Іс – шаралар мұрағаты
«Терең ойлы, қаламы жүйрік тұлға» (Жазушы Н.Ораздың туғанына 55 жыл) PDF Print E-mail
Жаңалықтар - Іс – шаралар мұрағаты
Авторлар: specbib   
03.09.2015 14:41

Өткен уақыты: 9 қыркүйек , сағ 11-00.

Іс-шараның мақсаты: жергілікті ақын жазушылардың шығармашылығы мен көркем әдебиеттерін насихаттау; оқырман қауымын кітапханаға қызықтыру және тарту.

Кітапханамызда әр аптаның сәрсенбі күні  түрлі қызықты іс-шаралар өтіп тұрады. Соның ішінде атап айтатын болсақ, жерлесіміз  белгілі ақын жазушы Нұрғали Ораз ағамыздың 55 жасқа толу мерейтойына орай «Терең ойлы, қаламы жүйрік тұлға» атты шығармашылық кеш өтті. Белгілі жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Нұрғали Ораз – қазақ әдебиетінің тарихын терең білетін ойлы жазушы. Жас кезінен Алматыдағы үлкен әдебиеттің ортасында жүрді. Түрлі баспалардың, журналдар мен газеттердің бас редакторы қызметін атқарған. Әңгімелері оқырманға өте жақын, бүгінгі замандастарымыздың ой-толғанысы, арман-мұраты, тіршілік-тынысы көркем тіл, айшықты бояулар арқылы көрініс тауып отырады. Жазушы шығармаларының оқырмандармен қызу әңгіме жүрді. Нұрғали Ораз шығармаларының әдетте тілі көркем, оқиғасы қызықты және айтар ойы анық болып келеді. Бүгінгі замандастарымыздың жан дүниесін толғандырып жүрген көкейкесті мәселелерді жан-жақты қозғап, ұтымды да ұрымтал диалогтар арқылы талқыға салып отыратындығымен құнды. Қаламгер қай тақырыпқа қалам тартса да, оқырман қауымның  жүрегіне жол тауып, әдеби ортада қызу талқыланып, жүрекжарды, түрлі пікірлердің жиі айтылып жататындығы да содан болса керек. Жазушының екі әңгімесінің желісі бойынша көркем фильм де түсірілген. Ол телеарналардан жиі көрсетіліп, көрермен қауымның ыстық ықыласына бөленген туынды болып шықты. Жазушының кітаптарынан  көлемді көрме ұйымдастырылды.  Кітапхана қорында бар жазушының жазық баспалы кітаптары қойылды.

 

 

 
«Абай әлемін жүрегіммен ұғындым» (Зағип оқырмандар арасындағы байқау) PDF Print E-mail
Жаңалықтар - Іс – шаралар мұрағаты
Авторлар: specbib   
02.09.2015 11:23

А.Құнанбаевтың 170 жылдығына орай облыстық арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапхана оқу залында 27 тамыз күні ауқымды іс-шара  өтті.

Шын хакім, сөзің асыл – баға жетпес
Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.
Қарадан хакім болған сендей жанның
Әлемнің құлағынан әні кетпес!
Парасатты болып туған,
Шыңғыстаудың Абайы
Ән мен жырын мұра қылған,
Сарыарқаның Абайы,
Нақылменен сана құйған,
Қазағымның Абайы,
Ақылменен дана болған
Бүкіл елдің Абайы.
Теңдесі жоқ асқар биік шыңымыз,
Ақ ниетті, әділетшіл шыңымыз,
Асыл қазына, ашылмаған сырымыз.
Таусылмайтын мәңгі бақи жырымыз!

- Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы, Өлмей тұғын артында сөз қалдырған,»- деп төрелігін өзі шешкен Абай - бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де, бізбен бірге жасасып келеді. Ұлы атамыздың бізге берген еншісі, қалдырған аманаты – асыл сөздері, өлмейтін өлеңдері. Біз оны ардақтаймыз.  Аз өмір сүріп, азаппен өткен Абай бүгін бізбен мәңгі жасамақ. Абай атамыздың өлеңдері мен қара сөздеріне қарап қазіргі заман жастары үлгі өнеге алса,  болашақ еліміз мықты азаматтардың тізгінінде болар еді деп мақтана аламыз.

Қазақтың маңдайына біткен ұлы ақыны, қазақ әдебиетінің негізін қалаған, өзінің қара сөздерімен, даналығымен, тапқырлығымен, жалпы шығармашылығымен қазіргі күнге дейін бүкіл әлемге әйгілі де танымал болған Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Абай әлемі» атты І топ көз мүгедектерінің  арасында облыстық байқау болып өтті.     Байқаудың негізгі мақсаты зағип жандарды жарыстыру емес, ақынның шығармасын оқырмандарға насихаттау, осы байқау арқылы ақынның қара сөздерін, өлеңдерін, әндерін, аудармаларын мәнерлеп,  нақышына келтіріп орындау,  жүрекпен ұғыну.

Іс-шараға абайтанушы, доцент Тұрдыбай Қалдыбайұлы мен «Абай» атындағы қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі директорының орынбасары Ендібаева Гүлнар Қамбарбекқызы арнайы шақырылды.

Кешімізді ашып берген Тұрдыбай аға оқырмандарға Абай туралы әңгімелеп, атқарылып жатқан іс-шараның маңыздылығына, ерекшелігіне тоқталып өтті. Шын мәнінде, Тұрдыбай ағаны таңқалдырған - зағип жандардың өнерге, поэзияға, жалпы кітапхана қабырғасында өтіп жатқан іс-шараларға деген олардың құлшыныстары, белсенділігі.

- Көзі ашық, көкірегі ояу адамдардың мына заманда кітапханаға кіріп, кітап оқып, оның іс-шарасына қатысуы қиындау,  - дейді доцент аға.

Байқауға қатысушылар кітапханамыздың аудандардан келген белсенді оқырмандары, І топ көз мүгедектері: Барлыбаев Жомарт (Төлеби),  Халматова Салтанат (Сайрам), Тайтелеева Ақжүніс (Шымкент), Смандияр Айнұр (Ордабасы), Оралбек Нұрлан (Төлеби)  болды.

Байқауға  абайтанушы, доцент ағамыз Тұрдыбай Қалдыбайұлы, Ендібаева Гүлнар Қамбарбекқызы, Темірбаева Ләззат Сағынбекқызы әділ қазылықтарын жасады. Байқауымыз 5 шарттан тұрды:

«Сәлем – сөздің атасы» (Байқауға қатысушылар өзін-өзі таныстырады), «Абай ойшыл» (Абай қара сөздерін нақышына келтіріп айту),

«Абайдың – ән маржаны» (Абайдың әндерін орындау, эстрадалық жанрда, түрлі аспаптардың сүйемелдеуімен),

Сұрақ-жауап (Абай шығармашылығынан сұрақтар,  Абайдың нақыл сөздері), «Қазақ өлеңінің ұлы атасы» (Абай өлеңдерін жатқа, нақышына келтіріп мәнерлеп оқу).

Кітапханамыздың белсенді оқырманы Смандияр Айнұр өзінің «Шалқыған шалқар шабытым» атты әнін оқырмандарға тарту етті.

Байқауға қатысушылар 5 сайыстан мүдірмей  өтіп, жоғары денгейде өнер көрсетіп «Қазыналы – қара сөз», «Талаптың мініп тұлпарын», «Жүйрік ойдың шебері», «Кемеңгер тұлға – Дана Абай», «Өлең сөздің патшасы» атты номинациялық дипломдармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Абай қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлға, ел қамын жақтаған жырау, жыршы, қазақтың дана да, дара ұлы ақыны екенін жас ұрпаққа, оқырманға жеткізуді мақсат еткен  кітапханашылар  «Кемеңгер тұлға – дана Абай» атты кең көлемді кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрме сөрелерінде дыбысталған, бедерлі-нүктелі және жазық баспалы әдебиеттер мен Абай атамыздың кіші қалыпты мүсіні қойылды.

Кеш тартымды да қызықты өтті. Оқырмандар шабытты, хош көңілмен тарқасты.

Облыстық арнайы кітапхана директорының орынбасары: Л.Темирбаева


 

 

 

 

 

 

 

 


 
«Қазақ жырының жезкиігі» (Ш. Қалдаяқовтың туғанына 85 жыл) PDF Print E-mail
Жаңалықтар - Іс – шаралар мұрағаты
Авторлар: specbib   
19.08.2015 10:55

Қазақ вальсінің құдіреті, белгілі композитор Шәмші Қалдаяқовтың 85 жасқа толған еске алу кешін  ОҚ облыстық арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханасында  қазақ және орыс тілдерінде тебіреніспен атап өттік. Қазақ халқында «Шәмші, Шәмшінің әні» десе ішкен асын жерге қоймайтын жан жоқ.

Кітапханашылар  О.Русинова және Л.Абжаппарова «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» деп Абай атамыз жайдан-жай айта салмаған шығар. Ән мен жанның өзара үйлесімінен  асқан ғажайып әлем бар ма екен?  Жан жүректі жылытатын да жұбататын да осынау сиқыр сазды,  тылсым назды, құпия құдіретті дүрия дүние емес пе? Осындай сөздермен композитор Шәмші Қалдаяқовтың өлеңге деген махаббатын  айтып өтті.

Адам жүрегін тебірентетін сезімдердің қайсысы болмасын – асыл ана, ардақты әке, мөлдір сезім, шынайы махаббат- осының бәрі  Шәмші әндерінің тақырыбы десек – артық айтқандық емес.

 

Шәмшіге айт,тағы бір таңдандырсын.

Жандандырсын жүректі,жандандырсын !

Мәңгілік махаббатын айта жүрер,

Мәңгілік  өлмейтұғын ән қалдырсын - дей келе, автордың өз өмірінің кезеңдерінен алынған  сазды өлең «Сыған серенадасы» әуені шырқалды.

Оқырмандар назарына  Шәмші Қалдаяқов ағамыздың туып өскен жері мен композитордың шығармашылығы жөнінде  екі тілде бейне роликтер көрсетілді. Жыл сайынғы өтетін Шәмші фестивалінің жүлделі орын иегері Ержан Темирбай композитордың әндерін  нақышына келтіріп орындап берді. «Үміт» мектеп интернатының түлегі, Республикалық «Жұлдызай» балалар байқауының 2 орын иегері, әнші және күйші  Орал Махамбет Шәмші ағамыздың әндерін оқырмандарға  ұсынды.

Шәмші Қалдаяқов жайлы түсірілген деректі фильмді оқырмандар аса назармен тамашалады. Оқу залында Шәмшіге  арналған кең көлемді кітаптар көрмесі  ұйымдастырылды.

Ш. Қалдаяқов – дарынды композитор және Қазақстанның халық әртісі. Оның шығармаларының тақырыптық, мазмұндық ауқымы кең. Шәмші шығармаларының қайсысын алмайық, олардың басты тақырыбы - елге, жерге, Отанға деген сүйіспеншілік. Оның әндері құлаққа жағымды, жүрекке жылы қабылданады.

Оқырмандар  Шәмшінің  әндері орындалғанда еріксіз қосылып, бірге шырқап отырды.

(Э. Әбжаппар – ОҚО арнайы кітапханасының қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы)

12 тамыз 2015 ж.

 

 

 
ОҚО бойынша «Бір өлке – бір кітап» акциясында таңдалған Т. Әлімқұловтың «Телқоңыр» әңгімесі PDF Print E-mail
Жаңалықтар - Іс – шаралар мұрағаты
Авторлар: specbib   
19.08.2015 10:29

Жыл сайын біздің елімізде және облысымызда  «Бір ел - бір кітап» деген атаумен акция жүргізіледі. Біздің облысымызда биылғы жылы «Бір өлке - бір кітап» акциясы аясында  жерлесіміз  Тәкен Әлімқұловтың «Телқоңыр» әңгімесі алынды. Осындай игі істерден тыс қалмайтын біздің ОҚО облыстық  арнайы көздері көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханасы  кезекті іс-шарасында  Тәкен ағамыздың  «Телқоңыр» шығармасын оқырмандармен өткізді. Оқу залында Тәкен ағамыздың кітаптары қойылған үлкен көрме ұйымдастырылды. Сонымен қатар көрмеге дыбысталған және үндендірілген кітаптар мен бедерлі-нүктелі кітаптары қойылды.

Жүргізуші Тәкен ағамыздың шығармашылығымен оқырмандарды жете таныстырып өтті. «Телқоңыр» әңгімесін  оқырмандар  сондай бір тебіреніспен ұйып тыңдады. Жазушының өмірде болып жатқан қарапайым оқиғалардан алынған көріністері адамның жанын тебірентіп жібереді.  Белгілі жазушы Тахауи Ахтанов айтып кеткендей Әлімқұлов әңгімелерінің қаһармандарының сарыжайлау, самал жел төскейдегі, көк балаусалы көл жағасындағы бейқам тірлігінің өзі неткен драма, деп ақынның жаны кереметтей суретші  екенін дәлелдейді. Тәкен Әлімқұлов ұлы Абай жайлы жазған «Жұмбақ жан» шығармасында  Абай - азамат, қайраткер, санаткер, ойшыл ақын. Ол өз заманының перзенті, тұстасы, ағасы, атасы. Ол өз дәуірінің күрескері деп атап өткен қылқалам шебері.

Іс-шара барысында Абай атамыздың өлеңдерін оқырманымыз Жапабаев Нұрлыбай ағамыз пианинода нақышымен орындап берді. Іс-шара музыкалық әуенмен әсерлі де қызықты болып өтті.

 

(Э. Әбжаппар – ОҚО арнайы кітапханасының қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы)

5 тамыз 2015 ж.

 

 

 

 

Жаңартылған 19.08.2015 16:05
 
«Дара тұлға» (Жазушы М.Байғұттың туғанына 70 жыл) PDF Print E-mail
Жаңалықтар - Іс – шаралар мұрағаты
Авторлар: specbib   
12.06.2015 09:50

Өтетін уақыты: 10 маусым, сағ 11-00.

Іс-шараның мақсаты: оңтүстік  жерінің әйгілі тұлғаларымен танысу, өлкеміздің жазушыларын кеңінен насихаттау, көркем және өлкелік  әдебиеттерді насихаттау.

ОҚО арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханада қазақ әдебиетінің көркейуіне көптеген кітаптарымен сүбелі үлес қосып жүрген қазақтың аяулы дара перзенті қарымды қаламгер, жалынды жазушы биыл 70 жасқа толып отырған  Мархабат Байғұт аға мен оқырмандар арасында әдеби сазды шығармашылық кездесу кеші өтті. Кеш тізгінін арнайы кітапхана қызметкері Ербек Бакиев жүргізді. Кеште алдымен жазушының өмірі мен шығармашылығы жүріп өткен жолдары мен еңбек еткен, атқарған қызметтері қалың оқырмандарға таныстырылып өтілді. «Мықтылығын мойындатқан қаламгер!!!» кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылған. Орыс тілінде де кітаптары мен еңбектері біршама айтылды. Кештің сәнін әсем әнімен кітапхана қызметкері Е.Амантаев Ержан Серікбаев ағамыздың әнімен кіргізді. Сонымен қатар, шығармашылық шарада жасы 80-ге таяған көнекөз қария, кітапхананың тұрақты оқырманы, батагөй ақсақал Тауасаров Күмісбек ата ағамызға ақ тілегін жолдап, батасын берді. Кеш аясында жазушы қаламгерге түрлі сұрақтар мен сырлы сұхбаттар жүргізілді. Айнұр Смандиярдың орындауында «Кездер-ай», «Шарықта, шалқар шабытым» сынды әсем әндер шырқалды. Кеште Мархабат ағамызға арналған Дүлат Исабеков, Байділдә Қонысбек, Әбілда Аймақ ағаларымыздың айтқан лебіздері де оқылып жатты. Іс-шарада  Мархабат аға сөз алып,  келген оқырмандарға рахметін айтып, қойылған сұрақтарға кеңінен ашылып, ағынан жарыла ақтарылып, сырларымен бөлісіп отырды. Жұртшылық сұранысымен кітапша боп шыққан «Бес асыл іс, бес дұшпан» атты шығармасын  өз қолтаңбасымен оқырмандарға сыйға тартты. Кеш соңында арнайы кітапхана басшысы  Нұрманбетов Бәкір Әбдіұлы сөз сөйлеп, жазушы қаламгер ел азаматы Мархабат Байғұт ағаға ақ тілек жолдап, қазақы дәстүр салтымен сый құрмет жасап үстіне шапан жауып жатса, сөзін сабақтастырып, кітапхана директоры орынбасары Ләззат Сағынбекқызы өз тілегін жолдап гүл шоқтарын тарту етті. Сөз соңында жас ақын Ербек Бакиев ағаға шығармашылық шабыт тілей отырып, жақында жарық көрген «Жас жаным құштар ақ таңға» атты кітабын тарту етіп, келген қонақ пен оқырмандарға үлкен алғыс білдірді. Келген оқырмандар қаламгер жазушымен естелік суретке түсіп, ерекше әсермен тарасты.

 

 

 

 

 

 

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Страница 5 из 15