Іс – шаралар мұрағаты
«Ғажайып ғарыш әлемі» (12 сәуір ғарышкерлер күніне орай) PDF Print E-mail
Жаңалықтар - Іс – шаралар мұрағаты
Авторлар: specbib   
10.04.2015 15:38

Кезекті  іс–шара «Дүниежүзілік авиация және ғарышкерлер» күніне арналып өтті. Іс- шараның негізгі қатысушылары «Үміт» мектеп- интернатының оқушылары мен кітапхана оқырмандары болды. Іс–шара «Ұшқыш болғым келеді» атты өлеңін мәнерлеп оқудан басталды. Ғарыш жайындағы қызықты әңгімелерді баяндаудан басталды. Ежелгі адамдардың ғарыш жайындағы армандары, күнге қызығуы,  жұлдыздарды танып – білуге деген құштарлығы, тапқырлығы арқасында жеткен жетістіктері жайында сөз қозғалды. Екінші кезекте балалардың ғарыш, ғарышкерлер жайындағы түсініктері, ой–пікірлері ортаға салынып, жүргізуші барлық алынған мәліметті саралап, бір ортақ түсінік қалыптасуы үшін «сұрақ–жауап» ойындарын жүргізді.  Іс–шараның негізгі бөлімінде әңгіме мен мысал, түрлі деректер мен қызықты естеліктер -  танымдық мәні өте зор «Ғарышқа саяхат» атты көркем слайдына ұласты. Слайд баланың санасына жеңіл, қабылдауына оңай, есте сақтауы үшін түрлі–түсті суреттермен безендірілген. Балаларға арналып жасалғанымен, барлық адамға түсінікті, ең ұсақ нәрселерден бастап, ең көлемді тақырыпқа дейін  байқатпай ұғындырады. Алған ауызша мәліметті, толыққанды дерекпен, нақты суретпен толықтырып, санаға көркем түрде қонып алады.  Оқу залының тақырыпқа сай безендірілуіне, «Ғарышқа сапар» атты кітап көрмесін ұйымдастыруға, Ғарыш тақырыбына арналған кіші қалыпты мүсіндерді, түрлі макеттерді және т.б. құнды көрнекі құралдарды іріктеп, ұсынған, таныстырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізген «Тифлология» бөлімінің меңгерушісі Л.Абжаппарова болды. Жиын соңында балалар екі командаға бөлініп, викториналық сұрақтардың жауаптарын кезектесіп тауып отырды. Осылайша, кітапхана мамандарының ұйымдастыруымен өткізілген, танымдық мағынасы зор кезекті іс–шара өз мәресіне де жетті.

(Әдемі Бөрібекова  –  ОҚО арнайы кітапханасының кітапханасының қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы)

Іс-шара 9 сәуір 2015 ж. өтті

 

Жаңартылған 17.04.2015 10:24
 
«Наурыз нұры бақыт сыйласын!» (22-наурыз мейрамы) «Наурыз думан» байқауы (зағип жандар арасында әжелер сайысы) PDF Print E-mail
Жаңалықтар - Іс – шаралар мұрағаты
Авторлар: specbib   
03.04.2015 15:51

Өтетін уақыты: 21 наурыз, сағ 11-00.

Іс-шараның мақсаты: Ұлттық дәстүрді жанғырту аясында ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесіне арналған әжелер сайысын өткізіп рухани құндылықты дәріптеу.

 

Оңтүстік Қазақтстан облыстық арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханада ұлыстың ұлы күні 22 наурыз мерекесіне арналған кітапханамыздың тұрақты оқырмандарынан құралған әжелер байқауы болып өтті. Байқауда алдымен Ербек Бакиев мерекеге арналған жыр шумақтарын оқыды. Л.Абжаппарова кеш тізгінін қолға алып алғашқы сөз кезегін кітапхана директоры Б.Нұрманбетовке берді. Кітапхана басшысы келген оқырмандарға наурыз мерекелерімен құттықтап ақ тілегін арнады. Жүргізуші әжелер сайысына қазылық ететін әділқазылар алқасымен таныстырып сайысты бастап кетті. Әжелер сайысына кітапхана директорының орынбасары Л.Темірбаева, тұрақты оқырман Н.Жұмағұлов, кітапхана қызметкері С.Сейтказиева қазылық жасады. Сайысқа  бес әже қатысты

1) Айнашева Гүлнар Мұхтарқызы

2) Рахимова Рахат Зұлыпқарқызы

3) Таукелова Анаш Жүсіпқызы

4) Әйтек Зәуре Әбдіразаққызы

5) Юсупова Миіркүл Еркінбайқызы

Сайыс 5 бөлімнен тұрады. 1) Өзін - өзі таныстыру. 2) «Наурыз көже» үй тапсырмасы. 3) Атадан балаға қалған үлгі өнеге «Ырым тиымдарды атау». 4) Сұрақ- жауап, мақал-мәтел. 5)Ақ кимешектер сән үлгісі. Әжелер 5 сайыстан мүдірмей  өтіп жоғары денгейде өнер көрсетіп «Өнегелі ақ әже», «Тіл үйірер бал көже», «Мақал сөздің мәйегі», «Ұтқыр ойдың жүйрігі», «Көктем шуақ көңілге нұр» атты номинациялы дипломдар мен заттай және қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Қаржылай демеушілік көрсеткен Шымкент қалалық ОҚО кәсіпорын директоры М.Пірімжанов және заттай сыйлық жасаған кітапхана әкімшілігі. Байқау соңыда биыл 80 жасқа толып отырған Сайғана Мәдет әжемізды де құттықтап алғыс хатпен бағалы сыйлықтар табысталып, әсем әнге ұласып, наурыз көже таратылды. Үлкендер жағы бата - тілегін арнап, оқырмандар көктемгі ерекші көңіл күймен қуанып тарқасты.

 

 

 

 

 

 

 
«Жұмақ ананың табанының астында» (8 наурыз Халықаралық әйелдер күні) PDF Print E-mail
Жаңалықтар - Іс – шаралар мұрағаты
Авторлар: specbib   
12.03.2015 09:56

Оңтүстік Қазақстан облыстық арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханада 8 наурыз халықаралық аналар мен қыз келіншектерге арналған «Жұмақ ананың табынының астында» атты мәдени іс-шара, мерекелік кеш өтті. Кешті Э.Әбжаппар жүргізді. Алдымен сөз кітапхана басшысы Нұрманбетов Бәкір Әбдіұлы мен облыстық қазақ зағиптар қоғамының төрағасы Алтынбеков Нұрғали Әмірбекұлына берілді. Сөз алған ағалар келген оқырман қауымды, жалпы аналар мен қыз- келіншектерді келген көктем мерекесімен 8 наурыз мейрамымен құттықтап, ыстық ықыласқа толы лебіздері мен ақ тілегін арнады. Сөз соңында ҚСҚ басшысы Н.Алтынбеков залдағы отырған барша қыз - келіншектерге тарту – таралғы сыйлығын  тарту етті. Мерекелік кешке «Болашақ» колледжінің өнерлі жастары, «Байрақ» тобы мен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің талантты қыздары келіп оқырмандарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, әсем әндерін тарту етті. Кеш барысында аяулы арулар мен асыл жанды аналардың құрметіне жырдан шашу шашылып, көрермендерді көңілдендіретін халық әні «Ақжайнақ», «Қызыл өрік», «Счастье тебе, земля моя», «Бол жанымда» т.б. әндер шырқалып кейбір аналарымыз еріксіз билеп те алды. Кеш соңында келген өнерлі дарынды жастарға арнайы сыйлықтармен алғыс хаттар табысталды. Кешке қатысқан аналарымыз дән риза болып, өз алғыстарын білдіріп, жүздері жадырап тарасты.

(ОҚО арнайы кітапханасының қызмет көрсету бөлімі )

Іс-шара 4 наурыз 2015 ж. өтті

 

 

 

 
«Мың өліп, мың тірілген - қазағым» (Қазақ хандығының – 550 жылдығына орай) PDF Print E-mail
Жаңалықтар - Іс – шаралар мұрағаты
Авторлар: specbib   
13.02.2015 15:23

Биылғы жылы елімізде өте үлкен  іс-шаралар өткелі отыр. Соның ішінде, атап айтатын болсақ,  Қазақ  хандығының құрылғанына  550 жылдық мерейтойы. Осы орайда  Облыстық арнайы көзі көрмейтін  және әлсіз көретін  азаматтарға арналған кітапханасында  «Мың өліп, мың тірілген - қазағым» атты  үлкен ауқымды тарихи-танымдық  кеш  өтті. Тамырын тереңге жайған тарих беттерінен хабардар болғысы келген жастарымыз да, қарттарымыз да залға толып кетті. Іс-шараны кітапхана директорының орынбасары Л.Темірбаева  «Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды» деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, тарихымыз жайлы біраз мағлұматтармен ашып берді. Қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Н.Туяқбаева  мен кітапханашы Э.Әбжаппар  қазақ және орыс тілдерінде  қазақ хандығының құрылуы жайлы көпшілікке баяндап берді. Бабаларымыз «Жерұйық» жерді, құтты мекенді аңсап төрт құбыласы тең, қазығы берік, мамыражай тіршілігі бар мемлекет құруды, ішімен сырты бүтін мәңгілік ел болуды мұрат етті. Қайнар бастауын адамдық ізгіліктен, бейбітшіл көзқарастан, кіндік қаны тамған жерге адалдықтан алып жатқан ұлы мұрат, қазақ халқы басынан қаншама қилы заман кешсе де атадан – балаға, ұрпақтан – ұрпаққа бұлжымас аманат болып келеді. Бүгінгі Қазақстан осы сан ғасырлық мемлекеттілік қағидалары мен елдік ұстанымдардың заңды мұрагері. Ғасырлар тоғысында еркіндікті аңсаған ата – баба арманы жүзеге асып, егемендікке ие болдық. Осы тақырыпқа байланысты   кітапханамыздың ақпараттандыру орталығы дайындаған  Қасым хан және Тәуке хан жайлы бейнероликтер екі тілде көрсетілді. Залда «Қазақ хандығының 550 жылдығына » орай үлкен ауқымды көрме ұйымдастырылды. Көрмеге хандар жайлы түрлі сан алуан кітаптар қойылды. Атап айтсақ,  хандар жайлы  брайльша яғни нүктелі – бедерлі шрифтпен, «Қазақ хандығы: құрылуы, өрлеуі, құлдырауы» атты кітапхана студиясы үндендірген кітабы, хандар бейнесі тактильді сурет түрінде, билердің бейнелері кіші қалыпты мүсінде қойылды. Іс-шарамыздың екінші бөлімінде облыстық  Ж.Шанин атындағы драма театр  әртістері  Е. Шымырқұлов, С. Жақыпов,  Ұ. Артикбаев,  М. Нұралиев  өз өнерлерін көрсетті. Ата бабаларымыздың дау-дамай, бітім - келісімдерін әділ шеше білген үш биіміз Қазыбек, Төле,  Әйтеке билер және Абылай ханның  өмірлерінен үзінді көрініс көрсетті. Оқырмандар көріністен өте үлкен шынайы әсер алды. Арнайы кітапхана оқырмандары әртістердің шеберлігіне дән риза болды. Әртістердің өз рөлдерінде шебер ойнауының арқасында, өзімізді бағзы бір сол кезеңде өмір сүргендей сезіндік. Іс-шараны «ТVК», «Айғақ» телеарналары келіп түсірді. Кітапханамыздың белсенді  оқырмандары А.Тайтелиева өзінің әсем әнін оқырмандарымызға орындап берді. Кітапхана оқырмандарына  құрмет көрсетіп, ата - тегіміз жайлы «Халық қасиеті» атты әсем әнін Е.Темірбаев орындады.  Ж.Шанин атындағы драма театрдың белгілі әртісі  Е.Шымырқұлов ағамыз оқырмандардың сұрауы бойынша бірнеше ән орындап берді. Кеш соңында  кітапхана директоры Б. Нұрманбетов қонақтарға  алғысын  білдіріп, естелік кітаптар тарту етті. Іс - шара қызықты өте тартымды өтті.

(Эльмира Әбжаппар – ОҚО арнайы кітапханасының қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы)

Іс-шара 18 ақпан 2015 ж. өтті

 

 

 

 
«Сегіз қырлы бір сырлы азамат» (Қазақтың халық ақыны, жыраушы, Құлназар ақынның туғанына 155 жыл) PDF Print E-mail
Жаңалықтар - Іс – шаралар мұрағаты
Авторлар: specbib   
10.02.2015 10:20

Іс-шараның мақсаты: Оқырмандарды ұлы тұлғалардың өмірбаянымен шығармашылықтарымен таныстыру

Барлық аудандық кітапхана филиалдары мен пункттерінде, Қазақтың  халық ақыны, жыраушы, Құлназар ақынның туғанңына 155 жылдығына осыған орай  шығармашылық  кештер, сазды  кештер, ән-күй сағаты, кітап көрмесі, шолулар өтті. Оқырмандар ән-күй, жыр, терме,  ақындық айтыстар, әндер тыңдады. Біздің оқырмандарымыз негізінен мүгедек кісілерден тұратындықтан кітапханамызда әрдайым іс- шараларды ерекше өткізуге тырысамыз. Бұл жолы да атаулы күн ерекше қызықты да тартымды өтті. Іс-шараның тақырыбын «Сегіз қырлы бір сырлы » деп атадық.. Кітапханаға  әдеттегіден көп аға буын кісілер жиналды.

Үақыты: 5 ақпан, сағ 11-00.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Страница 8 из 15