Негізгі
Библиографқа сұрақ қойыныз
Мы в социальных сетях
| 24.06.2026 |
|
|
|
| Жаңалықтар - Іс – шаралар | |||
| Авторлар: specbib | |||
| 13.07.2026 11:47 | |||
|
Тарихқа тағзым – танымға жол Шымкент қалалық арнайы кітапханасының оқырмандары үшін Шымкент қаласындағы «Қазына» этно-тарихи кешенінде орналасқан тарихи кесенелерге танымдық саяхат ұйымдастырылды.
Саяхат барысында оқырмандар өңірдің тарихи-мәдени мұраларымен танысып, қазақ халқының бай тарихы мен рухани құндылықтары туралы мол мағлұмат алды. Сонымен қатар, тарихи кесенелердің ерекшеліктері, олардың ел тарихындағы орны мен маңызы жайында қызықты ақпараттар берілді. Іс-шараның басты мақсаты – оқырмандардың тарихи санасын қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және мәдени мұраларға деген құрметті арттыру.
Танымдық саяхат қатысушылардың қызығушылығын оятып, туған өлкенің тарихын тереңірек танып-білуге мүмкіндік берді. Мұндай шаралар жас ұрпақтың отансүйгіштік сезімін нығайтып, тарихи-мәдени ескерткіштерді қастерлеуге тәрбиелейді. «Қазына» этно-тарихи кешені аумағында өңірдегі тарихи-мәдени ескерткіштердің макеттері мен кесенелері шоғырланған танымдық орын ретінде танымал.
|
|||
| Жаңартылған 13.07.2026 11:51 |
































