Іс – шаралар мұрағаты
«Абылай хан - ерлік дәуірінің ерен тұлғасы» (Қазақ хандығының 550 жылдығына орай) PDF Print E-mail
Жаңалықтар - Іс – шаралар мұрағаты
Авторлар: specbib   
05.06.2015 09:56

Өтетін уақыты: 3 маусым, сағ 11-00.

Іс-шараның мақсаты: қоғамдық саяси әдебиеттер мен қазақ тарихын насихаттау, жастарды отанды сүюге, ұлтты құрметтеуге баулу.

Биылғы жыл мемлекет басшысы айтқандай, 2015 жыл тарихи кезеңдердің тоғысқан сәттерге толы жылы болып отыр. Соның ішінде қазақ халқының біртұтас мемлекет болып қалыптасу жолымен тәуелсіздікке жетудегі еркіндік жолының түп-тамыры осыдан         550 жыл бұрын құрылған қазақ хандығы болып табылады. Ғасырлар бойы сан қилы тауқыметті тартып, аумалы-төкпелі заманды басынан кешіріп бейбіт күнді арман еткен бабаларымыздың хандық жолындағы ерен ерлігін бүгінгі тәуелсіз елдің ұрпағы кең көлемде танып, кейінгі буынға насихаттауда. Оның бірден бір дәлелі «Абылай хан – ерлік дәуірінің ерен тұлғасы» атты  ОҚО арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханада үлкен іс-шара өтті. Алматы, Шымкент, Орал қалаларының арнайы кітапханалары арасында тікелей телекөпір болды. Телекөпірді өткізудегі негізгі мақсат қазақ хандығының 550 жылдығына арналды. Осыған орай, Алматы қаласының республикалық арнайы кітапхана ұжымы Қасым ханның өмірімен ерлігін таныстырып өтті.

Шымкент қаласының арнайы кітапхана қызметкерлері мен оқырмандары бұл іс-шараға қатысып,  Абылай ханның өмірдерегі мен өнегелі ерлігін кеңінен дәріптеп өтті. Іс-шараны кітапхана тифлобөлім меңгерушісі Абжаппарова Ләззат Ақылбайқызы жүргізді. Алдымен Хан Абылайдың өмір жолы мен атқарған ерен ерлігі жайында баяндады. Кеште одан әрі кітапхана директоры Нұрманбетов Бәкір Әбдіұлына сөз беріліп, келген оқырмандар мен тікелей байланыстағы әріптестерге 550 жылдық мерейтоймен құттықтап, ақ тілегін жолдады. Іс-шарада үш жүздің игі жақсылары жиналып, Абылайды хан сайлағалы тұрған сәтінде Бұхар жыраудың берген ақ батасы сахналанып, сомдалды. Іс-шара барысында кітапханамыздың белсенді оқырманы Темірбаев Ержанның орындауында «Халық қасиеті» атты патриоттық әнмен сабақтасты. Әннен оқырмандар ерекше әсер алды. Шараны жүргізуші Ләззат Ақылбайқызы келесі кезекті арнайы кітапхана қызметкері Ербек Бакиевке ұсынды. Е Бакиев өз шығармасынан қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қазақ хандары»  атты өлең жырын тарту етті. Кітапхана қызметкері Н.Баймұратова қазақ хандығының 550 жылдығына жарық көрген «брайлша», «сөйлейтін» кітаптармен таныстырып өтті.

Жиналған оқырман қауыммен тікелей телекөпірдегі әріптестер хан Абылай жайындағы мағлұматпен толық дерлік ақпараттанды.

Шараны одан әрі Орал қаласының арнайы кітапханасы алып, Әбілхайыр ханның өміртарихына зер салып, жасаған жұмыстары мен жорық шайқастарынан деректер келтірді. Ән шырқалып, тарих саласының маманы сөз сөйлеп, өз баяндамасын жасады.

Келген оқырмандар мен әріптес, замандас, кітапхана қызметкерлері өткен тарихтың қалың қойнауынан терең сыр ұғып, өтпелі кезеңдердің өр толқындарының куәгері болды.

Елдікпен ерлікті сабақтастырған осынау ұлан ғайыр даламызды жаудан сақтап, тыныштық пен ынтымақтастықты берік ұстанып, қандай қиын заман болса да, тәңірдің берген күшімен азаттыққа жету жолында бар күш-қайратын туған даласына арнаған қазақ хандарының ерлігі мен еңбегі, көрегенділік пен өнегелі істері ұрпақ жадында мәңгілік жаңғырып, есімдері тарих беттерінде сайрап, тақтасында алтын әріптерімен жазылып, сақталып тұрары ақиқат.

 

 

 

 

 

 
«Мөлдіреген жыр сезім» (Жазба ақындар жыр мүшайрасы) PDF Print E-mail
Жаңалықтар - Іс – шаралар мұрағаты
Авторлар: specbib   
19.05.2015 09:39

Іс-шараның мақсаты: мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылығын көпшілікке паш ету.

Оңтүстік Қазақстан облыстық арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханада ОҚО «Шалқар шабыт» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен және арнайы кітапхана және ОҚОЖҚҮ және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қолдауымен жалпы мүмкіндігі шектеулі жандар арасында облыстық «Мөлдіреген жыр сезім» атты жазба ақындардың жыр мүшайрасы болып өтті. Мүшайраны өткізудегі негізгі мақсат: мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылығын шыңдап, өмірге деген махаббатына мән кіргізіп өнерін өрістетіп, талабын  ұштап өлең жыр жазатын ақындардың тың туындыларын қоғам назарына ұсынып, көпшілікке паш ету болып табылады. Осыған орай өткен жыр мүшайраға облысымыздың 10 ауданынан 11 үміткер қатысып, берілген тақырыптарға өлеңдерін жолдады. 1- тақырып жеңістің 70 жылдығына арналса, 2 тақырып  «Өмірдің сүйемін әр күнін» атты өлең болатын және еркін тақырыпта қосымша жырлар қатыстырылды. 7 үміткер жүлделі орындарға ие болды. Кеш тізгінін, кешті  ұйымдастырушы аталмыш бірлестік төрайымы Ермаханова Мадина мен бірлестік төрайымының орынбасары арнайы кітапхана қызметкері Ербек Бакиев жүргізді. Алдымен бірлестіктің атқарған жұмыстарымен жеткен жетістіктерін көпшілікке таныстырып өтіп одан әрі мерекелік кешті ашып беру үшін қолдау көрсеткен арнайы кітапхана басшысы Нұрманбетов Бәкір Әбдіұлына сөз берілді. Кітапхана басшысы  қатысқан ақындарға шығармашылық табыс тілеп оқырмандарға әсерлі ойымен бөлісті. Кеш барысында әуезді әндер орындалып тамаша туындылар оқырман қауымның жүрегіне жол тартты. Мүшайраға қатысқан үміткерлер жеңістің 70 жылдығына және өмірге шексіз құштарлығынан туған жүректен шыққан тұнық сезімге толы жауһар жырларын оқыды. Ақындарға ерекше сый құрмет жасалып, арнайы орындармен қаржылай сыйлықтармен дипломдармен гүл шоқтары және ҚСҚ төрағасы Алтынбеков Нұрғали сөз алып жеңімпаздарды құттықтап Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауй кесенесі бейнеленген суреттерді тарту етті.

Мүшайраның жалғасы ОҚО «Шалқар шабыт» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің қолдауымен жарыққа шыққан жас ақын ОҚО арнайы кітапхана қызметкері Ербек Бакиевтың «Жас жаным құштар ақ таңға» атты  кітабының шығармашылық тұсаукесер кешіне ұласты. Кешті арнайы кітапхана директорының орынбасары Темірбаева Ләззат Сағынбекқызы жүргізді. Шығармашылық кеште жас ақынның жырлары оқылып, сөзіне жазылған әндерді Ермаханова Мадина, Төребай Нұржан, Смандияр Айнұр, Тайтелиева Ақжүніс сынды талантты әншілер өз нақышында орындады. Кеш соңында ақын сөз алып, жаңа жазылып сиясы әлі кеппеген «Өмір көші» атты тың туындысын оқырманға паш етіп, келген қонақтарға алғыс білдіріп, ақ тілегін жолдады. Кітапхана ұжымы ақынға лайық сый жасап бағалы заттай сый-сияпаттар тарту етті. Келген көрермен әдебиет айдынында халықтап, поэзия әлеміне терең бойлап өлең жыр мен әсем әндерден рухани зор азық алып, ерекше сезіммен толқып, мөлдіреген жыр сезімнің кәусарына қанып қайтты.

 

 

 

 

 
«Тұңғыш генерал – С.Рахимов» PDF Print E-mail
Жаңалықтар - Іс – шаралар мұрағаты
Авторлар: specbib   
14.05.2015 15:28

Өтетін уақыты: 13 мамыр, сағ 11-00.

Іс-шараның мақсаты: ардагерлерімізді құрметтеу және оларды білу мақсатында үгіт насихат жүргізу, соғыс туралы әдебиеттерді насихаттау.

Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесін еліміздің барлық өлкелерінде қошеметпен атап өтудеміз. Қан майданда азаттық жолында өз жандарын құрбан еткен ардақты ардагерлеріміз жыл сайын арамыздан сиреп барады. Сондай ұлы қайталанбас тұлғалардың бірі қазақтың тұңғыш генералдарының бірі, біздің жерлесіміз, Оңтүстік тумасы киелі Қазығұртта туып өскен генерал Сабыр Омарқұлұлы Рахимов. Осынау ұлан ғайыр даланы бар жан тәнімен ел үшін қанын қиып, жанын берген батыр баба ерлігін кейінгі ұрпаққа насихаттау аясында ОҚО арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханада «Тұңғыш генерал – Рахимов» атты іс-шара болып өтті. Шара аясында Сабыр Рахимовтың ерен ерлігі мен өмір тарихынан сыр шертетін деректі фильмдер мен бейне жазбалар көрсетіліп, естелік әңгімелер айтылды. Кең көлемді екі тілде кітап көрмесі ұйымдастырылды. 43 жыл өмірінде қыруар еңбек атқарған соғыс даласында жауға жүректілігімен, біліктілігімен, сауатты басшылығымен, қажырлы күш-қайратымен аянбай тер төгіп, қазақтан шыққан тұңғыш генерал атанып, ерлікпен 1945 жылы наурыздың 26 жұлдызында жеңіс күніне бір жарым ай қалғанша шайқасып, Польшада Данциг қазіргі  Гданцк қаласында қаза тапқан. Сүйегі Ташкенттегі бауырластар зиратына қойылған. Батырдың жүріп өткен жолы мен жеткен жетістіктері, атақ-данқтары мен атқарған еңбектерін кітапхана қызметкерлері көрермен қауымға тұтастай таныстырып жеткізді. Қазақ халқының ел үшін туған дара батырлары қаншалықты кең көлемде дәріптеліп, ұлт жүрегімен ұрпақ санасына сіңірілсе соншалықты ұлт жадында сақталып, өміршең мұра болып қала бермек. Кітапхана оқырмандары осындай ұлы тұлға, атақты тұңғыш генерал Сабыр Рахимовпен кеңінен танысып, түрлі фотосуреттерін көріп, ердің ерлігіне тәнті болып, әр қазақтың баласы осындай ержүрек, Отанға деген махаббаты берік болсын деген тілектерін ақтарып, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған 14.05.2015 15:40
 
«Живу и помню» (Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына орай) PDF Print E-mail
Жаңалықтар - Іс – шаралар мұрағаты
Авторлар: specbib   
08.05.2015 16:14

Өтетін уақыты: 6 мамыр, сағ 11-00.

Іс-шараның мақсаты: Отанға деген патриоттық сана-сезімді насихаттап, соғыс және тыл ардагерлерін аялап құрметтеуге және қай ел болса да халықтар бірлігі мен татулығын сақтай білуге тәрбиелеу болды.

 

6 мамыр күні ОҚО арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханасында Қазақстан, Ресей, Беларуссия мемлекеттерінің 9 облысының (Шымкент, Алматы, Гомель, Волгоград, Херсон, Курск, Белгород, Ростов, Воронеж) зағип азаматтарға арналған арнайы кітапханаларының қатысуымен тікелей байланыста телекөпір болып өтті.

Бағдарлама Ресей мемлекетінің уақытымен сағат 10-00 де, жергілікті уақытпен 13:00 де басталды. Телекөпір: Ұлы Жеңістің 70-жылдық мерекесіне орай соғыс жылдарында аянбай еңбек етіп, жандарын құрбан етіп, келер ұрпақтың кемел келешегі үшін бейбітшілік жолында күрескен батырлардың ерлігін дәріптейтін, бабаларға арнап шығарылған «Живу и помню» атты кітабының тұсаукесері аясында болды. Телекөпірде арнайы кітапханалар басшылары және «Живу и помню» кітабына соғыс ардагерлерінің өз дауыстарымен жазылған естеліктеріне байланысты сол ардагерлер,  сөз сөйледі. ОҚО арнайы кітапханасында А.Власов, В.Холодова еңбек, тыл ардагерлері және де соғыс жылында өмірге келген В.Качан қонақта болды. Кітапхана қызметкері О.Русинова кешті жүргізіп баршаны  Жеңіс күнімен құттықтап, ардагерлерге сөз кезегін берді.

Қариялар келер ұрпаққа бейбіт заманның тыныштығын тілеп, ақ бата мен жүрекжарды тілектерін жолдады. Сонымен бірге кітапхана директоры Б.Нұрманбетов ардагерлерді  мерекемен құттықтап ерен ерліктеріне шексіз алғысын білдіре отырып «Дорогие мои старики» атты әсем әнмен сабақтастырды. Халықаралық телекөпір байланысынан кейін Отан үшін от кешкен ардагерлер, шексіз ризашылығымен алғыстарын білдіріп жас ұрпаққа жақсылықпен амандық тілеп, еріксіз жанарларына жас алып қуаныштарын жасырмады. Облыстық арнайы кітапхана қызметкерлері ардагерлермен естелік суретке түсіп, ұзақ өмір, қажымас қайрат, зор денсаулық тілеп арнайы гүл шоқтарымен сый сияпаттарын тарту етті.

Өмір белестерінде өлшеусіз үлес қосқан, Отан жолында жан тәнімен аянбай жанын қиған, батыр бабалар есімі мәңгілік ел жадында сақталып, тарих тақтасында алтын әріптермен жарқырап жазылып қала бермек. Арада талай уақыт өтсе де ер еңбегі Отан алдында ұрпақ санасында жаңғырып қала бермек.

 

 

 

 

 
«Ерліктер, бағаланған күн» (9 мамыр Жеңіс күні) PDF Print E-mail
Жаңалықтар - Іс – шаралар мұрағаты
Авторлар: specbib   
30.04.2015 15:23

Өтетін уақыты: 29 сәуір, сағ 11-00.

Іс-шараның мақсаты: соғыстың 70-жылдық мерекесіне орай жастарымызды ұлтжандылыққа баулу, Отанды сүюге,  үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу.

 

Ұлы Жеңістің 70-жылдық мерекесін тойлауымызға санаулы ғана күндер қалды. Осы орайда Отан алдындағы борышын ақтап, қанды қырғын соғысты тұншықтырып, ұрпағына шексіз бақыт әкелген ардагерлерімізбен  кітапханамызда арнайы кездесу болып өтті.

Армысыңдар, ағалар, от кешкендер!

Ақ тәндерін боршалап оқ тескендер.

Армысыңдар, ағалар, ардагерлер!

Ар сыналған жылдарда от кешкендер-дей келе бүгінгі Ұлы Жеңістің 70-жылдығы қарсаңындағы кешімізге соғыстың от жалынынан өтіп, өліммен бетпе-бет кездесіп, адамзат қасіретін көзімен көріп елге аман оралып, бізге бейбіт те шаттық өмір сыйлаған, ардагер Құдайберген Тұңғышбаев атамыз бен тыл ардагері Малюкина Анна Климентьевна қатысты. Сондай-ақ, облыстық Ауған және жергілікті соғыс ардагерлері төрағасының орынбасары С.Меңдіғұлов және Ауған соғысының ардагері А.Өтелбаев ардагерлерімізге алғысын білдіріп, сонымен қатар, Ауған соғысының ардагері, облыстық зағиптар кітапханасының  директоры Б.Нұрманбетовке, Ресей Одағы Ауған соғысы  ардагерлерінің қоғамдық кәсіпорнының төрағасы 40-шы  армия генерал майоры В.Ф.Ермаковтың қолы қойылған куәлігі мен  «Участник боевых действий» медалін құрметпен тапсырды.

Кездесу барысында ардагерлеріміз өздерінің сұм соғыс жайлы естеліктерін үлкен толғаныспен, жүрекжарды әңгімелері мен  терең баяндап берді. Қаншама адамды жалмаған сұм соғыс жайлы еске алулар еріксіз оқырмандардың көзіне жас алдырды. Іс-шараға «Үміт » мектеп-интернатының әлсіз көретін оқушылары белсенді  ат салысты. Интернаттың  «Сұңқар» домбырашылар тобы «Ерке сылқым» күйін орындады. Кітапхана директоры орындаған «Катюша»-әніне ормандардың бәрі қосылып бірге шырқады. Сұрапыл соғыста қаза тапқан майдангер жауынгерлерімізді бір минут үнсіздікпен еске алып құрмет көрсетілді.

Осы интернаттың жас оқушысы Жарқынбек Төлеген соғыс жайлы шығарған «Ұлы Жеңіс» өлеңін ардагер аталарымыздың алдында зор мақтанышпен оқып берді. Мектеп-интернаттың оқушыларынан құрылған «Самғау» тобының орындауында шырқалған «Ана» туралы  және «Ямайка» әндері  оқырмандарды керемет бұлбұлдай дауыстары мен таң қалдырды. Кітапхана директорының орынбасары Л.Темірбева ардагер ата апаларымызға басын иіп, алғысын білдірді. Ардагерлер кітапхана атынан гүл шоқтары мен сыйлықтарға ие болды. Кездесу соңында кітапхана директоры Б.Нұрманбетовтың орындауында «День Победы» әні шырқалды. Ардагерлермен кездесу кеші есте қаларлықтай өте танымды өтті.  Қайта сайланған елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен бірге Мәңгілік елге айналайық, елімізде тыныштық, береке, ынтымақ мол

болсын.

 

 

 

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Страница 6 из 15