«Ғарыш аңыздары»
(12 сәуір ғарышкерлер күні)
Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы «Үміт» мектеп-интернат оқушыларымен «Ғарыш аңыздары» атты іс-шарасы өтті. Ғарышкерлер күні – алғаш адамның ғарышқа аттануына байланысты Ресейде және басқа да советтік елдерде 12 сәуірде тойланатын мейрам. Бұл іс-шара балаларға ХХ ғасырдың 2-ші жартысындағы адам баласының ғарышты игерудегі жетістіктері, оның ғылыми маңызы жайында білім беру, ғарыш әлемі және ғарышкерлер туралы толық түсінік беріп білімдерін одан әрі кеңейту мақсатында, еңбексүйгіштікке, патриотқа, достыққа, отан-шылдыққа сезімін оята отырып, елін, жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу болып саналады. Ғарышкерлер жайында қызықты мәліметтерді толыққанды айтып өтіп, «Космос әлемінде» атты сұрақ-жауап ойынды балалармен ойнадық. Көрнекілікке космос әлеміне алғаш рет жол салған космонавт Юрий Гагарин және басқа да халықаралық экипаждар, планеталар, зымыран-дартуралы түрлі-түсті суреттері бар кітаптар қойылды, қызықты материалдар, бедерлі суреттер қойылды, ғарышкерлер жайында видеолар көрсетілді.
   
|
«Наурыз - думан»
(«Тағдырластар» клубының
наурыздағы кездесуі)
20 наурыз күні Шымкент қалалық Арнайы кітапханада «Тағдырластар» клубының кезекті басқосуы болып өтті. Бұл басқосу «Наурыз - думан» деген атаумен наурыз мерекесіне арналды. Мерекелік кешті Ербек Бакиев жүргізіп, қызықты ойындар ұйымдастырып, түрлі сұрақтар жасырды. Белсенділік танытқан барша жандар арнайы сыйлықтарға ие болды. Шымкент қаласы, Түркістан облысы, Алматы, Атырау, Қызылорда, сондай-ақ республиканың тағы басқа қалаларынан қонақтар келіп қатысып, ақ тілектерін арнап, мерекелік лебіздерін жолдады. Сонымен қатар наурыз айында туылған туған күн иелерінде құттықтап демеушілік танытқан Қазақ зағиптар қоғамының Шымкент қалалық филиал төрағасы Ербол Әділбеков ізгі тілегін арнады. Дадаева Зебо, Каттабекова Гүлсара, Әлиева Айдана, Талиев Алладин асқақтатып мерекелік әндерден шашу шашса, Лаура Жұмабай жырдан өлең оқыды. Қатысушыларға сыйлықтар табыс етілді. Кеш көңілді түйінделіп, естелік суретке түсіп, ерекше әсермен тарасты.
   
|
«Наурыз – Ұлыстың ұлы күні» |
Ашық микрафон Думан Жаханбаев
Шымкент қалалық Арнайы кітапхананың аудио залында «Ашық микрафон» жобасының кезекті басқосуында Алматы қаласынан арнайы келген әнші Думан Жаханбаев қонақ болды. Аталған жобаны Арнайы кітапхана қызметкері Гүлсара Каттабекова жүргізді. Кешке жиналған оқырмандарға Думан Жаханбаев Баян аспабымен түрлі әндер орындап жүректерді нұрға бөледі. Бала жасынан әнге құштар боп өскен Думан түрлі ән байқауларына қатысып жеңімпаз атанған. Кешке қатысқан оқырман тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, пікірлер мен ақ тілектер айтылды. Көрермендер көңіліне ұнаған әндерді қайтадан айтқызып ерекше әсерге бөленді. Кеш соңында кітапхана директорының орынбасары Бөрібекова Әдемі кеш қонағы Д.Жаханбаевқа алғыс білдіріп, ізгі тілегін арнады.
  
|
|
Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы зағип оқырмандарға қазақ тілінде режиссер Қуаныш Бейсековтың «Отыздан асып барамын» атты фильмі көрсетіліп, тифлокомментирование жасалды. Тифлокомментирование – бұл зағип жандарға түсініксіз заттарды, кеңістікті немесе адамдардың іс-әрекеттерін сипаттап, түсіндіруді айтамыз. 90-шы жылдары алған Тәуелсіздігіміздің қал-жағдайын бір ғана фильмнен көрініс табады. Бауырмалдық пен қарым-қатынас және Отан алдындағы әрбір азамат пен азаматшаның негізгі жауапкершілігін жақсы көрсеткен. Ал енді жаңа Қазақстанды құрып жатырмыз, сол жаңа Қазақстанда жақсылықтар көп болсын, шекарамыз нық, ұрпағымыз аман болсын, еліміз, жұртымыз тыныш, бақытты Ел болайық деп тілейік. Қазақстанымыз көркейе берсін.
  
|
Әке жолын жалғадым
(жазушы Мұрат Әуезұлы 80 жаста)
Шымкент қалалық арнайы кітапхананың Аудио залында «Әке жолын жалғадым» атты жазушы Мұрат Әуезұлының 80 жылдық мерейтойына арналған әдеби сазды кеш өтті. Кеште жазушының өмір жолындағы атқарған ерен еңбектері мен шығармашылық жұмыстары, жазған кітаптары оқырманға кеңінен таныстырылды. Айтулы кешке Түркістан қаласынан арнайы филология ғылымдарының докторы сазгер көптеген әндердің авторы соның ішінде ел арасына кеңінен таралған «Ризамын», «Неге-неге», «Жас жұбайлар», «Ауыл жатыр той жасап» атты әндердің авторы Бекжігіт Сердалиев пен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері қазақ ұлт өнерін шетелде насихаттап ел мәртебесін асқақтатып жүрген ел ағасы әнші Абылайхан Оспанов қонақ болды. Кеште кітапхана директоры Б.Нұрманбетов сөз сөйлеп жазушының еңбегін айта отырып, А.Оспанов пен Б.Сердалиевке алғысын білдірді. Кеш барысында Мұрат Әуезұлымен болған кездесулер жайында сүбелі ойлар айтылды. Аблайхан Оспановтың орындауында бірнеше әндер шырқалып, көрермендердің көңілі көтерілді. Оқырмандар арасында алдыңғы буын ағалар қадірлі қонақтарға ақ тілегін арнап лебізін жеткізді. Кеш соңында кеш жүргізушісі Ербек Бакиев ағаларға алғыс айтып шапан жауып сый құрмет көрсетті. Көпшілік естелік суретке түсіп, рухани кештен зор әсер алып тарасты.
      
|
22.12.2022 тифлокоментирование |
Қарағандыдан келген жас зағип әнші Кенжебек Нұрдолдайдың табыс тарихы туралы Фильм Шымкент қалалық арнайы кітапханасында "Тифлокомментация" жобасы аясында көрсетілді. Оқырмандарға әншінің қалай жетістікке жеткені және оның талантымен миллиондаған көрерменді қалай жеңгені туралы бейнефильм ұсынылды.
   
|
Ашық микрофон жобасының кезекті қонағы Курмангужинова Зарета кітапхана жастарына өз өмірінен сыр ақтарып, басынан кешкен қиында қызықты сәттерінен бөлісті. Шымкент қалалық политехникалық колледжінің «ІТ» факультетінің студенттері түрлі сұрақтар қойып, оларға қызықты өз жауаптарын алып, қатты толғаныстан көз жастарына ерік беріп, түрлі әсерге бөленді. Зарета өзінің қайсарлығымен ерік-жігерінің күштілігін көпшілікке көрсете отырып, жастарға мотивациялық екпін берді. Кеш қонағы әуелете орыс қазақ тілінде ән шырқап, зор қошеметке ие болды. Кеш жүргізушісі Г. Каттабекова кейіпкерге өз алғысын білдіріп, сый-сияпатын тапсырды. Кеш қонағына Шымкент қаласындағы «Абай» кітапханасынан арнайы келген әріптестеріміз өз ізгі тілектерін тарту етіп, кеш қызықты да тартымды өтті.
 
|
|
|
|
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>
|
Страница 5 из 19 |