04042024
Іс – шаралар

«INTERNATIONAL HEALTH DAY»

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының стационардан тыс қызмет көрсету секторының 7 сәуір Халықаралық Денсаулық күніне орай “Таза табиғат - Денсаулық кепілі” тақырыбында іс шара өтті.

Бұл шараға «Шымкент қаласының білім басқармасының мемлекеттік арнаулы (коррекциялық) №33 «Ақбота» балабақшасы» (көз көру функциялары ауыр және жеңіл бұзылған балаларға арналған)
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалары қатысты. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі.

Халқымыз «Дені саудың жаны сау» деп бекер айтпаған. Осы ұғымды балаларға жете түсіндіру жолында түрлі қызықты ойындар топқа бөлініп, l топ “Арнайы кітапхана”, llтоп “Ақбота бақшасы” болып дене қимылына арналған жаттығулар, ертегілер,бала қимылына арналған билер келісті де тартысты өтті. Екі топтың балалары да алғырлығын танытып, достық жеңіске жетіп, тәтті сыйлықтар тарту етілді.

Арнайы кітапханамыздың балаларға арналған залында түрлі түске боялған жихаздары мен кітаптары бала көңілін көтеріңкі етіп, өздерін еркін ұстауға септігін тигізіп, балалар кітапхананы қимастай кетіп тарасты.

 
03042024
Іс – шаралар

«КӨНЕГЕ ЗЕР САЛСАҚ - ӨНЕГЕ КӨП»

Мәдени-танымдық инклюзивті іс-шарасы

Арнайы кітапханада «Ғибрат» мәдени-демалыс клубының кезекті іс-шарасында қазақтың ұмытылып бара жатқан ырым-тиымдары мен салт-дәстүрін және соның ішінде: тақия, кимешек, сәукеле, қамшымен қазақтың қара домбырасын дәріптедік.
Іс-шара қазақтың ұлттық киімдерімен тактильді танысудан басталып,
одан соң ұлттық музыкалық аспаптармен сипап-сезу арқылы танысу және аспаптың шығу тарихын баяндап, сұрақ-жауап байқауын өткіздік.
Ықыласпен қатысқан оқырмандардың орындауындағы халық әндері мен билері - қазақ мәдениетінің сұлулығы мен тереңдігін барынша сезінуге мүмкіндік берді.

Ал дәстүрлі кездесудің шырайын ашқан клуб мүшелерінің авторлық өлеңдері көпшілікті ерекше тәнті етті.

Сонымен қатар қазақ аңыздары мен әңгімелері әлеміне еніп, олардың әрқайсысын тыңдап, талдадық.

Жалпы, бұл іс-шаралар әлеуметтік интеграцияға, шығармашылықты дамытуға және қоғамдастық рухын нығайтуға ықпал етеді.

«Ғибрат» клубы болашақта инклюзивті іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр, ол:

Театрландырылған қойылымдар: сюжет пен эмоцияны жеткізу үшін дыбыстар мен сипаттамаларды қолдана отырып, зағиптар мен нашар көретіндерге бейімделген қойылымдар. (Қала театрларымен бірлесіп)

«Ғибрат» клубы - тек көңіл көтеріп қана қоймай, білім мен тәжірибе алмасу үшін инклюзивті кеңістік құруға тырысады.

 

 
27032024
Іс – шаралар

«Жанарсызда өмірім жалғасады»

21 наурыз Дүниежүзілік поэзия күніне

Бүгін Шымкент қалалық арнайы кітапханада «Жанарсызда өмірім жалғасады» атты тағдырласымыз ақын, сазгер Айнұр Смандиярдың поэзиялық кеші болып өтті. Кеш барысында А. Смандиярдың оқырмандарымыз өлеңдерін оқып, ақынның сөзіне жазылған әндерін орындады. Дүниежүзілік поэзия күні тұңғыш рет ЮНЕСКО-ның штаб пәтері орналасқан Парижде атап өтілді. Поэзия – қасиетті ұғым. Поэзия – сезім патшалығы. Сол патшалықтың қақпасынан ақындар ғана еркін кіріп, оның гүлденіп, дамуына барын салады. Ақтөбе қаласынан да тағдырластарымыз жас ақын Мұқамедқазиев Аманжол «Асыл жарым» өлеңін жолдады. Орал қаласынан жас ақын тағдырласымыз Шымкент қаласының арнайы кітапхана оқырмандарын Поэзия күнімен құттықтап «Мұңданбаймын» атты өлең жолдарын жолдады.  Кеш қонағы жас ақын А. Смандиярдың өнеріне тәнті болған кітапхана оқырмандары ақ баталарын беріп, ҚСҚ Шымкент қалалық филиалының төрағасы Пірімжанов Марат Аханұлы алғыс хатпен марапаттап, кеш қонағына сый-сияпатын берді. Кеш соңында Айнұр Смандияр жастайынан шығармашылығының дамуына қолдау көрсеткен Арнайы кітапхана ұжымына өз алғысын шексіз ризашылығын білдіріп, шығармашылық жолында әрдайым қолдау көрсеткен Абжаппарова Ләззәт Ақылбайқызына өз атынан алғыс хатын ұсынып, шын жүректен сый-сияпатын берді. Кешке қатысқан барлық жан керемет көңіл күйге бөленіп, көңілді тарасты.

 
04032024
Іс – шаралар

Гүлді көктем басталады наурыздан!

«Тағдырластар» клубының наурыз айындағы кездесуі

Бүгін Шымкент қалалық арнайы кітапханада «Тағдырластар» клубының кезекті басқосуы «Гүлді көктем басталады наурыздан» атты мерекелік кеш болып өтті. Мерекелік кеш 8 наурыз Халықаралық аналар, қыз-келіншектер күніне және 22 наурыз ұлыстың ұлы күні әз наурыз мерекесіне арналды. Кекште клуб мүшелерінен құралған талантты жігіттер нәзік жандарды мерекемен құттықтап, әсем ән мен ақ тілегін тарту етті. Кешті жүргізген клуб жетекшісі Ербек Бакиев барша қыз келіншектерді айтулы мерекемен құттықтап, мерекелік ойындар ұйымдастырып, түрлі сұрақтар жолдады.  Белсенділік танытқан жастар бағалы сыйлықтырмен марапатталып, түрлі номинацияларға ие болды. Кеш барысында Сабит Катишев және Қазақ зағиптар қоғамы ҚБ-нің Шымкент қалалық филиал төрағасы Марат Пірімжанов сөз сөйлеп жалынды жастарға ақ тілек арнады. Кимешектегі аналар ақ мол болсын деген ниетпен жиналған қауымға наурыз көже мен дәмді тоқаштар ұсынылды. Наурыз айында туылған оқырмандарға сый құрмет көрсетілді. Соның ішінде ұзақ жылдар бойы кітапхана оқырманы болған Уйсимбаева Перизат Қуанышбайқызын бүгін 5-ші наурызда туған күнімен мерейлі 50 жас мерекесімен құттықтап, арнайы алғысқа бөледі. Кешке қатысқан барлық жан керемет көңіл күйге бөленіп, сый-сиапатқа ие болып кеш соңында естелік суретке түсіп көңілді тарасты.

 
28022024
Іс – шаралар

В Шымкентской городской специальной библиотеке состоялся вечер, посвященный 65-летию писателя, историка, представителя Союза писателей Казахстана Шымкент, автора книг Момбека Абдиакимулы. Директор библиотеки Нурманбетова Бакир Абдиулы открыл вечер поздравительной речью и выразил наилучшие пожелания Момбеку Абдиакимулы.

Ведущий вечера Ербек Бакиев провел интервью с М.Абдиакимулы и представил специально подготовленную книжную выставку книг автора. Кроме того, вниманию читателей был представлен специальный видеоматериал, посвященный деятельности и творчеству писателя.

Учащиеся 12 класса школы-интерната «Умит» Шымкента Султан Маннатов, Жасузак Перизат и Жансая Нурберген приняли участие во встрече , прочитали стихи.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Страница 10 из 40