жайында не дейсіз және жұмысқа сұранған мүгедектерді кейде қабылдамай жатады осыған қандай жауабыңыз бар?» Заңгер өз тарапынан бұл сауалға былай жауап берді: «2005 жылдың 13 сәуірінде қабылданған әлеуметтік қорғау жөніндегі заңға сәйкес әрбір мүмкіндігі шектеулі азамат қабілеті болса жұмыс істеуге құқылы, сондықтан үкіметтің қаулысы бойынша әрбір мекеме өз құрамында үш пайыз мүгедек жандарды жұмысқа алуға тиісті. Өкінішке қарай кейбір жағдайда көптеген басшылар азаматтардың мүмкіндігінің шектеулігін алға қойып оларды жұмысқа алудан бас тартып жатады. Әрбір азамат өз құқығын білсе оған ешкім қарсы тұра алмайтыны хақ. Мүгедектер жұмыс істей алмайды деген еш жерде заң жоқ» - деп аяқтады өз жауабын Зухра ханым.
Жиналған қауым келген заңгерге әр түрлі саладан сұрақтарды қойып жатты. Біреулері шенеуніктерге өкпе білдіріп жатса, біреулері несие мәселесін немесе қарыз беріп қарыз алу мәселесін қозғап жатты. Кейбір оқырмандар жеке басты мәселесіне байланысты сұрақтарды қойып жатты. Жүргізуші сұрақ – жауап арасында келген қонақты осындағы жиналған зағип жандардың сұрақтарына тереңірек жауап беруіне өтініш білдіріп отырды. Мысалы І топтағы көз мүгедегі С.Катишев зағиптардың қол қою мәселесін алға қойды. Осы қиындық зағип азаматтардың нотариустарға, банктерге барған жағдайда әрдайым алдынан шығады да тұрады, сондықтанда осы мәселені қалай шешуге болады деп заңгерден кеңес сұрады. Заңгер өз тарапынан бұл оқырманға әділет департаменті мен әлеуметтік қорғау министрлігіне шығуды ұсынды. Одан әрі келген қонақ мүгедектерді қайбір мәселе толғандырса мұндай кісілер Оңтүстік Қазақстан облыстық адвокаттар алқасына келіп, сол жердегі заңгерлерден тегін кеңес ала алады және сол жерде өзіне қажетті арыз, өтініштерді тиісті мамандар жазып береді деп келушілерді бір қуантып қойды. Осындай сұрақ – жауаптар кезінде белгіленген уақыттың қалай тез бітіп қалғанында байқамай қалдық. Іс-шара соңында бөлім меңгерушісі С.Катишев келген қонаққа баршаның атынан алғыс білдіріп алдағы уақытта осындай кездесулердің болып тұратындығына сенім білдіріп, шағын сыйлық тапсырды. Кездесу қызықты да тартымды өтті.
(ОҚО арнайы кітапханасының қызмет тифлобөлімі)
|
«Дуэттер шеруі» (Кітапханашы мен оқырманның өнер бірлестігі) |
«Дуэттер шеруі»
(Кітапханашы мен оқырманның өнер бірлестігі)
Өтетін уақыты: 5 қараша, сағ 11-00.
Іс-шараның мақсаты: оқырман мен кітапханашының байланысын нығайту, күшейту.
Кітапханамызда 13-ші қараша дүниежүзілік зағиптар күніне арналған бір қатар іс-шараларды өткізу, бүгінгі күнде дәстүрге айналды. Мұндай іс-шаралар жан-жақты тартымды және қызықты өтуге тиіс. Осындай іс-шаралардың бірі «Дуэттер шеруі». Іс-шараның басты мақсаты оқырман мен кітапханашының байланысын нығайту, күшейту болып келеді. Бұл бастама барша жұртшылықты қызықтырып, өзара кімнің бірінші жүлдеге ие болатындығынан гүбір-гүбір әңгімелер жүріп жатты. Әр бір жұп кітапханашы және оқырманнан құралады. Оқырман қауымына қатысушылардың барлығы таныс болғандықтан, әр жұптың өз жанкүйерлері де табылып жатты. Бұл жоба алғашқы болғандықтан, дұрыс жерлері де, бұрыс жерлері де көп болған шығар. Жобаның бас шарты бойынша, әр бір жұп кітапханашы және оқырманнан тұру керек болатын. Әр жұптың өзіндік тартымдылығы, ерекшеліктерімен ән айту қасиеті және тағы басқа көп қасиеттерімен көзге түсті. Жүргізуші бұл сайыс емес, бұл кітапханашы мен оқырманның музыка тіліндегі сұхбаты деп біліңіз деп ескертті. Олай болса, кімнің аламан бәйге аларын, кімнің алар төрелігін әділ-қазылар құзырына берілді. Әділ-қазылар құрамына келесі кісілер шақырылды: «Үміт» мектеп-интернатының музыкалық жетекшісі - Шілтерханова Т., кітапхана дыбыс режиссері - Рустембеков Р., кітапхана бөлім меңгерушісі - Туранбаева У. Бір қуантарлық жағдай қатысушылардың біразы облысымыздың, Қазығұрт, Ордабасы, Бәйдібек аудандарынан Шымкент, Сарыағаш қаласынан келді. Сахнаға шыққан өнерпаздардан өздерінің шын ынтасымен және табандылықпен дайындалғаны көрініп тұрды. Қоңыр күздің тұмырайған ауа райына қарамастан айтылған әндердің барлығы дерлік лирика тақырыбына ұштасып жатты. Бір жұп өткен кездер жайлы ән айтса, екінші жұп бір-бірін қимайтындығын айтып қоштасып жатты. Әр жұптың айтылған әнінен соң, сол жұптың жанкүйерлері шапалақ ұрып өздерінің симпатиясын жарайсың деген ұрандарымен білдіріп жатты. Әдеттегідей уақыт шіркін осылай сырғып жатты. Әп сәтте сегізінші жұптың кезегі келіп, сайыс өз мәресіне жетті. Әділ-қазылар қатысушыларға үкім шығарғанша Сарыағаш қаласынан келген 1-топтағы көз мүгедегі Сейдазимова Д. өзінің әуелеген әнімен жиналған ағайынды қазақтың жусан иісі бұрқыраған кең даласына әкеткендей етіп, әр-бір көрерменнің бойын шымырлата түсті. Облысқа белгілі әнші Тайыров Р. өзінің көңілді әндерімен көрермендердің көңілін бір серпілтіп тастады. Соңында әділ-қазылар өз төрелігімен ынталандыру сыйлықтарынан басқа, 3-ші орынды 1-ші топ көз мүгедегі Төребай Нұржанға берсе, 2-ші орынды 1-ші топ көз мүгедегі Тайтелеева Ақжүніске берді. Ал бас жүлдені қанжығасына байлаған 1-ші топ көз мүгедегі жас әнші Смандияр Айнұрға бұйырыпты. Менімше алға қойылған басты мақсат орындалған сияқты, өйткені әр-бір оқырман мен кітапханашының жұптары бір-бірінен озып өзара тамаша рухани байланыс орнаған іспетті.
|
|
|
|
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 Келесі > Соңы >>
|
Страница 6 из 9 |