Арнайы кітапханаға саяхат |
«Қазақ әдебиетінің тарланы » (Жазушы Д. Исабекұлының туғанына 80 жыл) |
«Әр жүректе үміт шамы сөнбесін» |
«Шекарасыз мүмкіндіктер» тифлобаяндау |
Сауықтыру айлығы аясында Шымкент қалалық арнайы кітапханасында Эверест шыңын бағындырған мүмкіндігі шектеулі аяқсыз альпинист Мария Әуезоваға арналған «Шекарасыз мүмкіндіктер» циклде іс-шара өтті. Оқырмандар назарына өзін-өзі жеңе білген бойжеткеннің тағдыры, қорқынышын қалай жеңгені туралы баяндайтын деректі фильм көрсетіліп, өз әрекетімен өмірін өзгерткісі келетін адамдарды ынталандыруға тырысты. Шымкент қалалық арнайы кітапханасының оқырмандары үшін Брайль қарпімен кітаптар шығару бөлімінен шыққан «Ғажайып әлем», «Сымбат» альманахтарына кезекті шолу өтті. Шолуды кітапхана қызметкері А.Тайтелиева жүргізді.
 
|
Жастық шақ - қайталанбас өмір сәті |
|
«Тағдыры жарасқан тәтті ғұмыр» |
«Мен Отанның бақытты ұлымын» |
Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында 25 қазан Республика күніне орай «Мен Отанның бақытты ұлымын» атты мерекелік іс-шара болып өтті. Бұл кештің бүлдіршін қонақтары «5-ші Нұрсат бөбекжай» бақшасының 10-шы «Тапқырлар» тобы өнер көрсетті. Оқушылардың туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі - туған Отанды сүюден басталатынын түсіндіру. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту. Қазақстан – Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты деп ән ұран айтылып, рәміздеріміз жайлы толық ақпарат арнайы дайындалған видео роликтен көрсетіліп, «Экрандық сұрақтар» атты ойын ойнатылды. Сонымен қатар ортада кітапхананың белсенді оқырманы Талиев Алладин, ән шырқады. Балаларға тақырыпты әрмен қарай ашу үшін отан жайлы қызықты сұрақтар мен мақал мәтелдер жарысы болды. Балалар әрмен қарай «хор» айтып, тақпақтар айтып кештің сәнін кіргізді.
  
|
«Асыл сөзі ұрпаққа азық болар» |
Бүгін Шымкент қалалық арнайы кітапханада аудармашы ақын Абай Қалшабек және ақын Бекмұрат Анарбаевпен «Асыл сөзі ұрпаққа азық болар» атты әдеби кеш болып өтті. Кешті арнайы кітапхана қызметкері Е. Бакиев жүргізіп, түрлі сұрақтар жолдады. Сонымен қатар кітапхана қызметкерлері Г.Каттабекова Л.Мүслім, А.Бердібек әдемі жырдан шашу шашса дәстүрлі әнші термеші Ғабит Шырынбеков кеш қонағы Бекмұрат Анарбаевтің өлеңіне жазылған әндерді орындап, көпке әннен рухани азық дарытты. Кеш қонақтары А.Қалшабек және Б.Анарбаев әдемі әңгімелерін айтып өлең жырларын оқып оқырмандардың ықыласына бөленді. Кеш соңында қаламгер мен оқырман топтасып естелік суретке түсіп, мазмұнды кештен мән ұғып ерекше әсермен тарасты.
   
|
«Ел мерейін өсірген Ермек» |
«Ел мерейін өсірген Ермек»
(Сауықтыру айлығы аясында
Е.Қалымбетовпен кездесу)
Бүгін Шымкент қалалық арнайы кітапханада Сауықтыру айлығы аясында қазақтың көк туын әлемге желбіретіп, спорттық би жарысынан ел намысын қорғап жүрген Ермек Қалымбетовпен кездесу кеші болып өтті. «Ел мерейін өсірген Ермек» деген атаумен өткен шараны Е. Бакиев жүргізді. Кеште Е.Қалымбетов әндерін орындап, түрлі сұрақтарға жауап беріп, көптің көңілін көтере білді. Экран арқылы Ермектің Германия мемлекетінде және Бонн қаласында өткен әлемдік жарыстарда билеген биін көрермен назарына ұсынылды. Сонымен қатар айтулы кеште өмірдегі өнердегі замандас досы Т. Имантаева қонақта болып ақ тілегін айтып, қызықты әңгімелерімен бөлісіп, әдемі ән шашуын жолдады. Е. Қалымбетовтың өзі жұмыс атқаратын № 5 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығынан арнайы келген Раушан Ахметова ханым да ермектің болмысы мен қызметі жайында ой толғап болашағына бақыт тіледі. Сондай-ақ кеште қадірлі қонақ болып әуезді ән шырқаған Салих Қалиев те көптің қошеметіне бөленді. Кеш соңында кітапхана директорының орынбасары Әдемі Бөрібекова кеш қонағы Е.Қалымбетовке директордың алғыс хатын табыс етсе, Е.Бакиев арнайы сый-сиапат табыстап, «Тағдырыма тәнтімін» атты жыр кітабін тарту етті. Жиналған жұртшылық жас талантпен естелік суретке түсіп көңілді тарасты.
       
|
|
|
|
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>
|
Страница 6 из 19 |